Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ОСЫ ЖЫЛДЫҢ БАСҚА ДА БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет288/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ БАСҚА ДА БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ 

Салман Фарисидің құлдықтан азат етілуі 

Салман  Фариси  бұрын  яһудилердің  құлы  болған.  Пайғамбарымыз  бір 

күні оны қасына шақырып алып: 

"Қожайының  сенің  азаттығыңның  құнына  не  сұрайды.  Барып  біл",  - 

дейді. 

Хазіреті Салман қожайынына мән-жайды түсіндіреді. 

Қожайыны: 

"300  құрма  ағашын  егіп,  онымен  қоса  1600  дирхәм  алтын  берсең 

босатам", - деп жауап береді. 

Салман  Фариси  қожайынының  талабын  Пайғамбарымызға  (с.а.у.) 

жеткізеді. Пайғамбарымыз асхабына: 

"Бауырыңызға  көмектесіңіз!"  -  деп  бұйырады.  Бұны  естісімен-ақ, 

сахабалар өз араларында 300 құрманың тұқымын жинайды. 

Құрма тұқымы жиналғаннан соң Аллаһ Елшісі: 

"Уа,  Салман!  Сен  мына  тұқымдарды  егетін  300  шұңқыр  қаз.  Біткен 

кезде  маған  хабар  бер.  Тұқымдарды  өз  қолыммен  егейін!"  -  дейді. 

Сахабалардың  көмегімен  Салман  Фариси  шұңқырларды  қазып  шығады. 

Мұнан соң Пайғамбарымызға хабар береді. Расулуллаһ өз қолымен құрманы 

егіп шығады. Сол жылы Пайғамбарымыз еккен құрма ағаштарының барлығы 

жеміс  береді.  Осылайша  Салман  Фариси  Бәни  Құрайза  яһудилеріне  қарыз 

болған құрма ағаштарынан құтылады. 

Құрма  ағашының  қарызынан  құтылған  Салманның  тек  алтын  төлемі 

қалады. 

Бір  күні  Расулаллаһ  Салманды  шақырып  алып  бір  дөңгелек  алтынды 

беріп: 

"Уа, Салман! Мынаны алып қарызыңнан құтыл!" - дейді. 

"Уа, Расулаллаһ, бұл жетпейді ғой", - деп жауап береді Салман.  Аллаһ 

Расулы алтынды қайтадан қолына алып қасиетті түкірігін жақты да: 

"Аллаһ сені қарызыңнан осымен құтқарады", - дейді. 

Салман  қожайынына  әлгі  алтынды  бөліп  1600  дирхам  өлшеп  берсе  де, 

әлгі жұмыртқадай алтын сол күйі қолында қалады... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет