Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет234/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   377
"Мұхаммед өлтірілді" 

Мусаб  ибн  Үмәйір  сауытын  киіп  сайланған  шақта  Пайғамбарымызға 

(с.а.у.)  қатты  ұқсайтын.  Ибни  Қалша  Хазіреті  Мусабты  өлтіргенде 

Расулаллакгы  өлтірдім  деп  ойлаған.  Сол  оймен  мүшріктерге  жетіп  барып: 

"Мұхаммедті өлтірдім" деп "сүйіншіледі". 

Мүшріктер мәз-мейрам болысты. Біреуі тіпті тау басына шығып алып: 

"Мұхаммед өлтірілді!"-деп айқайға басты. 

Мұны  естіген  мұсылмандар  қанаттары  қайырылғандай  қайғылы  күйге 

енді.  Мұсылмандар  көңілдері  пәсейіп,  кейін  шегіне  бастады.  Майдан  шебін 




 

256


тастап шыққандар да, дұшпан әскері деп өз бауырларын соққыға жыққандар 

да болды. 

Мүшріктің  байбаламына  сенбеген  мужаһидтер  Расулаллаһты  (с.а.у.) 

іздей бастады. Хазіреті Әли қарсы келген жауын жапыра жүріп пайғамбарды 

іздеді.  Майдан  шебіндегі  мужаһидтердің  ендігі  жалғыз  тілегі  -  Хазіреті 

Мұхаммедті табу еді. 

Сол  мезетте  көңілдерге  су  сепкен  дауыс  естілді:  "Уа,  бауырлар! 

Сүйінші, әне Расулаллаһ!". Дауыс Ка'б ибн Маликтікі еді... 

Ол  Хазіреті  Мұхаммедті  (с.а.у.)  мүбәрак  көздерінен  таныған-ды. 

Мұсылмандарға  айқайлап  тұрып,  қолымен  Расулаллаһтың  тұрған  жерін 

нұсқаған. 

Пайғамбарымыз  қай  жерде  екенін  дұшпанның  білгенін  қаламаған 

мұсылмандарғ  сүйінші  хабарды  жеткізуші  Ка'бқа  қолымен  ымдап:  "Тыныш, 

айқайлама!"- деп белгі берді. 

Расулалламың  өлгені  жайында  хабардың  бос  әңгіме  екені  түсінікті 

болды.  Жауынгер  сахабалар  жапа-тармағай  пайғамбар  қолбасшыға  қарай 

жүгірісті.  Оны  қоршай  тұрды...  Ендігі  жерде  бәрінің  жалғыз  мақсаты  - 

Хазіреті Расулаллаһты көздің қарашығындай қорғау! Мақсаттары орындалды 

да. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет