дұшпандар да аз емес еді. Қастандықтың қандай түріне де шыдас беруге
жәрдемі арқасында көшіп келгендердің, яғни муһажирлердің халі
жөн. Бұл бастама Ислам тарихының жаңа бетті іспетті, яки тілдік, ұлттық,
212
Пайғамбарымыз қоғамдық тәртіп, нақты құқықтық, әскери, саяси жүйе енгізу
қажеттігін түйсінді. Осы мақсатпен хижреттің бірінші жылында-ақ
Мәдинаны мекендейтін халықтардың әр тобының өкілдерін Әнес ибн Малик
есімді сахабаның үйіне жинады.
Мақсат - кейбір қоғамдық принциптерді нақтылау, бекіту. Пікірталас
нәтижесінде қоғамдық тәртіп негіздері қабылданып, жүзеге асырылуға
келісілді. Маңызды мәселелер жан-жақты талқыланған соң ру өкілдері
тарапынан қол қойылып мақұлданды. Бұл Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(с.а.у.) басшылығымен қабылданған негізгі принциптерді қамтыған алғашқы
Ислам мемлекетінің атазаңы еді. Бұл құжат тек тұңғыш Ислам мемлекетінің
ғана емес, бүкіл дүниежүзінде жазбаша реттелген алғашқы атазаң еді.
Атазаң бойынша Мәдина халқы наным-сенімінің өзгешелігіне
қарамастан басқа жұрттан бөлек топ құрайды. Мұнан соң Хазіреті Мұхаммед
(с.а.у.) Мәдинаның маңында тұратын рулармен, әсіресе, меккелік
керуендердің Шамға баратын жолындағы ру-тайпалармен ынтымақтасудың,
келісім жасаудың жолдарын ойластырды. Сондай-ақ мұсылмандар жергілікті
қала халқымен - яһудилермен жақсы қарым-қатынас жасауға мәжбүр
болғандықтан, атазаңда олар да ерекше атап көрсетіліп, құқық берілді. Ол
бойынша яһудилер де мұсылмандар сияқты жаңа мемлекеттің азаматы деп
саналды:
"Мұхаммедтің (с.а.у.) көрегенділігін, саяси қырағылығын яһудилерге
берілген құқықтан байқаймыз. Атазаңда яһудилердің де мұсылмандар сияқты
жаңа мемлекеттің азаматтары екендігі, Ясрибтегі екі тайпаның бір ғана
халықты құрайтыны, қылмыстар діни үкімдерге сай жазаландырылатыны,
қажет болған жағдайда екі жақтың да (яһудилер мен мұсылмандардың) жаңа
мемлекетті қорғауға шақырылатыны, әлдеқалай түсінбестіктер шыға қалса,
алдағы уақытта Аллаһ Елшісінің тікелей басшылығымен шешілетіні
жазылған болатын."
Яһудилер мен мұсылмандарға сырттан дұшпан қаупі төнер болса,
яһудилер мен мұсылмандар қаланы бірге қорғап, бір-біріне көмекші болады.
Алғашқы атазаңның аталмыш баптарын саралай отырып, Аллаһтан
кітап түскен яһуди, мұсылман және бірен-саран да болса христиандардың
арасындағы бірлікті, кітапсыз, кәламсыз мүшріктерге қарсы одақтастықты
көреміз. Мүшрік дінсіздер мен яһуди, христиандар арасындағы ең басты
айырмашылық осы заңда тайға таңба басқандай көрсетілді. Аллаһтан кітап
түскендер - мұсылмандар мен яһудилер бір қоғам ретінде аталды.
Пайғамбарымыз Мәдина қалалық мемлекетін ішкі, сыртқы жаулардан қорғау
мақсатымен жергілікті халық - яһудилермен саяси бірлік жөнінде келісімге
келіп қана қоймай, наным-сенім тұрғысынан да ынтымақтастық құруға
тырысқан. Аллаһтан хақ кітап түскен халықтарды тәухид сенімінің
айналасына топтастырып, Аллаһқа ортақ қосушыларға қарсы иман күшін
құрғысы келген. Сол оймен тек мәдиналықтарды ғана емес, сыртқы елдермен
де байланысты өрістеткен. Али Имран сүресінің 64-аятында осыған
байланысты: