Дала философиясының тілдегі көрінісі
Дәл қазір Қазақстан ХХІ ғасырдың табалдырығында үлкен таңдау алдында тұр. Сол себепті де тұңғыш перзидентіміздің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы дүйім жұрт үшін өзекті мәселелердің басын ашып көрсеткен маңызды жолдауға айналды. Елбасы мақаланың негізгі мәні ретінде «рухани» және «жаңғыру» деген екі лексикалық бірлікті шебер әрі ұтымды үйлестіре білген. Себебі, «мәдени», «әдеби», «ұлтық», «ділдік», «тілдік», «танымдық» деген ұғымдардың барлығы «рухани» деген бір ғана сөздің бойынан табылады. Ал «жаңғырудың» мәні жоқтан бар жасау немесе тақыр жерге егін салу еместігі баршаға түсінікті, керісінше «жаңғыру», яғни қанымызда, бойымызда, тарихымызда бар дүниені заман талабына сай қайта ұсыну, тіршілігімізге тағы да тірек ету. Ел көшбасшысының: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деген сөздері «Рухани жаңғыру» – ұлттық сананың жаңғыруы екенін тайға таба басқандай көрсетіп отыр. Ал сана, ұлттық таным, халықтық философия бірімен бірі ұштасып жатады.
«Дала философиясы» - «Дала» деген кезде сіздің және менің, яғни әрбір қазақтың көз алдына келетін дархандықтың дана халықтың танымындағы үлесі, сипаты.
«Дала» лексикалық бірлігін жіліктеп концепт ретінде қарастырсақ айналасына кеңдік, дархандық, пейіл, шексіздік, еркіндік, табиғат, сұлулық, қазақ деген ұлтымыз үшін құнды қаншама ұғымды топтастыратынын көре аламыз.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында бұл түсінік былайша атап өтіледі: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.
Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.»
Яғни Дала философиясы – қазақ философиясы – ал қазақ философиясы -Еуразияның кіндігі саналатын байтақ жерді мекендеген көшпенділердің кең тынысты философиясы, даналығының дара бейнесі.
Қазақ философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі, тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды.
Қазіргі таңда біз еш қысылмастан кеуде кере «қазақ филсофиясы» деп атау беріп отырған даналықтың үлгісі кезіндегі ұлт жанашырларының аққан терінің негізінде термин ретінде бекіп өз орнын алғанын біреу білсе, біреу білмейді.
«Қазақ философиясы» тақырыбын алғаш қарастырып назарға алған белгілі ғалым Ғарифолла Есім өзінің «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында өткен ғасырда көптеген белді зертеушілердің «қазақ философиясы деген жоқ, ұят болады» деп тыйып салғанына қарамастан, «Қазақ та, даналық жоқ па әлде философия жоқ па? Анықтап алайық. Даналық бар, бірақ сол даналықты жүйелеп, зерттеген философия жоқ шығар» деп көпке қарсы тұрғанын баян еткен болатын. Сондай-ақ академик қазақ философиясын Асан қайғы, Абай, Шәкәрім сынды ұлы тұлғалардың еңбектерімен, тұжырымдарымен ұштастыра қарастырған. Қазақтың аталған ғұламаларына дейін көп ғасыр бұрын қалыптасып, тіліміздің бөлінбес бөлшегіне айналған мақал-мәтел, тыйым сөз, тұрақты сөз тіркесі, халқымызға ғана тән тілдік бірліктер қазақы таным тамырын одан да тереңге жібергенін байқатады.
Ғарифолла ағамыз айтпақшы, «Немісше ойлау бар да, қазақша ойлау жоқ па? Егер біз қазақша ойламасақ, қазақтың лексикасы, қазақтың лексикасында тұрған дүниетанымды қайтеміз? Бізде «құт» деген ұғым бар. Осы ұғымда қазақтың дүниетанымы тұр емес пе? «Құтты субстанция дейміз, оның аттрибуттары береке, ырыс... «Тәңір » дейміз. Осындай сөздерімізде даналық тұрған жоқ па? Негізі қазақ философиясы тілде тұр, лексикада тұр. Мысалы, халқымыз «сабыр» дейді. «Сабыр түбі – сары алтын» дейді. «Сабырдың» орысшасы жоқ. «Тәубе» дейміз. Бұл сөздің де орысшасы жоқ. «Құт» та солай. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» орыс тілінде «Наука счастья» дейді. Ол «бақыт» деген сөз ғой. «Бақыт» басқа, «құт» басқа.
Қазақ сөзінің жөнін білетін адам ер балаға «бақытты бол» деп айтпайды. Бұл қыз балаға айтылатын сөз. Ертеңге біреуге келін болып түсетін қыздың бағы ашылсын деген тілек. Отбасының құты – ер адам. Отбасына бақ әкелуші – әйел адам. Отбасының қасиеттілігі осында. Мақалдап айтсақ: «Ер жігіттің белгісі: түзде – мырза, үйде – құт», сондай-ақ «Жақсы әйел – жігітке біткен бақ».
Философия ғылымдардың ішінде барша ілімнің басын біріктіріуші үлкен тұғыр іспеттес. Ал тіл сол философияны бізге жеткізуші, мұра етуші құрал, кеңістік. Кез келген халықтың ойлау жүйесін, тіршілігінің негізін, шаруашылығын, ұстанымдары мен заңдарын, құндылықтары мен тарихын білу үшін тілін бір сүзіп шығу керек. Сонда қолыңызға іліккен тілдік деректер тарих пен танымның ап-айқын көрінісі болып шыға келеді. З.Қабдолов осының барлығын бір ғана сөзбен: «Философия – әдебиеттің тереңі» деп керемет жеткізген болатын. Себебі әдебиет – тілдің көркем бейнесі, қазақ даналығының мол бөлігі де ауыз әдебиеті мұраларынан көрінеді.
Филсофияның ең негізгі ұғымы – таным, болмыс.
Өзіміз білетініміздей, таным - философияның антика дәуірінен бері зерттелініп келе жатқан, әрі бір халықтан бір халықты ажырататын, ерекшелейтін ұғым. Адамда қабілет туа бітеді немесе жүре келе қалыптасады. Ал таным дүние есігін жаңа ашқан шарананың айналасын көріп-біліп, түйсінуі негізінде дамитын, үздіксіз процестің нәтижесі. Алайда ген, қан деген мәселені де естен шығармау керек, әр баланың бойында ана сүтімен, әке қанымен дарыған ұлттық менталды ойлаудың, ділдің сигналдары болатыны даусыз. Ақпараттар ағынына аяқ шалынар заманда сол сигналды жақсартып барып қана санасы енді қалыптасып келе жатқан бүлдіршіннің бойындағы ұлттық ерекшелігін сақтап қала аламыз. Себебі бала нені бірінші қабылдаса, сол алғашқы дүние көкірегінде көпке дейін сайрап, санасында бекіп, танымында таңба қалдырады. Елбасымызша айтсақ, «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.»
Тіл арқылы көрністен сана қалыптасады. Тіл мен сана арасындағы сабақтастықты ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану ақылға салып ойла, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті –ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзегенін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Неміс ғалымы Л.Вейсгербер "Ғаламның тілдік бейнесі халықтың ғаламды танып-түйсіну тәсілі және болмыс туралы білімнің кодталу жолы арқылы түзіледі» деген.
Талқыланып отырған мақала авторы
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Деу арқылы адам факторына баса назар аударады. Антропоценристік тұрғыдан келетін болсақ философияның да негізгі зерттеу объектісі – адам, бұл бараша ғылымдарға ортақ . Тілші-ғалым Г.Смағұлова бұл хақында «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім-болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да өз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі болып сақталады» деген болатын. Біз тілге тиек етіп отырған елбасымыздың мақаласында да тұңғыш президентіміз «Жаңа замандағы – жаңа адам» қандай болу керектігі туралы нақты сипаттама беріп өтті. Ал «заманауи бәсекеге қабілетті адам» моделін тілдік бірліктер негізінде қазақ танымындағы «кемел адам» бейнесімен салыстырып қарастырайық. Оған бір ғана мысал ретінде мақал-мәтелдерімізде алуымызға әбден болады. Себебі белгілі ғалым, фольклортану ғылымының жұлдызы Мәлік Ғабдуллин «Мақалды тудырушы – еңбекші халық; ол халық даналығының алтын қазынасы» деген болатын:
Адам мәселесі:
Ағаш көркі – жапырақ.
Яғни байырғы қазақ танымында нағыз «адам» ол:
|