Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет301/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Құрбан шалу, шаш алу 

Аллаһ  расулы  Мұхаммед  (с.а.у.)  мүшріктермен  бейбіт  келісімге  қол 

қойып, маңызды істі бітіргеннен кейін сахабаларына: 

"Енді не тұрыс, құрбандықтарыңызды бауыздап, сосын шаштарыңызды 

алдырыңыздар", - деді. 

Асхабтан ешкім қозғалмады. 

Пайғамбарымыз екінші рет қайталады: 

"Тұрыңыздар, құрбандық шалып, шаштарыңызды алдырыңыздар". 

Сахабалар меңіреу кісіше сылт етпеді. 

Аллаһ  Елшісі  үшінші  рет  бұйырды.  Тағы  тым-тырыс.  Бірнеше  рет 

берілген  бұйрық  нәтижесіз  қалды.  Мән-жайдың  байыбына  бара  алмаған 

Пайғамбарымыз ақ некелісі Үммү Сәламаға барды. 

"Уа, Үммү Сәлама! Не болған мына халқыма? 

Құрбандықтарыңызды  шалып,  шаштарыңызды  алыңыздар  деп  қайта-

қайта айттым. Ешбірі отырған орнынан қозғалар емес", - деп шағымданды. 

Ақыл-парасатының  үстемдігімен  ерекшеленетін  Үммү  Сәлама  бұл 

жолы да қарап қалмады. 

"Уа,  Нәбиаллаһ,  -  деді  ол,  -  егер  осы  айтқандарыңның  жүзеге  асуын 

қаласаңыз,  далаға  шығыңыз  да  ләм-мим  деместен  өз  құрбаныңызды 

бауыздаңыз, шаштаразды шақырып шашыңызды алдырыңыз. Істеп болғанша 

жұртыңызбен тіс жарып әңгімелеспеңіз. 

Сенің істегеніңді көріп олар да қимылдай бастайды!" 




 

328


Пайғамбарымыз  сыртқа  шығып,  ешкімге  ештеңе  айтпастан  аяңдаған 

күйі  құрбандық  түйесін  ұстап,  бауыздады.  Онан  соң  шаштараз  хузаалық 

Хыраш ибн Үмаййаны шақырып шашын кестіріп, сақал мұртын бастырды. 

Мұны  көріп  сахабалар  да  түйелерін  сойып,  шаштаразға  жүгірді. 

"Құрбан  шалуға  асыққандары  сондай,  бірін-бірі  басып  кете  жаздады",  -  деп 

кейіннен еске алған Үммү Сәлама. 

Осы  оқиға  барысынан  Үммү  Сәлама  анамыздың  даналығына  куә 

боламыз. Деректерде "Үммү Сәламаның Худайбиядағыдай ақылды тоқтамын 

Ислам тарихында бірде-бір әйел көрсете алмаған" делінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет