Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


МӘШҺҮР МҮШРІКТЕРДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет238/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

МӘШҺҮР МҮШРІКТЕРДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ 
Хижреттің сегізінші жылының сафар айы. Бұл жылды қызы Зейнептің 
қайғысымен қара жамылып қарсы алған Мұхаммедке (с.а.у.) және 
мұсылмандарға тағдыр тамаша тартуын әзірлеп үлгерді. Расулаллаһтың сары 
уайымын сейілткен оқиға Зейнеп өлімінен соң іле-шала жүзеге асты. 
Мүшріктердің әр салада атақты адамдары - саясатта шашасына шаң 
жұқтырмаған Амр ибн Ас, соғыс пен әскери тағылымда теңі табылмаған 
Халид 
ибн 
Уәлид 
және 
Осман 
ибн 
Талханың 
Мәдинаға 
келіп 
мұсылмандықты қабылдауы. 
Амр ибн Ас хижреттің жетінші жылында Хабашстанда иман келтіріп, 
онысын Нәжашиге білдірген-ді. Бұл жолы Расулаллаһпен жүзбе-жүз көрісіп, 
мұсылмандығын жария етуге ниеттенді. 


357
Нәжашидің уағызына иланып Аллаһ пен Расулаллаһқа куәлік айтқан 
Амр ибн Ас Аллаһ Расулымен кездескенше жаны жай таппай Мәдинаға бет 
түзеген... 
Дәл сол тұста бір-бірінен бейхабар екеу - Халид ибн Уәлид пен Осман 
ибн Талха Меккеден нұр шомған Мәдинаға сапар шегеді. Мақсаты ортақ 
үшеуі үш айрық жолдан келіп Хадда деген жерде кездесіп қалады. 
Амр ибн Ас Халид ибн Уәлидтен: "Уа, Сүлейменнің әкесі! Бағытың қай 
жақ? Мұратың не?" - деп сұрайды. 
Хазіреті Халид: "Жасыратын дәнеңе жоқ, ақ пен қараны ажырата 
алмасақ көр соқырдан айырмамыздың болмағаны. Мұхаммедтің (с.а.у.) хақ 
пайғамбар екендігіне шүбәм қалмады. 
Уаллаһи, мұсылмандықты қабылдағанымды Расулуллаһтың құзырында 
жария етуге кетіп барамын. 
Ақыл-есі бүтін адам мұнан былай Ислам сынды асыл несібеден көре 
көзге мақрұм қала алмас", - деді Халид ибн Уәлид. 
Үшеуінің де діттегені бір екені белгілі болған соң құшақтасып, 
қауқылдасып қалды. Тағдыр табыстырды деген осы шығар?! 
Бір кездері мұсылмандардың қанын төгуге бар күш-қайраттарын салып 
соғысқан, мүшріктердің арқа сүйеріне айналған, Ухудта Ислам әскерлерінің 
жеңіліс табуына себеп болған Халид ибн Уәлид пен Осман ибн Талха, 
"құрайыш тайлы-тұяғы қалмай мұсылмандықты қабылдаса да сенімімнен 
айныман" деп сірескен, пайғамбардың қас жауы, Расулаллаһты өлтірудің 
шытырман жоспарымен талай бас қатырған Амр ибн Ас өткен күндеріне 
өкініш білдіріп, үнжырғалары түскен. 
Осынау ғибратты көрініс адам атты ақыл иесін бір сәт ойландырса 
керек. Исламның күшпен, зорлықпен емес, көңілдің еркімен қабылданатын 
сырлы тылсым екенінің белгісі еді бұл. Білек күшінен тайсалмайтын 
баһадүрлерге ықтиярымен тізе бүктірген иманның қуаты. 
Зорлық-зомбылықпен, қорқытып-үркітумен үстемдікті қолға алуға 
болады, әрине, бірақ рухты әсерге бөлемеген биліктің ғұмыры қысқа болары 
хақ. Өшпес билік, өлмес үстемдік көзқарас, пікір және рухқа нәр беріп, жан 
азығымен қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асады. Исламның баяндылығы да 
осында. 
Алдымен Халид ибн Уәлид Пайғамбарымыздың қолын қос қолдап 
қысып, кәлимаға тілін келтірді. 
Аллаһ Елшісі Халидке: "Мен сенің ақылдылығыңа сырттай куә едім. 
Ерте ме, кеш пе жақсылыққа жаның құмартар деп үміттенетінмін", - деді. 
Халид өткен күндерде істеген қастандықтарын көз алдына елестетіп, 
пайғамбарға тік қарауға ұялып, қатты қысылды. Әлден уақытта: "Уа, 
Расулаллаһ! Саған қарсы шайқастың бәріне қатысқаным өзіңе де аян. Менің 
күнәларымды кешсін деп Аллаһқа мінәжат етсең, - деген тілегім бар", - деді 
қара терге түскен ол әрең сөйлеп. 
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Уа, Халид! Исламды жан-жүрегімен 
мойындаған адамның оған дейінгі күнәлары жойылып, тазарады, - деді де, - 
Аллаһым! Халидтің мүшрік кезіндегі күнәларын кеше гөр", - деп бата берді. 


358
Сол сәттен бастап Хазіреті Халид күш-жігерін Исламның таралуы, 
пайғамбарды қорғау, мұсылмандардың тыныштығын сақтау жолында 
жұмсайды. 
Екінші болып Осман ибн Талха иман келтірді. Ол Хазіреті 
Расулаллаһтың төртінші атасы Құсайдан тарайтын аталас туысы еді. 
Кезек Амр ибн Асқа келді. Құрайыш екендігін мақтан көріп, 
мұсылмандарға азап шектіргенде қылы қисаймайтын мүшріктердің мәшһүр 
саясаткері Амр бүгін бар өмірдің текке кеткенін ұғынып, бармағын 
шайнаған. Пайғамбарға қарауға дәті бармаған ол көзін жерден айырмады. 
Сотқар саясаткердің ішкі толғанысын айтқызбай ұққан пайғамбарлар 
сардары Мұхаммед (с.а.у.): 
"Уа, Амр! Болғаны-болып, бояуы сіңді. Ендігі өкініш пайдасыз. Ислам 
бұрынғы қате-кемшіліктеріңнен арылтады. Иманмен сусындасаң судан таза, 
сүттен ақ боп шығасың", - деп Амрды көңіліндегі күмәнді ойдан серпілтті. 
Ол: 
"Адамзат баласының ішінде мен үшін ең ұлысы әрі ең сүйіктісі 
Расулаллаһ" - деп, мойынсұнғандық білдірді. 
Нұрға толған көңілдердегі шаттықты сипаттап жатудың өзі артық. 
Араға жылдар салып Хазіреті Амр ибн Ас Расулаллаһтың бұйрығымен 
бірталай әскери бірліктерді басқарады. Көп жеңіске қол жеткізеді. Ең 
маңыздысы, Мысырды жаулап алуы. Ислам тарихында ол "Мысырды 
алушы" деген атпен танылады. 
Мәшһүр қолбасшы Хазіреті Амр ибн Ас: "Расулаллаһ Халид ибн Уәлид 
екеумізге мұсылмандықты қабылдаған сәттен бастап үлкен сенім артып, 
маңызды шаруалар тапсыратын. Асхабынан айырған кезі болған емес", - деп 
ризалықпен еске алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет