Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы
Аллаһ Елшісі жолшыбай Салим ибн Ауф ұлдарының мекеніне соғып,
Рануна алаңқайында жұма намазын оқыды.
Бұл - Пайғамбарымыздың Мәдинадағы тұңғыш жұма намазы. Намаздан
кейін Аллаһ Расулы екі хұтба жасады. Аллаһқа мадақ айтқан соң ол былай
деді:
"Уа, халайық!
Денсаулығыңыз бар кезде ақырет үшін азық жинаңыздар. Қиямет-
қайымда шопансыз қалған қойдың да сұрауы болады. Хақ Тағала барлық
пенделерін есепке тартады.
"Саған мен елшімді жібердім. Расулым тура жолды түсіндірмеді ме?
Мен саған мал-мүлік, ғұмырың бойынша ырзық-несібе бердім. Ал сен ақырет
үшін не жинадың?" дегенде пенде оңына, солына қарап, ештеңе көре
алмайды. Ақыретке азық жинамаған болса, алдынан тозақ оты көрінеді.
Сондықтан кімде-кім мына дүниеде жарты құрмамен болса да, жақсылық
жасасын. Өзін ақырзаманда құтқаратын амал жасасын. Ол да болмаса, жақсы
сөз сөйлеп құтқаруға тырыссын. Жақсы сөз де - сауап.
Аллаһтың сәлемі, берекеті мен рақметі жаусын!"
Достарыңызбен бөлісу: |