Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Ей, иман келтіргендер! Ішкілік, құмар ойындары, тас мүсіндер



Pdf көрінісі
бет189/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Ей, иман келтіргендер! Ішкілік, құмар ойындары, тас мүсіндер 
мен бал (ашу) шайтанның жағымсыз, жаман ісінен басқа ештеңе де емес.
Сол себептен бұлардан бойларыңды аулақ ұстаңдар, сонда ғана 
қорыққандарыңнан құтылып, үміттерің орындалады.
Шайтан ішкілік пен күмар арқылы араларыңа от салып, кек 
тастап, сендердің Аллаһты еске алып, ықыласпен намаз оқуларыңа 
кедергі болуға тырысады. Ендігәрі бұлардан бас тартасындар солай 
ма?"
Мұсылмандар бірауыздан: "Мұнан былай ішкілік пен құмар ойынынан 
баз кештік",- дейді. 
Бұл - ішкілікке тиымның үшінші басқышы еді. Сөйтіп ішкілік ішу 
күллі мұсылман баласы үшін харам есептеледі. 
Аяттан баршаны құлағдар ету үшін Расулаллаһтың әмірімен Мәдина 
көшелерінде: 
"Ішкіліктің арам екендігі мәлім болды, хабардар болыңыздар",- деп 
жар салынды.


280
Мұны естіген мұсылмандар үйлеріндегі ішкілік атаулыны далага 
төгіп, арамнан тезірек құтылуга асықты. Сол күндері Мәдина көшелері 
ішкілік селінен аяқ алып жүргісіз еді.
Реті келгенде осы мәселеге қатысты бірнеше хадисті де айта 
кетейік.
"Ішкілікке, оны жасаған кісіге, жасалған жерге, ішкізген адамга, 
ішкенге, көтеріп тасыганга, тасытқанга, сатқанга, сатып алушыга, одан 
түскен пайданы жеп-ішкен адамга Аллан (міндетті түрде) лағынет айтқан 
".
"Адамды мас қылатын нәрсенің бәрі - ішкілік және әрбір мас қылатын 
нәрсе - арам. "
"Кімде-кім дүниеде үнемі ішкілік ішіп, тәубесіне келмей өлер болса, 
ақыретте ол ақырет шәрбатынан құр қалады ".
"Ішкіліктен бойыңызды аулақ салыңыз, өйткені ол -жамандық 
атаулының кілті".
"Ішкілік - бүкіл арамдықтың, жамандықтың бастауы ".
"Мас қылатын нәрсенің көбі де азы да (тамшысы) арам ".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет