Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Дайындаған:Курманалина.А.Е
Тексерген: Жубатырова Б.Т
Әр бала үшін ең алғашқы мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.
Инклюзивті білім беру – мүгедек және дамуында сәл бұзығушылығы мен ауытқушылығы бар балаларды дені сау балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Кемістігі бар балаларды сау балалармен бірге оқыту бағдарламасын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми деректер бойынша білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілді. 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады, 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, арнайы тұтқалы парталар және үстелдер, басқа да компенсаторлық құралдармен жарықтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Осы жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
ұйымдастырулы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральді-психологиялық климат орнатуы керек. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады және балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал: жалпы мектепке арналған типтік оқу бағдарламасы, мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламасы, мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Әр оқушының білім алуда, оны қабылдауында өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі де әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық-түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін мектеп директоры, оқу тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, логопед мұғалім, педагог-психолог, дефектолог мұғалім, жетелеуші педагог, ЕДШ нұсқаушысы жұмыс атқарауы қажет. Психологиялық-педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс жасауы керек. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Оқушылармен арнайы сабақ кестесі бойынша түзету-дамыту жұмыстары мамандармен кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Оның ішінде сөйлеуінде кемістігі бар балалар – логопед маманмен, психикалық дамуы тежелген балалар – дефектолог және психолог маманымен және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бойынша кемістігі бар балалар – ЕДШ маманымен т.б. мамандар өз бейіндері бойынша жұмыс жасауы керек. Әр маман жүктемесіне, қажеттілігіне байланысты өз бағдарламасы бойынша әр оқушымен 20 минуттық жеке түзету-дамыту жұмыстарын жасайды. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диогностикалық бағыттың негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады. Диогностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Диогностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының деңгейін анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап, баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады.
Оқу жылының басында әрбір оқушыға немесе екі оқушыға бір жетелеуші мұғалім бекітіледі. Жетелеуші мұғалім баланың мамандармен жұмыс жасау
кестесін сол маманмен ақылдаса отырып жасайды және жыл бойы түзету жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жетелеуші мұғалім оқу процесі кезінде балаға түсіндіру, қайталау, жаза алмаса қолынан ұстап жазғызу жұмыстарын жүргізеді және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын оқушыға қажеттіліктерін өтеуге көмектеседі.
Инклюзивті білім берудің пайдасы оқушыларымыз өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге үйренеді. Басқа балалармен тең дәрежеде білім ала алады. Инклюзивті білім берудің даму мүмкіндігі шектеулі балаларға өздерінің қалыпты құрдастарымен бірге білім алып және тәрбиеленулеріне мүмкіндік береді. Бұл оқушылар негізгі пәндер бойынша білім алып қана қоймай, сонымен қатар мектеп бағдарламасындағы қосымша пәндерін дені сау құрдастарымен бірге оқуға мүмкіндік алады.
Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік-тұрмыстық өмірге бейімдеуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес, ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құштарлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз керек.
Сонымен инклюзивті оқыту бойынша балаларға педагогикалық-психологиялық қолдауды ұйымдастыру – барлық кемтар балаларға мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытады, балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімденуіне, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастырады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Білімдегі жаңалықтар Республикалық ақпаратты-әдістемелік журнал
№4, 2016 (55)
2. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020
жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Астана, 2010 ж.
3. МахамбетоваЖ.Д., Инклюзивті білім беру жағдайында даму
мүмкіндігі шектеулі оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы. Открытая школа 2013 ж. №7
4. Хакимжанова Г.Д., Айдарбекова А.А., «Обучение и воспитание детей с
особыми образательными потребностями в условиях массовой школы», Алматы, 2001 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |