Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет239/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Мәдинаға оралу 

Ислам қолы шәууәл айының жетісі, сенбі күні кеш бата Мәдинаға келіп 

кірді...  Шейіт  болғандардың  отбасы,  әсіресе,  әйелдер  жылап-сықтап,  азан-

қазан... 

Зарлы  дауыстар  Аллаһ  Елшісінің  көзіне  жас  үйірді.  Пайғамбарымыз 

аттан түсіп үлгермеген еді. Бір әйел жақын келді де: 

"Әкем  де,  шешем  де  сенің  жолыңда  құрбан  болсын,  уа,  Расулаллаһ! 

Сен  аман  болсаң,  қалған  қиындықтың  бәрі  түк  те  емес",-  деп 

Пайғамбарымыздың  нұрлы  жүзіне  көз  тастады.  Бұл  -  пайғамбарымыздың 

атының  тізгінін  ұстап  тұрған  сахаба  Саад  ибн  Муаздың  анасы  Убәйд  қызы 

Кәбша  еді...  Соғыста  ұлы  Амр  ибн  Муаздың  шейіт  болғанын  естіп,  іші  қан 

жылап тұрса да Аллаһ Расулының амандығын тілеген. 

Оның  жоғарыдағы  сөздері  де  ақиқат  иманның,  Расулаллаһқа  шын 

берілгендіктің  белгісі  еді.  Шейіт  болған  ұлынан  бұрын  Аллаһ  Расулының 

есендігіне көз жеткізіп, соған қуанған. 

Аллаһ Расулы қаһарман әйелге көңіл айтып тұрып былай деді: 

"Уа,  Саадтың  анасы!  Саған  және  отбасыңа  сүйіншім  бар.  Шейіт 

болғандардың  -  бәрі  жұмақтың  төрінде  бас  қосып,  достықты  жалғастыруда. 

Олардың әрбірі туған-туыстарына шапағатшы болады". 

Сонан соң Кәбша ханымның өтінішімен төмендегідей бата берді: 

"Аллаһым! Олардың көңілдеріндегі қайғыны жойып, аман қалғандарын 

тірілердің ішінде ең қайырлы құлдарыңнан ет!" 

Көңілінде  Аллаһтың  сүйікті  елшісіне  деген  сенім  мен  сүйіспеншілік 

орныққан  сахаба  Аллаһ  пен  Расулы  жолында  жанын  да  қуана-қуана  пида 

етуге  дайын.  Бауыр  еті  баласынан  айырылып  тұрып,  сабырлылығынан 

танбаған.  Өйткені  Ислам  сынды  ұлы  діннің  биікке  өрлеуі  үшін  жанқиярлық 

ерлік  қажеттігін  олар  білетін...  Иман  үшін,  Расулаллаһ  үшін  жанқиярлық 

көрсету  Аллаһтың  назарындағы  ең  қымбат  амал  екенін  де  ұғынған. 

Сондықтан да пайғамбарлар сардары олар жайлы былай деген: 

"Хақ  Тағала  менің  асхабымды,  нәбилер  мен  расулдан  кейінгі  бүкіл 

әлемнің таңдаулысы етті!" 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет