Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет294/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Құрайыштың екінші елшісі 

Пайғамбарымыздың  кері  қайтпауға  бел  буғанын  байқаған  мүшріктер 

екінші  рет  елші  жолдайды.  Бұл  жолғысы  Ахабиш  рубасы  -  Хулайс  ибн 

Алқама... 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Хулайсты ұзақтан таныды да, сахабаларына: 

"Анау  келе  жатқан  адам  -  құрбандыққа  сенетін  және  сыйлайтын 

қауымның өкілі. Құрбандық түйелердің бәрін соған қарай айдаңдар, көрсін", 

- деді. 


Мұсылмандар  Пайғамбардың  айтқанын  орындап  "Ләббәйк,  Аллаһумә 

ләббәйк!" деп айқайлады. 

Осынау ғажайып көрініске куә болған Хулайс: 

"Субһаналлаһ!  Мына  керемет  жамағатқа  Бәйтуллаһты  тауап  етуге 

тосқауыл болған не деген сұмдық! 

Құрайыштар  осы  жаңсақ  әрекеттерінің  азабын  тартатын  болады. 

Бұлардың  Умрадан  басқа  мақсаты  жоқ  екендігі  көрініп-ақ  тұр  ғой!"  -  деп 

еріксіз айқайлап жылап жіберді. 

Пайғамбарымыз  Хулайстың  айтқандарын  есітті.  Хулайс  қайран  қалған 

көріністен  есін  жия  алмаған  күйі,  Аллаһ  Расулымен  сөйлесуден  тартынып, 

келген жолмен кері қайтты. 

Хулайс сол сәттің әсерінен айыға алмай келген бойда: 

"Мен  пайғамбарға  Қағбаны  тауап  етуге  рұқсат  бермеуді  жөнсіз  деп 

есептеймін!" - деп дауыстады. 

Құрайыштың үлкендері Хулайсты елші қылғандарына өкініп: 

"Осы  шөлден  қаңғып  келген  бейшара  не  түсінеді  дейсің?  Наданның 

нағыз өзі ғой ол! Мұндай маңызды істерге ақылы да жетпейді", - деп өздерін 

жұбатты. 




 

321


Хулайс  бұған  ашуланып:  "Бәйтуллаһқа  құрмет  мақсатымен  келген 

кісіні кіргізбегеніміз ұят емес пе? Біз сіздермен бұл жөнінде келісім жасамап 

едік қой. 

Я  Мұхаммедті  Меккеге  кіргізесіңдер,  я  болмаса  көмекке  келген 

Ахабиш тайпасының адамдарын түгелдей ертіп әкетемін!" - деді. 

Құрайыш мүшріктері Хулайстың бұл сөзінен айылдарын да жиған жоқ. 

Айлаларын асырып, Хулайсты айтқандарына көндірді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет