Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


СААД ИБН ӘБИ УАҚҚАС ТА - МҰСЫЛМАН



Pdf көрінісі
бет60/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

СААД ИБН ӘБИ УАҚҚАС ТА - МҰСЫЛМАН 
Саад ибн Әби Уаққас сол тұста он жеті жасар бозбала еді. Бір күні 
түсінде тас түнек қараңғыда адасып жүріп, кенеттен жап-жарық айдың 
туғанын көреді. Айдың сәулесін бетке алып, жолға түседі. Алдында Хазіреті 
Зәйд ибн Хариса, Хазіреті Әли және Хазіреті Әбу Бәкір кетіп барады екен. 
Оларды қуып жетіп: 
"Сіздер мұнда қашан келдіңіздер?" - деп сұрайды. Олар бірауыздан: 
"Біз де сенен сәл бұрын келдік", - деп жауап береді. 
Арадан үш күн өткен соң Хазіреті Әбу Бәкірмен ойда жоқта кездесіп, 
Исламият жайлы естиді. Өзіне беймәлім дүниенің қызығына берілген Әбу 
Уаққастың ұлы Саад Хазіреті Әбу Бәкірге еріп пайғамбарымызға барады. 
Мұхаммед те (с.а.у.) ақиқатты ақтарып, оны баурай түсті. Хазіреті Саад 
сол мезетте мұсылмандықты қабылдағанын жария етеді. 
Хазіреті Саадтың ата-тегі әкесі жағынан да, нағашы жағынан да 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) туыстас болып келеді. Екеуінің де анасы зухра 
руынан болғандықтан бір-біріне бөле. Осы себепті Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 
ылғи да: 
"Нағашың болса, Саадтай болсын" - деп жиі айтады екен. 


98
Алайда Хазіреті Саадтың мұсылмандықты қабылдауы анасы Хамнаға 
ұнамады. Ұлы аталарының дінінен безіп, аналарының ризалығынсыз басқа 
сенімді қабылдауы қалай?! Ұлына әрдайым сөзін тыңдатып келген Хамна 
қалайда Саадты пұтқа табындырып, өз дегенін жасатпақ болады. Осы 
ниетпен бір күні баласына: 
"Сенің Аллаһың "ата-анаға, туған-туысқанға жақсылық жаса, оларды 
ренжітпе" деп бұйырады дейсің. Өзің басқаша істейсің. Мұхаммедтің (с.а.у.) 
дінін тастап, пұттарымызға қайта оралып, бас имесең, мен аштық 
жариялаймын. Сонан соң сен өз анасының өліміне себепкер болған залым 
атанасың", - деді. 
Хазіреті Саад бұл күнге дейін анасының айтқанын екі етіп көрмеген. 
Бірақ анасының бұл жолғы тілегі тіпті орынсыз еді. Өйткені ол Аллаһқа иман 
келтіріп, елшісіне жан жүрегімен беріліп, не істесе де иман шеңберінде 
жасауға бекінген-ді. 
Анасына: 
"Анашым, күні бүгінге дейін тілазарлық жасамаппын. Мен ендігі жерде 
ақиқат әмірге мойынсұндым. Егер сенің жүз жаның болса, әрбіреуін 
Исламнан бездіру үшін құрбан етсең де, мен дінімнен қайтпаған болар ем. 
Себебі, мен үшін иман - ең қымбат қазына, ол кез келгенге бұйырмайтын 
сыбаға. Ал сен болсаң, қайдағы бір меңіреу пұттар үшін хақиқатты белінен 
басқың келеді. Бұл ойың жүз рет аштық жарияласаң да жүзеге аса қоймас. 
Айтқанымнан қайтпаймын десең, өзің біл", - деді. 
Ұлының дініне беріктігіне көзі әбден жеткен Хамна ана жеңілгенін 
мойындады. Бұл Хамнаның жеңілісі емес, иманның күпірден басым түсуінің 
көрінісі еді. 
Осы оқиғадан соң Аллаһ Тағала Анкабут сүресінің сегізінші аятын 
түсіріп, әдеп, ата-анаға құрмет мәселесінде мұсылмандық өлшемді белгіледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет