Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет212/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Мүшріктердің шешімі 
Мүшріктер пайғамбарымыздың қалың нөпірмен бірге келе жатқанын 
естіп қатал шешімге келген-ді: Мұхаммед пен оның жолдастарын Меккеге 
аттап басқызбау... 
Шешімді орындау үшін Халид ибн Уәлидтің қарамағына 200 атты 
әскер қосып жедел түрде «Қураул-Ғамим» деген жерде мұсылмандарды күтіп 
алуды жоспарлайды. Шайқас шыға қалса, көмек алуды көздеп Ахабиш 
тайпасына сый-сияпат беріп әлекке түседі. 
Мүшріктердің қастандық жоспарын Бүср ибн Суфиан Расулуллаһқа 
айтып келеді. Пайғамбар сардары Бүсрдің хабарын естігенде: 
"Өз обалдары өздеріне. Құрайыш өз көрін өзі қазды. Онсыз да соғыстан 
құр сүлдері қалып еді. Менімен өзге араб тайпаларының арасына от салмай-
ақ қойса қайтер еді. Мені жеңу - бар арман-мұраттары. Егер Аллаһ мені 
жеңдіретін болса, өздері де қаласа Исламға кірер еді. Бұлай жасамағанына 
қарағанда ұрысқа бел буған. Құрайыш мүшріктері өздерін мықты санайтын 
болса керек. Уаллаһи, Аллаһ мені осы дінді уағыздау үшін жіберді. Осы дін 
үстем болғанға дейін басым кеудемнен айрылғанша, олармен қырқысуға 
дайынмын!" - деді. 
Құрайыштардың шайқас әзірлігі пайғамбарды қатты қапаландырды. 
Бір-біріне қанды кегі бар кісілердің өзі соғысқа, қан төгуге зұлымдыққа тиым 
салынған қасиетті айларда бауырлас ағайындар сынды Қағбаны тауап ететін. 
(Бұл айларда арабтар соғыспаған). Мүшріктер бұған кедергі қоймайтын. 
Пайғамбарымыз бен асхабының қажылық зияратына қарсы шығып, 
шарпысуды ойластыруына жол болсын. 
Аллаһ Елшісінің мүбарак ниеті - тек қасиетті мекенді зиярат етіп, 
құрбан шалу ғана. Ақ ниетке көлеңке түсірер қақтығысты қаламады. Сол 
себепті Халид ибн Уәлидтің Ғамимде қарсы алдарынан арам пиғылмен 
шығарын естігеннен соң дереу асхабына: 
"Халид ибн Уәлид атты әскерімен бірге «Ғамимде» аңдып отыр. 
Шұғыл бағыт өзгерту керек, оңға бұрылыңыздар", - деп әмір берді. Халид 
ибн Уәлид мұсылман әскерін ұзақтан көріп, санын соғады. Әзірлігі жайына 
қалып, қалың құрайышты істің жай-жапсарынан хабардар етеді. 
Бар жайға қаныққан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әдеттегідей сахабаларымен 
кеңескенді мақұл көрді. Олар: 
"Аллаһ және Расулы бәрінен де жақсы біледі. Біз мұнда умра үшін 
келдік. Шайқасу ойымызда жоқ. Алайда ізгі ниетімізге тосқауыл қойылса, 


317
әлбетте, қарманбай қалмаспыз", - деп пікірлерін ашық айтты. Сахабалардың 
көзқарасына дән риза болған Пайғамбарымыз Мұхамммед (с.а.у.): 
"Олай болса, Аллаһтың атымен алға адымдаңдар", - деді. Муминдер 
асыл мұрат жолында ілгерілей түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет