152
"Мұнша қатыгез болмасаң етті. Туған әпкесіне там-тұмдап талғажау
ететін тамақ бергенде не тұр? Барсын, апарсын, кедергі болма", - дейді.
Көздері қанталаған Әбу Жәһил ерегісіп, сол жерде Әбул Бахтаримен
алыса кетеді. Екеуі арпалысып, ақыры Әбу Жәһилдің басы жарылады.
Хашимдерге, мұсылмандарға жәрдем беруге ұмтылғандардың бірі -
Хишам ибн Амр. Ол да мүшріктерден жасырып бірнеше рет түйеге азық
тиеп, жолдаған.
Руластарының қажеттіліктерін өтеу үшін Пайғамбарымыз, Әбу Тәліп,
Хазіреті Хадиша бар жиған-тергенін жұмсайды. Бірақ қайсыбіріне жетсін,
аштықтан жаппай жұртты аман алып қалу қиынның қиыны еді...
Жоқшылық жалаңдаған жыланша жайпап барады, халық әбден
абыржыған. Осынша қорлықтан соң жадап-жүдеген мұсылмандар Хазіреті
Мұхаммедті (с.а.у.) өздері-ақ ұстап береді деп сенген мүшріктер түбегейлі
қателескен. Қанша қиналса да, хашимдер Пайғамбарға көздерінің
қарашығындай қарап, бұл мәселеде мұқият сақтанды. Әсіресе, Әбу Тәліптің
Ол дегенде шығарға жаны бөлек, Мұхаммедті (с.а.у.) қызғыштай қорып,
түнде күзет қойып, кейде қасына алып та жататын. Бойкот үш жылға
созылды...
Мүшріктердің
мұсылмандарға
көрсеткен
зорлық-зомбылығы
Исламның өркендеуіне кедергі бола алмады. Мұсылмандарға ор қазып оған
өздері құлағанның кебін киген тағы да мүшріктер болды... Азапты күндердің
өзінде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) халыққа хақты ұғындырып,
хашимдердің көзін ақиқатқа ашып, ерен еңбектенді. Бойкот жарияланғалы
үш жыл...
Аллаһ Тағала мүшріктердің Қағба қабырғасына ілінген шарт-қағазына
құрт түсіріп, бұл жайды Расулына аян арқылы білдіреді. Құрт қағаздағы жазу
жазылған тұстарды кеміріп жеп, тек қана
Достарыңызбен бөлісу: