Өткен тақырыпты еске түсіру үшін «Мозайка» әдісін қолданады.
«Мозайка» әдісі бойынша берілген суреттерді құрастырады. Суреттердің артқы бөлігінде көбейту кестесіне байланысты есептер жасырылған. Есептерді шығарып, суретті құрап шығады. Шыққан суретке байланысты өз ойларын айтады. Сол арқылы тақырып ашылады.
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі
Дыбыстың шығу тегіне қарай, қаттылығына қарай қалай бөлінетіндігін көрнекіліктер арқылы түсіндіреді. Қатты және бәсең дыбысқа аудио арқылы мысал келтіреді. Ережелерді қайталатады. Қатты және бәсең дыбысқа байланысты әр топқа тапсырма береді.
Кітаппен жұмыс жасайды. Ережелерді қайталайды. Топқа берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырманы топпен орындап, қорғайды.
Үй тапсырмасын орындау кезеңі
100 беттегі 6 тапсырманы тәжірибе жүзінде көрсетеді. Керекті құрал- жабдықтар: картон қорап, шыны, жұмсақ ойыншық, қаңылтыр қалбыр. Әр топтан бір оқушы шығарып, тәжірибеге қатыстырады.
Кітаппен жұмыс. 100 бет 6 тапсырма. Тапсырманы мұқият оқып шығады. Мұғалімнің тәжірибесіне зер салып қарайды. Тәжірибе нәтижесін дәптер бетіне түсіреді.
Іс- әрекетті бағалау кезеңі
«Білім заряды» әдісі (Бағалау)
Әр топқа берілген деңгейлік тапсырмаға байланысты найзағай (ток) беріп отырады.
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинаған білім зарядтарының саны арқылы анықтайды.
Күтілетін нәтиже: нені білді ? дыбыстың қандай болатынын біледі, қатты және бәсең дыбысқа мысал келтіріп үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді ? дыбыстың не екенін, табиғи және жасанды дыбысқа не жататындығын, қатты және бәсең дыбыстың қандай болатындығын біледі.
Меңгерген қандай дағдылары мен іскерліктерін қолданды ? қатты және бәсең дыбысқа байланысты алған білімдерін тәжірибеде қолданады.