Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


«Ей, жамылғымен қымтанып жатқан (пайғамбар)!



Pdf көрінісі
бет55/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

«Ей, жамылғымен қымтанып жатқан (пайғамбар)! 
Орныңнан тұр, адамдарға (ақырет азабын) ескерт. 
Раббыңды ұлықта. 
Үсті-басыңды тап- таза ұста! 
Әр түрлі (заттық және рухани) лас нәрселерден аулақ бол! 
Істеген ісіңді міндетсініп, көпсінбе!» 
(Мүддәсир сүресі, 1-6) 
Мұнан соң уахи бірінен соң бірі келіп, тіпті арасы жиілей түсті. 
Аян ала бастаған соң Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жаны жай тауып, 
рухани ләззатқа қауышты. 
Ұлы Жаратушы көркем мінез-құлықпен безендіріп жаратқан сүйікті 
құлы Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық міндетін жүктеу арқылы оның 
адамзат 
атаулының 
ең 
таңдаулысы 
екенін 
білдірді. 
Осылайша 
"Жаратылыстағы әрбір түрдің өз арасынан біреуін таңдап, үлгі етеміз, ол 
өзгелерге мақтаныш әрі өнеге болады" деген Аллаһтың тарапынан қойылған 
заңдылық Мұхаммед (с.а.у.) арқылы жүзеге асты. 
Аллаһ Тағаланың мыңдаған есімдері арасында біреуі ең жоғары 
дәрежеге ие болатыны сияқты, асқан шеберлік туындылары арасында да 
біреуі ерекше жаратылып, толыққандылық сипатқа ие болады. 
Толыққандылық сипат жанды тіршілік иесіне тән. 
Жанды тіршілік иелері арасында саналылары ерекшеленері сөзсіз. 
Ал саналылық адамға ғана тән. 
Ал, адам баласының ішінде ақыл-ой, мінез-құлық жөнінен биікте - 
Мұхаммед (с.а.у.) тұрады. 
Өйткені Адам атадан бері осы күнге дейін ешбір тарих Оған тең 
келерлік пендені көрсете алмады, көрсете алмайды да. Ол жер жүзінің 


84
жартысын және адамзат баласының бестен бірін қамтыған қауымға рухани 
салтанат құрып, бір мың төрт жүз жыл бойы өнегесін өшірмей, ақиқат 
атаулының ұстазы саналып келеді. 
Досы да, дұшпаны да мойындағандай, Ол (с.а.у.) парасаттылықтың ең 
жоғары дәрежесіне ие болған, пайғамбарлығының алғашқы күндерінде-ақ 
бүткіл әлемді аузына қаратқан. Әр минут сайын жүз миллиондаған 
адамдарды баураған Құран Кәрімді тікелей қабылдап алушы Ол, әрине, 
пенделер арасында ең биік сатыда тұрары даусыз. 


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет