Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Ләббәйк Аллаһуммә Ләббәйк!



Pdf көрінісі
бет239/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Ләббәйк Аллаһуммә Ләббәйк! 
Ләббәйкә лә Шәрикә ләкә Ләббәйк 
Иннәл хамдә уәнниғмәтә ләкә уәлмүлк! 
Лә Шәрикә ләк" 
 
Мүшріктердің қобалжуы
Пайғамбарымыздың бұйрығымен алдын ала қаруларды алып аттанып 
кеткен Мұхаммед ибн Мәслама қарамағындағы атты әскер «Мәррузанран» 
деген жерде бірнеше мүшрікпен кездесіп қалады. 


353
Салт аттылардың Расулаллаһтың әскерлері екенін, Пайғамбарымыздың
ертең таң ата осында жететінін естіген құрайыштар көрген-білгендерін 
жаманға жорып, алды-артына қарамай жортқан күйі "Мұхаммед басып алуға 
дайындалып келеді" деген суыт хабар жеткізеді. 
Шынында Хәндақ шайқасынан соң Аллаһ Елшісінің: "Мұнан былай 
олар бізге емес, біз оларға шабуылдайтын боламыз", - дегені бар еді, алайда 
бұл жолғы келісте умра ғибадатын жүзеге асыру ғана көзделген-ді. 
Мүшріктер түймедейді түйедей ететін дағдыларына салып дақпырт сөзді 
лаулатып әкетті. Пайғамбарымызға шындыққа көз жеткізу үшін адам 
жіберді. 
Аллаһ Расулы мен мұсылмандар тәлбия айтып, Мәррузаһранға жетеді. 
Мұхаммед ибн Мәсламамен жолығып, қару-жарақты Меккеге жақын «Батны 
Иәжәж» деген жерге апаруды Әус ибн Хайлиге тапсырып, қасына екі жүз 
әскер қосып береді. 
Батны Иәжәжда құрайыштың арнайы келе жатқан өкілдерімен 
кездеседі. 
Мүшрік өкілдері көрген бетте Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) өкпелерін 
білдіреді: 
"Уа, Мұхаммед! Біз саған берген сөзімізде тұрмай, қиянат 
жасағанымыз туралы ештеңе естімеген боларсың. Қасиетті Қағбаға қарумен 
келгенінді не деп түсіндік? Шарт бойынша жолаушы қаруы қылыштан басқа 
сайман алмауың керек еді", - деді олар. Пайғамбарымыз оларға: 
"Қағбаға қынына салынған қылышымызбен ғана кіреміз. Мен бала 
шағымнан бері жалған сөйлеп, серттен тайып көрген емеспін. Тек қару-
жарақтың жақын маңда тұрғанын қалаймын", - деп жауап берді. 
Пайғамбардың байсалды жауабынан соң босқа қобалжығандықтарын 
аңдаған мүшріктердің бас өкілі: "Ә, бәсе, солай болса керек-ті", - деді. Істің 
анық-қанығына көз жеткізген мүшріктер мұсылмандардан қауіп келмесін 
түсініп, жандары жай тапты. Сонан соң мұсылмандардың қуанғандарын 
көрмеу үшін іштерін өртеген қызғаныштан аулағырақ кетуді жөн санаған 
олар әп-сәтте Меккені босатып шықты. 
Аллаһ Расулы керемет көңіл-күймен, жан-жағына сүйсіне, салмақтана
көз тастап түйесі Кәсуамен Меккеге кірді. 
Айналасында аппақ киінген асхабы. Екі дүниенің нұры болған тұлға 
кеудесін тік ұстап, адымдаған күйі Қағбаға - Бәйтуллаһқа жақындады. 
"Ләббәйк Аллаһуммә Ләббәйк!" тәлбиясы тау-тасты жаңғыртып, жеті 
қат көкке көтеріліп жатты. Мүшріктер осынау ұлы ақиқатқа құлақ бітеп, 
салтанатты шеруді көрмеу үшін қызғаныштан өртеніп беттерін көлегейлеп 
бақты. 
Пайғамбардың түйесі Кәсуаның бас жібін ұстап келе жатқан шайыр 
Абдуллаһ ибн Рауаха: "Ей, кәпірлер, Расулаллаһтың жолына бөгет 
болмаңдар! Рахман әрі Рахим Аллаһ Оның (с.а.у.) хақ пайғамбар екендігін 
аяттарымен білдірді. Қайыр-жақсылық атаулы Аллаһ Расулына және оның 
ұстанған жолына тән. Ең құрметті өлім - сол жолда жанын пида ету", - деп 
асқақ рухын өлеңдетіп келеді. 


354
Бәйтуллаһтың ауласына кірген сәтте Пайғамбарымыз иығына 
жамылған желбегейдің (ихрамның) оң қолтығының астындағы ұшын көтеріп 
әкеп сол иығына тастай салды. 
"Бүгін мүшріктердің көзіне күшті болып көрінетін қаһармандарды 
Аллаһ жарылқасын!" - деді де сахабаларына Қағбаны үш рет жүгіріп 
айналуды бұйырды. (Бұл ғұрып рәмл деп аталады. - Д.Ө.И.) Ондағы мақсаты 
- Аллаһ Тағаланың білдіруімен мүшріктер арасында жойылған "Мұхаммедтің 
асхабы бізден кетіп барған жерлерінде жоқшылық пен аурудан көз аша 
алмапты-мыс" деген қаңқу сөздің жалғандығын әшкерелеу. Пайғамбарымыз 
қасиетті қара тастың қасына барып қолындағы таяғын тигізіп, тиген жерін 
сүйді. Асхабы да дәл солай жасады. Сонан соң пайғамбарымыз айтқандайын, 
сахабалар кеуделерін тік ұстап, аршынды адымдап Қағбаны үш рет тауап 
етті. 
Тау тасты паналап мұсылмандардың шаттығына ортақтасудан қашқан 
тәкаппар көңілдер отырған жерлерінен сығалай-сыналай сахабаларды 
көздеумен болды. Асхабтың Қағбаны жүгіре айналғанын көргенде: 
"Мәдинадағы індет бұларға жұқпапты-ау, бәрі қайратты, қуатты көрінеді", -
деп қуаныштары су сепкендей басылды. 
Қағбаны жеті рет тауап еткен соң, Пайғамбарымыз (Мақамы 
Ибраһимде) Ибраһим пайғамбардың орны аталатын жерде екі рәкат тауап 
намазын оқыды. Сонан соң сағи ғибадатын орындады, яғни Сафа мен Мәруа 
төбелері арасында жеті рет жүріп өтті. Сағидан соң Мәруада мұсылмандар 
құрбандықтарын шалады. Кезек шаш алуға келгенде, Хыраш ибн Үмәййа 
бірінші РасулАлланың шашын алып, сақал-мұртын бастырады. Сөйтіп 
умраның рәсімдері тәмамдалады. 
Негізгі рәсімдер аяқталғаннан соң Мұхаммед (с.а.у.) Қағбаның ішіне 
кіруге рұқсат сұрайды, алайда мүшріктер ондай шарттың жоқтығын айтып 
бұл тілекті жүзеге асырмайды. 


355


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет