Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет125/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   377
ҚАЙҒЫҒА ТОЛЫ ЖЫЛ 

Үш  жылға  созылған  мүшріктер  бойкотынан  босап,  енді  бас  көтердік 

дегенде қайғылы оқиғалар бірінен соң бірі қайталанды. 

Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  үлкен  ұлы  төрт  жасар  Қасым  кенеттен 

шетінеп,  отбасы  қайғы  жамылды.  Бұл  оқиға  Пайғамбарымызды  сарсып, 

жүрегі  мейірімге  толы  әкені  ауыр  мұңға  бөледі.  Тұла  бойы  тұңғышының 

мәйітін жерлеуге алып бара жатып қарсы алдындағы Құайқан тауына қарап: 

"Ей,  асқар  тау!  Қанша  қатты  болсаң  да,  менің  басыма  түскен  оқиғаға 

сен душар болғанда, уатылып жермен жексен болар едің", - деп, қабырғасын 

қайыстырған қайғының ауыртпалығын білдірген. 




 

154


Қасымын  жоқтап  қиналған  отбасын  іле-шала  ұлдары  Абдуллаһтың 

өлімі  тіпті  қажытты.  Аллаһтың  жазмышына  бас  иген  Хазіреті  Мұхаммед 

(с.а.у.)  өзін-өзі  "басқа  түссе  баспақшыл"  деп  жұбатқанмен  бауыр  еті 

балаларынан айырылу оңайға соқпады. 

Хадиша  анамыздың:  "Уа,  Расулаллаһ!  Ботақандарым  қазір  қайда?"  - 

деген мұңлы сауалына Хазіреті Мұхаммед: 

"Олар жәннаттан жай тапты", - деп жауап берген. 

Оқыс  оқиғалар,  қайғылы  қазалардан  Расулаллаһтың  қабырғасы 

қайысты...  Мұсылмандар  оның  қайғысына  ортақтасып,  сөздерімен  болса  да 

демеуге тырысты.  Ал  кәпірлердің қуанышында шек жоқ,  көңіл айтпақ түгіл, 

қуанысып, мәз. 

Ас ибн Уаил мен Әбу Жәһил сынды жауыздар уытты тілдерін қадап: 

"Мұхаммедтен  ұрпақ  қалмады,  еркек  кіндік  атаулыдан  айрылды. 

Шежіресі  шектелді,  өзі  өлсе,  сонымен  аты  да,  заты  да  өшеді,  шаңырағы 

шайқалып, ортасына түседі", - деді. 

Сүйікті құлына жабырқағанда жұбаныш болған Жаратқаны сыпсың сөз 

көбейген сәтте Кәусар сүресін түсіріп, мүшріктерге қатты соққы берді. Онда 

былай делінген: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет