Пайғамбарымыздың ор басындагы күзеті
Бес жүзге жуық сахаба жауынгерлерді Мәдинаға аттандырып, қаланы
қорғауға бұйрық берген соң пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) ор басындағы
күзетке тікелей араласты. Әсіресе, дұшпан әскері өте алады деген тар тұста
түнгі қарауылға өзі тұрды.
Хазіреті Айша сол кездегі жағдайды былайша әңгімелейді:
"Расулаллаһ ордың тар тұсын күзетіп тұрып, анда-санда шатырға келіп
жылынып кететін. Бір келгенінде тоңғаны сондай, қалш-қалш етіп отырды.
Біраз бойы жылынған соң "Мен жау әскері тек сол тар жерден өтіп кете ме
деп қорқамын. Бүгін түнде мұсылмандардың біреуі менің орныма қарауыл
қараса болар еді",- деді. Сол сәтте сырттан аяқ дыбысы естілді.
"Бұл кім?"- деп дауыстады Расулаллаһ (с.а.у.). Келген адамның Саад
ибн Әби Уаққас екенін білген соң түнгі күзетті соған тапсырады.
"Шайқасқа дайындық басталғалы бері мунафиқтар әйел, бала-
шағамызды тастап жөн-жосықсыз бұл жерде жүргеніміз ақылға сыймайды",-
деп мұсылмандарды жолдан тайдыруға тырысты. Кейбіреулері Аллаһ
Елшісіне келіп:
"Үйлеріміз Мәдина қамалының сыртында орналасқан. Айнала
дуалдары да пәс, дұшпан, ұры-қары түскендей болса...",- деп ор басындағы
күзеттен кетуге рұқсат сұрайды.
303
Пайғамбарымыз олардың бір бөлігіне рұқсат етті.
Негізінде мунафиқтардың көздегендері - нағыз керек тұста саптан
шығып, мұсылмандардың көңіл-күйінің шырқын бүзу еді. Бұл олардың
қашаннан дағдыланған әдеттері. Бір топ мунафиқтың пайғамбарымыздан
кетуге рұқсат сұрағанын көргенде Саад ибн Муаз шыдай алмай:
"Уа, Расулаллаһ! Рұқсат берме бұларға! Біздің басымызға іс түскенде
бұлар үнемі тайқып шыға келеді",- деді.
Сонан соң мунафиқтарға қарап:
"Қашанғы сендердің айтқандарыңа көнбекпіз? Әлдеқалай қиындық туа
қалса, бастарыңды ала қашасыңдар",- деді зілмен. Аллаһтан түскен аяттар да
мунафиқтардың сол мінезін айғақтай түседі:
Достарыңызбен бөлісу: |