Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет202/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

ҚҰБЫЛАНЫҢ ӨЗГЕРУІ 

Хижри екінші жыл. Милади 623-жыл. 

Аллаһтың  әміріне  мойынсұнған  Расулаллаһ  және  оның  асхабы 

Мәдинада  намаз  қылғанда  құбыла  -  Құдыс  (Иерусалим  -Д.Ө.И),  яғни 

пайғамбарлар  тұрағы  болған  Ақса  мешіті  болатын.  Алайда  Хазіреті 

Мұхаммедтің  іштей  тілегі  -  жер  жүзінде  тәухид  сенімінің  тірегі  болған, 

бабасы  Хазіреті  Ибраһим  пайғамбардың  құбыласы  -  Қағбаға  бет  бұрып, 

намаз  қылу  еді.  Мұсылмандар  да,  әсіресе,  муһажирлер  осыны  тілейтін. 



 

230


Өйткені  бес  уақыт  намаздарында  Қағбаны  бетке  алу  туған  жерге  деген 

сағынышты басар ма еді, кім білсін? 

Тағы бір себеп, яһудилердің: 

"Мұхаммед  пен  оның  сахабалары  біз  көрсеткенше  құбыланың  қайда 

екенін  де  білмейтін",  -  деген  тиіп-қашты  сыпсыңдары  да  арқаларына  аяздай 

батқан.  Аллаһ  Елшісі  құбыланы  өзгерту  үшін  уаһидің  түсуін,  Жебірейіл 

періштенің  келуін  күтіп,  Қағбаны  құбыла  етуді  тілеп  Аллаһқа  жалбарына 

түскен. 


Күндердің күні Жәбірейіл келіп, Аллаһ Расулы оған көңіліндегі ниетін 

білдіреді. Сонда періштенің айтқан ақылы мынау: 

"Мен  де  сен  сияқты  құлмын.  Сен  Жаратқан  Аллаһқа  сиынып,  содан 

сұра. Не тілегің болса Раббыңнан тіле!" 

Осы  кездесуден  соң  Хазіреті  Расулаллаһ  Құдыстағы  Ақса  мешітіне 

жүзін бұрып намазға тұрған сәтте басын көтеріп, көкке ұзақ көз тігетін, дұға 

ететін.  Ақыры  Мәдинаға  хижреттің  он  жетінші  айында  құбыланың  Харам 

мешітіне,  яғни  Қағбаға  қарай  өзгертілгендігі  жөнінде  көктен  аят  түсті.  Онда 

былай делінеді: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет