Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Жүрегі иманға толы бола тұра, Аллаһқа қарсы шығуға күштеп



Pdf көрінісі
бет78/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Жүрегі иманға толы бола тұра, Аллаһқа қарсы шығуға күштеп 
көндірілгендерден тыс кімде-кім иман келтіргеннен соң көңіл 
ризашылығымен күпірлікке барар болса, Аллаһтың ауыр азабына 
душар болады" 
(Нахыл сүресі, 106-аят). 
Аятта қиын жағдайда қалған мұсылмандарға рұқсат берілген. Жау 
қолына түсіп, жанына, тәніне залал келсе, көңілін пәк тұтып, тілімен күпірлік 
сөзін айтуға болады... 
Дегенмен, діні үшін, Хақ жолында күпірлікті аузына алмастан жанын 
пида ету - ең үлкен ерлік. 
Алғашқы мұсылмандардың басына түскен азап, нәубет, қиыншылық - 
бәрі-бәрі біле-білгенге Аллаһтың сынағы еді... Өйткені Аллаһ деген сөз жеңіл 
демекші, иман келтірдім, иландым деу - айтуға оңай болғанмен, оның 
астарындағы ауыр салмақты түйсіну, көтеру ердің ерінің ғана қолынан келсе 
керек. 
Кедергі, тосқауылдарға кеуде керіп, қарсы тұру арқылы әрбір 
мұсылман имандылық дәрежесін, сабырын, рухани күшін көрсетеді. 


123
Қаншама ауыртпалыққа душар болса да, ақиқат иманмен сусындағандар 
ештеңеге мойынсұнбай, Аллаһтың хақ бағытынан ауытқымайды. Аллаһтың 
емтиханынан 
сүрінбей 
өту 
арқылы 
нағыз 
мұсылман 
мен 
жай 
қызығушылыққа берілгендердің (ермелердің) аражігі ажыратылады. 
Демек, шын имандылықтың өлшемі - нендей зорлыққа тап болсаң да, 
мойымау, мәрттікпен қасқая қарсы тұру. 
Исламның енді тарала бастаған кезінде-ақ қорлық пен қинау, зорлық-
зомбылық нағыз мұсылмандарға кедергі бола алмады. Тосқауылдар - 
керісінше Ислам нұрының алаулай түсуіне итермелеуші күш. Мүшріктер 
қарсыласқан сайын діндарлар күшейіп, иман нығая түсті. Қарасыз ақтың 
мәртебесіз болатыны, көлеңкенің де жарықтан жаратылатыны сияқты. 
Күпірге бейім, еліккіш көңілдер еліріп, есірген сайын Исламның нұр 
шеңбері кеңейді. Қара ниет, теріс пиғыл ежелден бері адалдықпен, пәктікпен 
тайталаса келгенмен ешқашан жеңіс тұғырына көтеріле алған емес. Ақиқат 
жолы ауыр болғанмен түптің түбінде жеңері хақ. Бұған адамзат тарихы куә. 
Асры саадат
Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір сүрген дәуірі
, яғни бақытты 
ғасыр аталған Ислам дінінің пайда болу кезеңінде өмір сүрген алғашқы 
мұсылмандардың бастарынан өткергендері - шындық деп шырылдаған әрбір 
адамға таптырмас өнеге. Тұңғыш мұсылмандардың сабыры, хақ үшін күресі, 
ынта-ықыласы мен ынсабы ақыретке дейін жалғасар адамзат ұрпағына өшпес 
үлгі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет