Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Әбдімүттәліптің ұлдарымен арасында болған әңгіме



Pdf көрінісі
бет22/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әбдімүттәліптің ұлдарымен арасында болған әңгіме
Әбдімүттәліптің ұлдары зіңгіттей жігіт болып ер жетеді. Аллаһқа 
берген антына адал болуды көксеген әке балаларының басын қосып, өткен 
өмірінен сыр шертеді, қиын да болса бауыр етіндей баласының біреуін 
құрбан ету қажеттігін баяндайды. Тәрбиелі ұлдардың ешбірі әкелеріне қарсы 
келместен, мәселенің мән-жайына қаныққан соң бұл іске разы болады. 
"Кімді құрбан ету жайын қалай шешеміз? Не істеу керек?" деп сұрайды 
балалары. 
Әбдімүттәліп көп ойланбастан: 
"Әрқайсысың бірер оқтарыңның үстіне аттарыңды жазып маған 
беріңдер" - деді. 
Ұлдар әке сөзін екі етпестен оқшантайларынан бір-бір оқ суырып алып, 
үстіне есімдерін жазып әкелеріне ұстатады. Әбдімүттәліп оқтарды ала 
салысымен Қағбаны бетке алып жүріп кетеді. 
Әбдімүттәліп Қағбаның қасына барғанша айналасына қалың көпшілік 
жиналып үлгерді. Жұрттың көзінен көкейіндегі ойды, таңғалысты байқамау 
мүмкін емес еді. Аллаһқа берген сөзінде тұру үшін Әбдімүттәліп ойланып 
жатпастан оқтарды жеребе тастаушыға ұсынды. Әрбір оқта он ұлының 
әрбіреуінің есімі жазулы. Жеребені тастаушы қай оқты суырып алса да 
Әбдімүттәліптің ет жүрегі езілері шындық еді. Өз қолыңмен өз балаңды 
құрбан ету дүниедегі ең ауыр сезім, ең қиын іс болса керек-ті. 
Қызметкер бір оқты суырып алды. Даусы жарықшақтана: "Абдуллаһ",- 
деді. 
Мейірімді әке өз құлағына өзі сенгісі келмеді, оқты жеребешінің 
қолынан көз ілеспес жылдамдықпен суырып алып мұқият жазуды оқып 
шықты. 
«Аб-дул-лаһ...» 
Көзі жасаурап, даусы дірілдеді. Ішін аласапыран бір сезім кернеді сол 
сәтте. "Жоқ, мүмкін емес!" деп айқайлап жібере жаздады. Алайда тез бойын 
тіктеп, Аллаһқа берген сертін есіне алып жігерін жаныды, мейірімін 
табандылығына жеңдірді. Ұлына қарап: 
"Ұлым Абдуллаһ! Аллаһ өзінің жолына құрбан етуге сені таңдады. Кез-
келгенге бұйыра бермейтін осындай құрметке тоғыз бауырыңның ішінде сені 
лайық көрді", - деді. 
Жиналған көпшілік те сапырылысып, дабырласып кетті. 
"Қалайша Абдуллаһ? Қалай ғана көз қиып құрбан етілмекші?.... " 
Әбдімүттәліп ет жүрегі езіліп тұрса да, ішін өртеген алай-дүлей сезімді 
тежей білді. Жанындай жақсы көретін ұлы - Абдулланың қолынан ұстап 
жеңін түрді. Абдуллаһ еш қарсылық көрсетпестен, айналасына қайраттана 
қарады, сол сәтте ол құдды ұлы бабасы Хазіреті Ысмайылдың тағдырға шын 
мойынсұнғандық қасиетін паш етіп тұрғандай еді. Ибраһим пайғамбардың 
баласы Ысмайылды құрбандыққа шалмақ болғанда шешуші мезетте көктен 
Аллаһ тарапынан құрбандық қошқардың түсірілуі сәтіндегідей жүзінен 
титтей де қарсылық, наразылық сезілмеді. 


31
Әбдімүттәліп бір қолымен жалт-жұлт еткен өткір пышақты, екінші 
қолымен баласының білегін ұстап тұрды. Құрбандық дайындығы бітті. Сол 
мезетте көпшілік арасынан айбарлы дауыс естілді. Құрайыштың ел басқарған 
тектілері келіп жеткен-ді. 
"Ей, Әбдімүттәліп, не істемек ойың бар?" - деді біреуі. 
Әбдімүттәліп нұр жүзді ұлына көзін қадай тұрып: 
"Ұлымды Жаратқанның жолына құрбандыққа шаламын", - деді. 
Жиналған жұрт тағы да жан-жақтан дабырлай сөйлеп кетті. 
"Ей, Әбдімүттәліп, мұның не? Сен Меккенің басшыларының бірісің. 
Сен бұлай етсең, ертеңгі күні жұрттың бәрі сенің істегеніңді қайталайды ғой. 
Әркім баласын құрбан ете берсе, ұрпағымыз қалай өсіп-өнбек? Мұны 
ойландың ба?" 
Наразылық, кейіс білдіргендер ұзақ шулап, тынышталмай қойды. 
Жиналғандардың бәрі Әбдімүттәліптің әрекетіне қарсылық білдірді. 
Әбдімүттәліптің ішкі сезімдері де бұл амалына наразы еді. Тек табандылығы, 
алған бетінен қайтпайтын қайсарлығы, сөзіндегі тұрақтылығы оны жақтай 
түсті. Жаратқан Аллаһқа ант еткендіктен, оны орындаудан басқа шарасы жоқ 
еді. Өйткені Тәңір оның тілегін қабыл етіп, он ұлды болғанды. Солардың 
біреуін Аллаһ жолына құрбан қылмаса, жақсылыққа қанағат етпеген боп 
шығар еді. 
Осылайша жұрт абдырап тұрғанда, ортаға Абдуллаһтың нағашы ағасы 
Абдуллаһ ибн Мұғира шықты. 
"Ей, Әбдімүттәліп! - деді ол гүрілдеген даусымен "Жаратқаннан 
ерекше жарлық келмеген болса құрбан ете алмайсың оны. Баланы аман алып 
қалу үшін бар мал-мүлкімізді беруге әзірміз". 
Әбдімүттәліптің де әкелік мейірімі тілге келгендей, Мұғираның 
ойымен келіскендей сыңай танытты. Сонда да болса қайсарлығы алған 
бетінен қайтпауға шақырып бақты. 
Құрайыштықтар мен қалған тоғыз ұлы Әбдімүттәліпке әбден 
жалбарынса да, оны көндіре алмаған соң мынадай бір ұсыныс айтылды. 
"Ей, Әбдімүттәліп! Олай болса, Абдуллаһты алып Шамға бар. Сонда 
бір білгір әйел бар. Соған жолық, басына қиындық туған жұрт ат арытып 
шартараптан әлгі әйелге баратын, соның кеңесін тыңдап қауіп-қатерден 
құтылатын көрінеді. Саған да көмектесер" - дейді. 
Әбдімүттәліп бұл айтылғанды құп алады. Абдулланы ертіп Шамға 
сапар шегеді. Мәдинаға келгенде бұл білгір әйелдің Хайбарда екенін естиді 
де, солай қарай жол тартады. Аррафа есімді білгірмен кездесіп, бар болған 
жағдайды бүге-шігесіне дейін ақтарып, одан жәрдем сұрайды. 
Әйел Әбдімүттәліптен: 
"Сендердің дәстүрлерің бойынша бір адамның құны неге тең?" - деп 
сұрайды. "Он түйеге ", - дейді Әбдімүттәліп. 
"Олай болса, еліңе барып он түйе дайында, сол түйені айдап, ұлыңды 
жаныңа ертіп жеребе тартқан алаңға қайтып барыңдар. Жануарлар мен 
ұлыңның екі арасында тұрып тағы да оқтармен жеребе тартыңдар. Жеребе 
балаңа шықса, қашан түйелерге түскенге дейін қайта-қайта тастай бер. Балаға 


32
шыққан сайын түйелердің санын онға арттырып отыр. Ақыры түйелерге 
түскен кезде оларды сол жерде бауыздап құрбан етіңдер. Осылайша әрі 
Раббыңның ырзалығын аларсың, әрі балаңды құтқарып қаларсың." 
Бұл білгір әйелдің ақылына разы болған Әбдімүттәліптің қуанышында 
шек болмайды. Уақыт оздырмай Меккеге оралады. Әбдімүттәліптің отбасы 
да, Мекке халқы да бұл сүйіншілі хабарға қатты қуанады. 
Ертеңіне Әбдімүттәліп Абдуллаһын ертіп, он түйесін алдына салып 
Қағбаға келеді. Әйелдің айтқанын бұлжытпай орындайды. 
Әбдімүттәліп жеребе тастаушыға: 
"Ал, баста!" - деп бұйырады. 
Жеребе Абдуллаһқа шығады. Түйе саны жиырмаға жетеді. Тағы да 
тастағанда құрбандық түйелер отызға шығады. Келесісінде де, одан кейін де 
тағы төрт рет Абдуллаһқа түседі. 
Әбдімүттәліп сасқалақтап, әбден абыржиды. Жеребе тасталған сайын 
қолын көкке созып бата қылумен, дұға етіп жалбарынумен болады. Ақыры 
түйелердің саны жүзге жеткенде барып, жеребе түйелерге шығады. Жиналған 
жұрт қуаныштан жылап та жібереді. Әсіресе, әкенің қуанышы ерекше-тін. 
Бірақ сонда да сенімді болу үшін, Аллаһтың алдындағы адалдығын сақтап 
қалу үшін байсалды қалпынан танбастан: 
"Үш рет тағы да тастайық. Сеніміміз нақты болсын, ішімізде күмән 
қалмасын", - дейді. 
Жеребе үш рет қайта тасталады, үшеуінде де халықтың қуана 
айқайлағаны естіледі. Әбдімүттәліп те "Уа, құдірет!" - деп дауыстап, тізесін 
бүгіп, дұға етеді. Сөйтіп, Абдуллаһ құрбандықтан құтқарылады. 
Сүйікті ұлы үшін барын беруге әзір әке жүз түйені Сафа мен Мәруа 
төбелері арасына айдап апарып құрбан етуге бұйырады. Бұйрық сол сәтте 
орындалады. Сол күннен бастап бір адамның құны құрайыштар мен арабтар 
арасында жүз түйе болып белгіленеді. 
Кейіннен Мұхаммед пайғамбар да (с.а.у.) бұған қарсы келмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет