Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Пайғамбарымыздың немересі Хүсейіннің дүниеге келуі



Pdf көрінісі
бет188/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   273
Пайғамбарымыздың немересі Хүсейіннің дүниеге келуі 
Хижреттің төртінші жылы шабан айында Хазіреті Әли мен Хазіреті 
Фатиманың шаңырағында Аллаһ Елшісінің немересі Хүсейін дүниеге келді. 
Туылғанына жеті күн толғанда Аллаһ Расулы немересінің жолына 
құрбандыққа екі қошқар бауыздатты. Азан шақырып атын қойып, шашын 
алдырады. 
Үлкен немересі Хасан сияқты Хүсейін де Пайғамбарымызға қатты 
ұқсайтын. Пайғамбарлар Сұлтаны әрдайым дұғасында: 
"Аллаһым! Мен бұларды (немерелерімді) жақсы көремін. Сен де 
сүйгейсің"- дейтін болған. 
Бірде сахаба Әюб әл-Әнсари пайғамбарымызбен жүздесуге келгенде 
Расулаллаһтың екі немересін ойнатып отырғанының үстінен шығады. 
"Уа, Расулаллаһ! Сен осыларды өте жақсы көресің бе?"- деп сұрайды 
ол. Пайғамбарымыз оған: "Қалайша сүймеймін? Бұлар маған осы дүниеде 
иіскеуге бұйырған екі райханым ғой",- деп жауап береді. 
 


282
ХИЖРЕТТІҢ БЕСІНШІ ЖЫЛЫ 
XII ТАРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


283
М
УСТАЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ЖОРЫҚ 
Хижреттің бесінші жылы, шағбан айы. Хузаа тайпасының мусталық 
руының рубасы Харис ибн Әби Дырар сөзі өтетін айналадағы шашыранды 
арабтарды жинап Мәдинаға мұсылмандарға қарсы жорыққа дайындалып 
жатады. Бұл дайындық туралы хабар көп ұзамай Мәдинаға жетеді. 
Пайғамбарымыз ақпараттың дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін Бурайда ибн 
Хусайбал Әсламиді мусталықтар мекеніне барлауға жібереді. 
Хазіреті Бурайда жолға шықпас бұрын Пайғамбарымызбен жан-жақты 
кеңесіп, жауды күдіктендірмес үшін қажет болғанда шындыққа қайшы 
сөйлеуге рұқсат беріліп-берілмейтіндігін сұрады. Күмән туғызбау үшін және 
өзіне қауіп төнгендей болса жалған сөйлеуге пайғамбарымыз оған рұқсат 
береді. 
Хазіреті Бурайда мусталықтардың ауылына барып қатардағы біреу 
тәрізді: 
"Сендердің (пайғамбарға) ана адамға қарсы жорыққа жиналып 
жатқандарыңды естіп келемін. Мен де өз руымның сөз тыңдар жігіттерін 
ертіп саптарыңа қосылғым келеді. Олардың (мұсылмандардың) түп-
тамырымен көзін жойғанға шейін бірге күресейік!"- деді. 
Мұсталықтар башысы Харис ибн Әби Дырар: 
"Біз осы жолға аянбай дайындалудамыз, тезірек қосыл",-деді. 
Хазіреті Бурайда мән-жайды білген соң жігіттерімен бірге сайланып 
келетін болып кетеді. 
Шағбан айының екінші дүйсенбісі. Аллаһ Елшісі жеті жүз сарбазымен 
орнына имамдыққа Зәйд ибн Харисті тастап сапарға аттанды. Мужаһидтер 
сапына Айша мен Үммү Сәлама анамыз да қосылды. Армияда отыз шақты 
атты әскер болды. 
Ерекше тоқтала кететін жайт, мунафиқтар осы жорыққа айрықша 
жиналып әзірленген-ді. Ислам әскерлері қатарына қосылғандары да біршама. 
Олардың ішкі мақсаттары белгілі еді - түскен олжаға ортақтасу және 
мұсылмандар арасына бүлік салу. 
Мұсылмандар 
Мурайси 
құдығының 
басына 
келгенде 
жау 
тыңшыларының біреуі қолға түседі. Мұсылманшылықты қабылдауға наразы 
болған ол сол жерде өлтіріледі. 
Мұны естігенде мусталықтар шайқасты бастамай жатып шошып кетеді. 
Айналадан көмекке келген арабтар сапты тастап, бытырап тарай бастайды. 
Аллаһ Расулы бастаған сарбаздар Мурайси құдығы маңына теріден шатыр 
құрып, сонан соң сапқа тізіледі. Муһажирлер байрағын Әбу Бәкір Сыддық, 
әнсардікін Саад ибн Убада ұстайды. Хазіреті Омарға "Лә иләһа иллаллаһ деп 
мал-жандарыңды құтқарып қалыңдар" деп жар салып дұшпанды иманға 
шақыру міндеті жүктеледі. Мусталықтар, әрине, бұл шақыруды қабылдаған 
жоқ, керісінше бірінші боп оқ атып қақтығысты бастап жіберді. 
Қаһарман сахабалар қарап қалсын ба, олар да оқ жаудырды. 
Пайғамбарымыз баса көктей шабуылдауға әмір берді. Мусталықтардан сүт 
пісірім уақытта 10 адам өліп, қалғаны тұтқынға алынады. Ислам армиясынан 


284
бір сарбаз шейіт болады. Мусталықтардан 200-ге жуық тұтқын, ат, түйе, сиыр 
- малдай олжа алынады. Түскен олжаны принципті түрде бөлістірген соң, 
тұтқындар да үлеске беріледі. Мурайси құдығы басында жүзеге асуы себепті 
бұл жорық Мурайси жорығы деп аталады. 
Жорық біткен соң мужаһидтер Мурайси маңында бірнеше күн 
тынығады. Бұрын да айтылғандай, бұл жорыққа көп мунафиқ қатысады. 
Мәліметтерге жүгінсек, бұған дейінгі жорықтарда мунафиқтар саны 
мүншалықты көп болып көрген емес. Мақсаттары - қатарлары толыға түскен 
мұсылманның арасын қалайда бүзу, болмашы мүмкіндікті пайдаланып 
араздастыру еді... Қырғын болған күннің ертесіне мужаһидтер айналаны 
әбден барлап көз жеткізу әрі тынығу мақсатымен Мурайси маңынан айырыла 
қоймаған. 
Күтпеген жерден: "Уа, әнсарлар, көмекке келіңдер",- деген дауысқа 
бәрі елең ете қалады. Артынша "Уа, муһажирлер қайдасыңдар?"- дегенді 
естиді. Сөйтсе, Хазраж тайпасынан Синан ибн Уәбар мен Хазіреті Омардың 
Ғифар руынан жалдап алған атсейісі Шахжах құдық басында шелектердің 
ауысып кетуіне байланысты шекісіп қалған екен. Екеуінің ерегісін естіп 
әнсарлар мен муһажирлер сол жерге жиналып қалады. Енді болмаса 
ұрсысып, 
мұсылмандар 
бір-бірімен 
қырқыспақшы. 
Дәл 
уақытында 
Пайғамбарымыз келді де: 
"Надандық жайлаған кезеңдегідей түкке алғысыз нәрсеге бола 
ерегіскендерің не? Ескі әдетті ұстанғандар өзін-өзі тозаққа тастайды",- деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет