Дайындаған: Кайбракманова Б



бет3/5
Дата16.05.2023
өлшемі154,76 Kb.
#93617
1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨЖ №2

3. Фотосинтездік аппарат
Фотосинтез аппаратының негізі – клетка ішіндегі органелла-хлоропластар (көк жапырақ клеткасында 20-100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат – клетка ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. өсімдік фотосинтез процесінің негізі – тотығутотықсыздану. Мұнда квант энергиясы әсерінен 4 электрон мен протон су дәрежесінен (оның тотығуы) углевод дәрежесіне дейін көтеріледі. (СО2-ның тотықсыздануы). Сөйтіп углеводтар фотосинтезі былай өтеді: СО2+Н2О С(Н2О)+О2+120 ккал/моль яғни СО2- ның бір молекуласының углевод дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос энергиясы 120 ккал/моль болады. Демек, өсімдік фотосинтезі кезінде кем дегенде 3 квант («қызыл» кванттар энергиясы 40 ккал/моль) сіңірілуі қажет. әр түрлі жағдайда жасалған тәжірибе СО2-ның әр молекуласының тотықсыздануына 8–10 квант қажет екенін көрсетті. Көмірқышқыл газ да, су да, жарықты тікелей сіңірмейді, бұл қосылыстардың квантпен байланысқа түсуін хлоропласт не хроматофор структурасындағы хлорофилл а қамтамасыз етеді. Фотосинтездің биосферадағы маңызы да үлкен. Жер жүзіндеге, мысалы, көміртек, суттек, оттек, сондай-ақ N, S, P, Mg, Ca т.б. элементтер айналымы процесіне қатысы бар. Жер қалыптасқаннан бері фотосинтез нәтижесінде маңызды элементтер мен заттар бірнеше мың рет толық цикл айналымынан өткен. өсімдік өнімін арттырудың бір жолы - өсімдіктің фотосинтездік әрекетін үдету. Бұл үшін жапырақ көлемін үлкейту, жапырақ тіршілігін ұзарту, егістіктегі өсімдік жиілігін реттеу керек. СО2, ауа, су, топырақтағы қоректік элементтер жеткілікті болуы қажет. Фотосинтез аппаратының активтілігі жапырақтың анатомиялық құрылысына, фермент жүйесі активтілігіне, көміртек метабализмі типіне байланысты болады. өсімдік селекциясының, яғни СО2 ассимиляциясы тез жүретін өсімдік сорттарын шығарудыңда үлкен маңызы бар. Фотосинтез. Өсімдіктердің көміртегімен қоректену типтері.
Фотосинтез, фотосинтездің жалпы теңдеу. Фотосинтездің ашылу тарихы және зерттелуі. К.А.Тимирязев жұмыстарының маңызы. Фотосинтездің космостық ролі, осы процесстің масштабы. Жапырақтың фотосинтез органы ретінде құрылысы. Көмір қышқыл газы диффузиясы жолындағы ішкі және сыртқы қарсылықтар. Хлоропласттар және олардың фотосинтез процесіндегі ролі. Жапырақ пигменттері. Пигменттер жарық қабылдауын қамтамасыз ететін зат екендігі. Пигменттерді бөлу әдістері. М.С.Цвет жұмыстары. Хлорофиллдер, олардың химиялық қасиеті. Хлоропласттардың хлорофиллдің күйі. Хлорофиллдің физикалық қасиеті. Флуоресценция. Хлорофиллдердің сіңіру (жұту) спектрлері.
Каротиноидтер, олардың химиялық құрылысы, сіңіру спектрлері, түзілу жағдайлары. Каротиноидтердің физиологиялық ролі. Фикобиллиндер, олардың химиялық құрылымы, сіңіру спектрлері. Фотосинтездердің энергиясы. Күн спектрінің әр түрлі бөліктеріне сипаттама. Күн спектрінің әр түрлі бөліктеріндегі фотосинтез процесінің маңызы. К.А.Тимирязев жұмыстары және басқа зерттеушілер. Фотосинтез процесіндегі кванттық шығын, фотосинтездің фотофизикалық этапы. Жарық кванттарын сіңіру және хлорофиллдің қозуы. Қозудың синглеттік және триплеттік деңгейлері. Қозу күйін дезактивизациялау мүмкіндігі. Қозу энергиясын тасымалдау. Реакциялық орталық және пигменттік система туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет