Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет244/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

МЕККЕНІҢ АЛЫНУЫ
Хижреттің сегізінші жылы. Күн жұма. Б.ә. 630 жылы, қаңтар. 
Мекке - Аллаһтың бірлігінің белгісі, жер бетіндегі тұңғыш табынар 
орын Қағбаның мекені. 


365
Оның алғаш құрушысы тұңғыш адам әрі бірінші пайғамбар Хазіреті 
Адам (а.с). Қағбаны салудағы мақсат та - Аллаһтың бірлігін дәлелдеу. Арадан 
жылдар зымырап Адам ата өз қолымен қалаған қасиетті ғимараттың тоз-тозы 
шығады. Тек іргетасы қалады. Пайғамбарлардың әкесі атанған Хазіреті 
Ибраһим тұсында ұлы Хазіреті Ысмайылмен бірге осынау киелі құрылысты 
қайта қолға алып, ескі іргетас үстіне қабырғаларын тұрғызып, тәухид 
сенімінің символын қалпына келтіреді. 
Бір өкініштісі, дүние жүзіндегі ең қасиетті шаңырақтың иелері бір 
Аллаһқа иманнан мақрұм мүшріктер еді. Тәухидтің символы - Қағбаның іші-
сырты түгел жансыз пұттарға толтырылып, азғындықтың сахнасына 
айналады. 
Аллаһтың қасиетті мекені - Меккені тезірек мүшріктер мазағынан 
құтқару керектін. Кезек күттірмейтін шаруаның шешімін Хазіреті Мұхаммед 
те оның асхабы да шарқ ұра іздеді. Ұзақ уақыт бойы бұл ой арман болып қала 
берді. Өйткені мұсылмандардың саны аз еді. 
Асыл арманды іс жүзіне асыру тек Исламның кең өрістеп, 
мұсылмандардың күшеюімен ғана мүмкін болары айтпаса да түсінікті. 
Жаратушы Аллаһқа жалбарынумен күндер, жылдар жылжып жатты. 
Ақыры көптен күткен жақсылықтың нышандары байқала бастады. Исламның 
ата жауы хайбарлықтар және басқа яһудилер мұсылмандарға берілді. 
Худайбия келісім-шарты арқылы мүшріктердің сағы сынды. Сол заманның 
азулыларының 
бірі 
Византия 
империясы 
да 
Мута 
шайқасында 
мужаһидтерден жеңіліс тапты. 
Исламның қуатын, мұсылмандардың күшін айнала дұшпандардың 
мойындамасқа амалы қалмады. 
Үлкен тосқауылдарды күйреткен мұсылмандар Меккені бағындырудың 
да жақын қалғанын сезген. Тек арада бір ғана кедергі, мүшріктермен 
жасалған Худайбия келісімі бойынша мұсылмандар мен мүшріктер он жыл 
соғыспауға ант ішіскен. 
Уәде - Аллаһ аты деген сенімдегі мұсылмандар берген серттен тайқып 
шығуды өңі түгіл түстеріне де жуытпайтын. 
Худайбия бейбіт келісімі бойынша өзге ру-тайпалар өз қалаулары 
бойынша мұсылмандарға немесе құрайыштарға қосыла алатын. 
Осы құқықты пайдаланған Хуза'а тайпасы РасулАлланың қарамағына, 
ал Бәни Бәкірлер мүшріктердің тарапына өткен. 
Бұл екі тайпа да атам заманнан бір біріне өш. Сол өшпенділіктің 
салдары 
болса 
керек, 
сонау 
ертеде 
Пайғамбарымыздың 
атасы 
Әбдімүттәліппен ауылы аралас, қойы қоралас қонатын хуза'алықтар 
мұсылмандарды жақтағаны үшін Бәни Бәкір тайпасы мүшріктерді қолдап 
шыға келген. 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық келгенге дейін сен тұр, мен 
атайын бір-біріне кектесіп келген екі тайпа Расулаллаһтың келуімен аз да 
болса тыншып, қантөгіс толастаған. Тыныштық Худайбиядағы келісім 
жасалғанға дейін жалғасқан. Бейбіт келісімнен соң қайтадан бірін-бірі 
түртпектеп, жоқ жерден жік шығаруды бастайды. 


366
Бірде Бәни Бәкір тайпасының адамы Хазіреті Расулаллаһты мазақ етіп, 
өлеңге қосады. Хуза'алық бір жігіт мұны естиді де, сол жерде әлгінің басын 
жарады. Бәни Бәкірліктер тырнақ астынан кір іздеп жүргенде бұл таптырмас 
сылтауға сүйсініп, Хуза'а руына шабуыл жасайды. «Уәтір» деген жерде 
қоныс тепкен, Худайбиядан соң қаннен қаперсіз отырған хуза'аларға төбеден 
жай түскендей болды. Өршеленген Бәни Бәкірлер шүйліккеннен шүйлігіп 
хуза'аларды Меккеге дейін тырқырата қуады. Еш шімірікпестен Қағба 
маңында адамдарын өлтіреді. 
Ұзын саны 23 адамынан айрылған хуза'алар Бәни Бәкірлер арасында 
құрайыш мүшріктерін де көздері шалады. 
Мүшріктер расында да Бәни Бәкірлерге жең ұшынан жалғасып ат-
көлік, қару-жарақпен көмектесіп қана қоймай, өздері де шайқасқа кіріскен-ді. 
Әрине, пайғамбарымыздан жасырьш. Құрайыш мүшріктері өздері бастап 
Худайбия шарттарын бұзады. Сезікті секірердің кебін киіп, болар іс болған 
соң жойқын әрекеттерінің жайылып кетуінен қорыққан. 
Арадан үш күн өткенде хуза'алық Амр ибн Салим қырық жігітімен 
бірге Мәдинаға келіп болған жайдан бастан-аяқ Расулаллаһты хабардар етеді. 
Пайғамбарымыз мұны естігенде реніш білдіріп, хуза'алықтарға басу 
айтып, қалайда көмектесетіндіктеріне уәде беріп қайтарады. 
Құрайыш мүшріктері Бәни Бәкір тайпасына қолдау беремін деп 
өздеріне қауіп төндірген-ді. Мұны кеш аңдағанмен, шегінер жол жоқ еді. 
Бұны Аллаһтың мұсылмандарға жәрдемі десек жөн болар. 
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мәселенің байыбына барғанды мақұл көріп 
мүшріктерге шартты хат жолдады: 
«Хуза'алықтардан өлгендердің құнын төлеңдер, не болмаса Бәни Бәкір 
тайпасымен ортақтастықтан бас тартыңдар. Екеуінен бірін орындамаған 
жағдайда Худайбия келісімін бүзғандықтарыңды, сендерге шайқас ашуға 
мәжбүр екенімді білдіремін» делінді. 
Өркөкіректенген өзімшіл құрайыштар Пайғамбарымыздың бастапқы 
екі шартын да әуелде қабылдамай, шайқасуға дайындалатынын кесіп айтты. 
Осылай олар бейбіт келісімді бұзғандығын сөздерімен аңғартты. Айтуын 
айтқанымен іштей қауіптеніп, қорыққан. Істің ақыры немен тынатынын 
елестете алмаған. Ә дегенде мұсылман елшіге берген жауаптарына өкініп, 
артынша Әбу Суфианды Мәдинаға жолдап келісімді жаңалауды, соғыссыз 
мерзімді ұзартуды дұрыс деп тапты. Әбу Суфиан Мәдинаны бетке алып 
үйінен шыққан тұста Хазіреті Расулаллаһ мүшріктердің барлық әрекеттерін 
біліп отырған-ды. Сахабаларына: 
"Әбу Суфиан Худайбия келісімін жаңартып, мерзімін создыруды 
өтінгелі бізге келе жатыр. Бірақ оның бұл арманы орындалмайды. Меккеге 
қапаланған күйі қайтады", - дейді. 
Әбу Суфиан Мәдинаға келген бойы қызы Үммү Хабибаның үйіне 
түседі. Бұрын да айтып өткеніміздей, Үммү Хабиба Хазіреті Расулаллаһтың 
ақ некелі әйелдерінің бірі. Әбу Суфиан қызымен амандасып, төрге озып 
Мұхаммедтің (с.а.у.) бөстегіне отырмақ болады. Үммү Хабиба көрпешені 


367
әкесінен қызғыштай қорып отырғызбайды. Әбу Суфиан әдепкіде түсінбей 
қалып: 
"Ау, қызым-ау, сен менен көрпешеңді аяп тұрсың ба, әлде мені аяп 
тұрсың ба?" - дейді. 
Үммү Хабиба: 
"Бұл - Расулаллаһтың бөстегі, сен мүшріксің, нақақтың жақтаушысың. 
Сондықтан әкем де болсаң Расулаллаһтың орнына отырғаныңа разы 
емеспін", - деп жауап береді. 
Әбу Суфиан алыстан арып-ашып келгенде қызының бұлай қарсы 
алғанына қатты ашуланды. Үммү Хабиба әкесінің өкпесі орынсыз екенін 
ескертіп: 
"Әке-ау, әлі күнге тас пен отынға табынып келесің. Көңіл көзің ашылар 
күн болар ма!? Сен сияқты бүкіл құрайышты аузына қаратып, ізінен ерткен 
адамның хақ жолдан несібесін алмауы жаныма батады", - деп жанашырлық 
сөзін айтты. 
Мүшрік әке қызының бұл сөздерін естігенде қаны басына теуіп: 
"Сенің аузыңнан осыны естігенім бе? Одан да тас керең қалғаным көп 
жақсы еді-ау", - деп бұрқан-тарқан ашуланған күйі Мұхаммедтің (с.а.у.) 
құзырына шықты. Келген бетте Расулаллаһтан Худайбия келісімінің мерзімін 
ұзартуды сұрады. 
Мұхаммед (с.а.у.) оған: "Сен соны айтайын деп келдің бе? Біз 
уәдемізден тайғанымыз жоқ. Әлде өздерің сөзді бұздыңдар ма?" - деді. 
Әбу Суфиан сасып қалды да сәл үнсіздіктен кейін: 
"Жоға, о не дегенің? Құдай сақтасын, ештеңе де бүлдірген жоқпыз. 
Сонда да болса келісім уақытын созайық деп едік", - деді. 
Расулаллаһ ләм-мим жауап бермеді. 
Әбу Суфиан тұйыққа тірелгенін іштей сезді. Аллаһ Расулы үндемеген 
соң Хазіреті Әбу Бәкірден көмек сұрай барды. Келген мақсатын айтып 
Расулаллаһпен арасын түзелтуге делдал болуын өтінді. Алайда Сыддық Әбу 
Бәкір мұнан бірден бас тартты. Мұнан ештеңе шығара алмасын білген Әбу 
Суфиан Хазіреті Омарға, Хазіреті Османға, ең соңында Хазіреті Әлиге 
жәрдем сұрай барады. Сахабалар бәрі бірауыздан Расулаллаһтың ісіне 
араласа алмайтындықтарын, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) қабылдаған 
шешімінен қайтпайтынын түсіндірді. Жалынып қоймаған соң Хазіреті Әли 
Әбу Суфианға тек бір насихат берді: 
"Ойлағаның орындала қоймас, - деді Әли, - бірақ ең болмаса өштескен 
екі жақты қамқорлығыңа алып, Расулаллаһқа сөз бер". 
Әбу Суфиан Хазреті Әлидің бұл үгітін де айны-қатесіз орындады. 
Пайғамбар мешітіне барып кектескен екі тарапты бітістіру міндетін ойына 
алғанын айтып халыққа жар салды. 
Сонымен көңілін сәл де болса бірлеп Меккеге қайтты. Жерлестері оны 
екі көздері төрт болып күткен. Бірақ Әбу Суфианның келуімен көңілдеріндегі 
қауіп сейілу орнына арта түсті. 


368


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет