Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет246/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   377
НАДРЛАР ЖҰРТЫНА ЖОРЫҚ 

Хижреттің төртінші жылы.  Рәби'уләууал айы.  Б.з.. 625 жылы. 

Надрлар  Харун  (а.с)  пайғамбардың  ұрпағы  боп  келетін  бай,  әрі  күшті 

яһуди тайпасы еді. Мәдинаға екі сағаттық жерде Меккеге барар жолда мықты 

бекініс,  қамалда  тұратын.  Пайғамбарымызбен  араларында  Исламға, 

мұсылмандарға қарсы шықпау, бұл мәселелерде дұшпанға қолдау көрсетпеу, 

адам құнын төлеу қажет болса, жәрдемдесу жайында келісім жасалған. Солай 

бола  тұра,  құрайыш  мүшріктері  және  Мәдинадағы      мунафиқтармен      ауыз   

жаласып, жең ұшынан жалғасуды тыймаған. Әсіресе, Ухуд соғысынан  кейін 

байланыстары жаңғыра түскен.. 

Амир  тайпасының  екі  адамын  сахаба  Амир  ибн  Умаййа  білместіктен 

өлтіріп қояды да, оларға құн төлеу керек болады, келісім бойынша төленетін 

адам құнының белгілі бір бөлігін Надрлар беруге тиіс... 

Аллаһ  Расулы  өтеуге  тиесілі  төлемді  сұрау  үшін  әрі  берген  уәделерін 

қаншалықты  орындайтынын  сынау  мақсатымен  қасына  Әбу  Бәкір,  Омар, 

Әли, Зүбәйір ибн Аууам, Талха ибн Убайдуллаһ, Саад ибн Муаз және Үсәййд 

ибн  Худайрды  (Аллаһ  олардан  разы  болсын)  алып,  надр  яһудилерінің 

ауылына барады... 

Яһудилер  пайғамбарды  күліп  қарсы  алып,  арнайы  іздеп  келгеніне 

ризалық  білдіріп,  өздеріне  тиесілі  міндеттерін  орындайтындықтарын  айтып 

арқа-жарқа боп қалады. 

Пайғамбарымыз асхабымен бірге бір үйдің көлеңкесінде отырады. 

Пайғамбарымызды  "қуана"  қарсы  алған  яһудилердің  ішкі  ниеттері 

бұзық-ты. Былайырақ шығып өз араларында кеңесе бастады. 

"Бұл  адамды  осыдан  оңтайлы  сәтте  қолға  түсіру  мүмкін  емес.  Тезірек 

ана  үйдің  шатырына  шығып  үстінен  үлкен  тасты  тастап  жіберіп,  шаруасын 

бітірейік те құтылайық",- десті олар. 

"Бұл істі мойнына кім алады?"- дегенде Амит ибн Жыххаш "Мен",- деп 

ортаға атылды. 

Яһудилер  осылайша  "сәтті"  тұзақтарын  жоспарлап  жатқанда  манадан 

үндемей отырған Сәллам ибн Мишкәм сөз алды: 

"Уа,  қауымым!  Осы  жолы  сөзіме  құлақ  асыңдар.  Онан  соң  не 

істесеңдер де ерік өздеріңде. 

Ойға  алған  шаруаларыңа  кірісер  болсаңдар,  бұл  сол  мезетте-ақ  уахи 

арқылы Оған (с.а.у.) білдіріледі. Өздеріңе өздерің обал жасайсыңдар. 




 

272


Әрі  арамыздағы  келісімге  де  көлеңке  түседі.  Онан  да  бұл  ойларыңнан 

бас тартқандарың жөн. 

Егер 

қара 


пиғылдарыңнан 

тартынбасаңдар, 

яһудилердің 

түп 


тамырымен  жойылуына,  Исламияттың  қиямет-қайымға  дейін  биіктеп 

өрлеуіне жол ашасыңдар!" 

Пайғамбар  атаулыға  қиянат  жасауға  қаны  үйренген  яһудилер  осы 

айтылғандарға селт еткен жоқ. Амр ибн Жыххаш "жауапты міндетін" атқару 

үшін үйдің үстіне шықты. 

Болғалы  жатқан  жайдан  Жебірейіл  періште  Мұхаммед-ті  (с.а.у.) 

хабардар  етті.  Аллаһ  Елшісі  бір  қажеті  бар  адамдай  орнынан  тұрды  да, 

Мәдинаға  бет  түзеп  кете  барды.  Сахабалар  қайта  оралар  деген  оймен  біраз 

сол жерде отырып қалған. Келмейтінін ұққан соң олар да жолға шықты. 

Яһудилер  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  соңынан  қарап  тұрған. 

Араларынан біреуі: 

"Мұхаммед  (с.а.у.)  неліктен  орнынан  тұрып  кеткенін  білесіңдер  ме?"- 

деп сұрады. 

Яһудилер білмейтіндіктерін айтты. 

Кинана баяндай бастады: 

"Тәуратты  ұстап  айтайын,  жоспарланған  қастандық  турасында 

Мұхаммедке  (с.а.у.)  хабар  жетті.  Өздеріңді  босқа  алдап  әуре  болмаңдар. 

Уаллаһи, Ол - Алланың елшісі. Әрі ең соңғы пайғамбар. Ол өзіне жасалатын 

зұлымдықтан әрдайым хабардар. 

Сендер соңғы пайғамбардың Харун пайғамбардың ұрпақтары арасынан 

шыққанын қаладыңдар, ал Аллаһ қалағанын таңдады. 

Тәураттан  дәріс  оқығанда  ең  соңғы  пайғамбардың  туған  жері  Мекке, 

хижрет  орны  -  Ясриб  деп  өткенбіз.  Сол  пайғамбардың  сипаттары  да 

Мұхаммедте (с.а.у.) бар. Кітабымызда жазылғандар айны-қатесіз осылай. 

Сол  пайғамбардан  бұрын  сендер  ешкіммен  де  шайқаспайсыңдар.  Мен 

сендердің 

мал-мүліктеріңді 

түйелерге 

тиеп, 

үй-жайларыңды 



тастап 

көшкендеріңді,  бала-шағамен  улап-шулап  қоныс  аударғандарыңды  көріп 

тұрғандаймын. 

Екі  мәселеде  маған  қолдау  көрсетіп,  ақылға  келіңдер.  Үшіншісінде 

қайыр жоқ екенін ескертемін." 

Яһудилер: "Қандай екі мәселе?"- деді қызығушылықпен. 

Кинана: 

"Мұсылманшылықты 

қабылдап, 

Мұхаммедтің 

(с.а.у.) 

асхабына 

қосылыңдар.  Сонда  ғана  мал-жандарың  аман  қалады.  Мекендеріңнен 

қумайды да",- деді. 

Бірақ яһудилер қасарыса түсті.. 

Надр  тайпасы  яһудилерінің  опасыздығы  олардың  Расулаллаһқа  және 

мұсылмандарға  "достығының"  қандай  дәрежеде  екенін  дәлелдеп  берді. 

Келісімнің аяққа тапталуы, арадағы уәдені аяқ асты етуі пайғамбарды оларға 

қатал шара қолдануға итермеледі. 

Мұхаммед  ибн  Мәсламаны  құзырына  шақырған  Хазіреті  Мұхаммед 

(с.а.у.), оған төмендегідей тапсырма берді: 



 

273


"Надр  тайпасы  яһудилеріне  барып  былай  де:  "Жерімнен  тез  арада 

қоныс аударыңдар. Менімен бірге бұл мекенде тұрушы болмаңдар. 

Сендер маған тұзақ құрмақ болдыңдар. 

Он күн мүрсат беремін. Кетпегендер өмірмен қош айтысады". 

Мұхаммед  ибн  Мәслама  надрлар  қонысына  барып,  сөзін  былайша 

сабақтады: 

"Мұса  пайғамбарға  Тәуратты  түсірген  Аллаһ  үшін  шындықты 

айтыңдар, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар келмес бұрын Тәуратты алдарыңызға 

алып  отырып,  мәжілістеріңде  мені  яһуди  болуға  шақырған  едіңдер.  Сонда 

мен  "Уаллаһи,  мен  яһудилікті  қабылдамаймын"  дегенімде  дінімізден  неге 

қашасың?  Сенің  іздеп  жүргенің,  көкейіңдегінің  нақ  өзі  -  осы  дін.  Яһуди 

дінінен басқа дін жоқ. Келуін күтіп жүрген пайғамбарыңыз шариғаттың иесі 

әрі жауынгер. Ол Йемен жақтан келеді, түйеге мініп жүреді, қылышы ылғи да 

жанында,  жабық  киініп,  азға  қанағат  етеді.  Сөйлеген  әрбір  сөзінде  мән-

мағына болады, демеп пе едіңдер? 

Надр яһудилері: 

"Иә,  дәл  солай  дегенбіз.  Бірақ  келеді  деген  пайғамбарымыз  Мұхаммед 

(с.а.у.) емес",- деп жауап береді. 

Мұхаммед ибн Мәслама сөзді ұзатпай оларға пайғамбардың бұйрығын 

жеткізді. 

Яһудилер  ойластырған  қастандық  шарасының  соңы  шырғалаңға 

әкелгенін түсінгенмен, болар іс болған-ды. 

"Көшеміз" дегеннен басқа амалдары таусылған. 

Осылайша  яһудилер  әрі-сәрі  болып  шуласып  жатқанда  мунафиқтар 

басшысы Абдуллаһ ибн Үбәйдан хабар келеді: 

"Мал-мүліктеріңді,  үй-жайларыңды  тастап  кетем  деуші  болмаңдар. 

Отырған  орындарыңнан  қозғалмаңдар.  Өз  қауымымнан,  болмаса  арабтардан 

екі мың адам жасақтап көмекке жіберемін. Өле-өлгенше сендерге болысады. 

Құрайза тайпасы яһудилері де жәрдемдеседі". 

Абдуллаһ 

ибн 

Үбәйдан 


келген 

хабарға 


мастанған 

яһудилер 

пайғамбарға: 

"Біз  көшпейміз.  Қолыңнан  келгенін  жасап  бақ",-  деп  ашықтан-ашық 

көкірек кереді. 

Хазреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  бұл  хабарды  естігенде  "Аллаһу  әкбар"  деп 

тәкбір келтіреді. Мұсылмандар да оған қолдау білдірді. 

Надр  яһудилерінің  қатерге  бас  тігуіне  себеп  болғандардың  бірі  Хүйәй 

ибн Ахтаб. Ол елін жұбатқанысып: 

"Жан-жақтан мал жиып қамалды іштен бекітіп, үлкен қақпаларға күзет 

қоямыз.  Қорғанның  ішін  тасқа  толтырып  аламыз.  Бір  жылға  жететін 

азығымыз бар. Су да бекініс ішінде, қорқатын дәнеңе жоқ",- дейді. 

Яһудидің  ақылды  ақсақалы  Сәллам  ибн  Мишкәм  бұл  пікірге  қарсы 

шықты: 


"Ей,  Хүйәй,  нәпсінің  алдауына  ерме.  Бас  аман  тұрғанда  бұл  ойыңнан 

айнығайсың! 




 

274


Бәріміз  де  Мұхаммед  (с.а.у.)  Аллаһтың  пайғамбары  екенін  жақсы 

білеміз. Бұл саған да мәлім. Оның сыр-сипаты кітабымызда нақты айтылған. 

Оның  елшілігін  қызғанып,  соңғы  пайғамбардың  Харун  ұрпағы  болмағанына 

өкініп, Оған мойынсүнбай жүргеніміз де рас. 

Онан да айтқанын орындайық, қоныс аударғанымыз мақұл. 

Мұхаммед бізге қарсы шықса, бір - ақ күнде күліміз көкке ұшар". 

Өркөкірек Хүйәй айтқанынан қайтпай: 

"Мұхаммед  (с.а.у.)  бізді  қоршауға  алғанмен  жеңе  алмайды.  Абдуллаһ 

ибн Үбәй маған көмектесуге уәде берді",- деді. 

Сәллам бұл істің қаупін ұқтырмақ болып: "Абдуллаһ ибн Үбәйдың сөзі 

ештеңе де шешпейді. Ол бізді қатерге итермелеп, Мұхаммедпен арамызға от 

салушы. Сонан соң өз басын алып қашпасына кім кепіл?"- дейді. 

Хүйәй  ибн  Ахтаб  айтылған  ақылга  жүрдім-бардым  қарап,  айтқанынан 

танбайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет