Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет8/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Сәрсенбі Дәуітұлы 
Филология ғылымының докторы, 
Д.А.Қонаев атындағы университеттің 
профессоры, Жазушылар одағының мүшесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


10
Кітаптың бірінші басылымы жайында баспасөз бетінде жарияланған 
пікірлер 
«Адамзаттың асыл тәжі» кітабында пайғамбардың өмірі өте жатық
келісті тілмен баяндалғанын ерекше атап өткім келеді. Мұхаммед (с.ғ.с.) 
пайғамбардың өміріне қатысты, ислам жолындағы табанды күрестеріне 
байланысты тарихи деректерді мол келтіруімен кітап аса бағалы еңбек болып 
отыр. Туындыгер Құран Кәрімге қатысты көл-көсір еңбектерді ақыл-ой 
сүзгісінен өткізген. Әсіресе түркі тіліндегі шығармаларды ыждаһатпен 
оқығанын көреміз. Осы қос томдық еңбекте Мұхаммед пайғамбардың 
кемеңгер тұлғасы, адамгершілік болмысы, асыл қасиеттері, тұрмыс-тіршілік 
жолындағы істері, қимылдары жан-жақты суреттелген. 
Өз басым кітапты оқығанда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды көз 
алдымда жүргендей сезімге ие болдым. Мұхаммед пайғамбардың қою қара 
шашы, күмістей ақ маңдайы, нұр көзі, мүбәрак денесінің хош исі - бәрі-бәрі 
жадымда, жүрегімде. Тіпті Мұхаммед пайғамбардың ең соңғы «Ұлы Досқа» 
қауышамын деген асыл лебізін қазір естіп тұрғандаймын. Оқымысты 
қарындасымыз Дамира Алланың арыстанын мейлінше терең қабылдаған 
болуы керек, оқырманның жүрегін толғатып тебірентеді. 
Еңбектің танымдық, тарихылық және руханилық мәні өзгеше. 
Серік Негимов, 
Филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы 
Әлемдегі 100 ұлы адамды іріктегенде, ең бірінші орынды Мұхаммед 
(с.ғ.с.) пайғамбарымыз иеленіпті. Адамдардың пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) 
жайында қалам тербеген автордың бұл еңбегі үлкен ерлік. Ақиқаттың ақ 
жолымен жүрген пайғамбардың өмірін оқып отырып, оқырман мына өмірдің 
жалғандығын, не үшін өмір сүру керектігін түсінеді. Кітапта әділеттіліктің, 
адамгершілік қасиеттердің шынайы жазылғаны соншалық, бойыңда тек 
жақсы қасиеттердің, мінез-құлықтың қалыптасуына мән бере бастайсың. 
Әсіресе жүрегі Алла деп соққан жанға бұл кітаптың берері көп. 
«Адамзаттың асыл тәжі» адамдарды пайғамбардай көркем мінезді
жаны нәзік, сабырлы, мейірімді, жомарт, әділетті, шыншыл болуға 
тәрбиелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет