Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет222/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   377
Хазіреті Хайсаманың сөзі 

Хазіреті  Хайсама  Бәдір  шайқасына  қатысуға  ниет  білдіріп,  ұлы  Саад 

пен араларында жеребе тасталып, ақыры Саадтың жолы болған-ды. Саад сол 

жолғы  ұрыста  шейіттік  шәрбатынан  сусындап,  мәңгілік  сапарға  аттанған... 

Енді шейіт әкесі Хазіреті Хайсаманың сөзіне құлақ түрсек. 

"Уа,  Расулаллаһ!  Құрайыштар  шөлдегі  барша  араб  тайпаларынан, 

ахабиштен  әскер  жинап  келе  жатқан  көрінеді.  Түйемен,  атпен  баса-көктей 

келіп  біздің  жерімізге  түсіпті.  Енді  бізді  сырттай  қоршауға  алады,  сосын 

келген  жолдарымен  кері  қайтады.  Бірақ  жай  қайтпайды,  әңгіме  таратады. 

Жамандап,  не  түрлі  ғайбат  сөз  айтпасына  кім  кепіл?  Бұл  олардың  өздеріне 

деген сенімін арттыра түсуі мүмкін. 




 

246


Көріп  отырып,  қарсы  алдарынан  шықпасақ,  елімізден,  жерімізден 

оларды  қумасақ,  ертеңгі  күні  айналадағы  өзге  араб  тайпалары  да  бізге  көз 

тікпес пе? 

Аллаһ  Тағала  бізді  құрайыш  мүшріктерінен  басым  түсірер  деп 

үміттенейік.  Олай  болмаған  күнде  өлерміз,  шейіт  болармыз.  Мен  Бәдірге 

қатыса алмай, шейіттіктен мақрұм қалып ем. Шейіт болуды армандаумен күн 

кешіп келемін. 

Кеше  түнде  сол  Бәдірде  шейіт  болған  ұлымды  түсімде  көрдім. 

Ажарланып  кетіпті.  Жәннат  бақшасында,  бұлақ  жағасында  серуендеп  жүр 

екен. Маған "Жәннатта жолдасым бол, мен Раббымның уәде еткен ақиқатына 

қол жеткіздім" деді. 

Таңертең ояна салысымен жәннаттағы ұлыма жолдас болуды армандай 

бастадым.  Кәрілік  те  жеңіп  барады.  Ендігі  жерде  Аллаһыма  қауышсам 

деймін. 


Уа,  Расулаллаһ!  Маған  шейіт  болу  нәсіп  болсын,  жәннатта  ұлым 

Саадқа жақын болайын. Сол үшін Аллаһтан тілек тілесең деп едім",-деді. 

Адамзаттың  асыл  тәжі  Мұхаммед  (с.а.у.)  Хазіреті  Хайсаманың  тілегін 

сол жерде орындады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет