Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет313/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Кисраны иманға шақыру 

Хижреттің жетінші жылы, мухаррам айы. 

Біздің заманымыздың 628 жылы Аллаһ Расулының бұйрығымен сахаба 

Абдуллаһ  ибн  Хузафаға  Иран  Кисрасы  Пәруиз  ибни  Хүрмүзді  иманға 




 

339


шақыру  міндеті  жүктелді.  Елші  кисра  сарайына  кіре  салысымен  уақыт 

оздырмастан тікелей келген ісіне көшті. 

Кисра хатшысына келген хабарды оқуға әмір берді. 

"Бисмилләһ ир-рахман ир-рахим! 

Аллан  Расулы  Мұхаммедтен  (с.а.у.)  парсылардың  басшысы  Кисраға" 

деп бастай бергенде Кисра тістеніп орнынан атып тұрды: 

"Бұл жұрт мені қалай-қалай басынады. Менің құлым болар адам маған 

тікелей  хат  жазуға  қалайша  дәті  жеткен",  -  деп  демі  дірілдеп  хатшының 

қолындағы  мүбәрак  қағазды  жұлып  алып,  ортасынан  қақ  айырды  да 

лақтырып жіберді. 

Онысымен қоймай мұсылман елшіге: 

"Дүние-мүлік,  билік  пен  салтанат  тек  менің  иелігімде  болмақ. 

Жеңілемін деп те қорықпаймын. Менімен ешкім  күш сынасып бәсекеге түсе 

алмайтынына  сенімдімін.  Перғауын  бір  кездері  бүкіл  Исрайыл  ұрпағын 

бағындырды.  Сендер  одан  мықты  емессіңдер,  сендерді  бағындыруыма 

ешқандай кедергі де жоқ. Мен перғауыннан да күштімін деп ақырды". 

Пайғамбарымыздың  Кисраға  жолдаған  хатының  толық  мәтіні 

төмендегідей: 



"Бисмилләһир-рахманир-рахим! 

Аллаһтың  Расулы  Мұхаммедтен  (с.а.у.)  парсылардың  басшысы 

Кисраға! 

Тура  жолға  түсіп,  Аллаһ  пен  пайғамбарына  иланғандарға,  бір 

Аллаһтан басқа тәңірінің жоқтығына сеніп, оған серік қоспағандарға және 

Мұхаммедті Аллаһ Расулы деп танығандарға сәлем! 

Мен  сені  Аллаһтың  дініне  (Исламға)  мойынсұнуға  шақырамын... 

Өйткені мен  "Тірілердің басына  келер  қауіпті ескертіп, кәпірлерге азаптың 

хақ  екендігін  білдіру"  (Ясин,70)  үшін  пайғамбар  ретінде  жіберілдім. 

Мұсылман  болсаң  бейбіт  өмірге  қол  жеткізесің.  Егер  шақыруымды  қабыл  

алмасаң, бүкіл халқыңның күнәсі сенің мойныңда болмақ!" 

Хазіреті  Абдуллаһ  ибн  Хузафа  пайғамбарымыздың  хатын  Кисраның 

қолына  ұстатып,  өз  міндетін  орындады.  Кисра  ашуланып  елшіні  сарайдан 

қуып шыққан. Абдуллаһ ибн Хузафа көлігіне міне салып "Мәдина қайдасың" 

деп желе жөнелді. 

Ислам  орталығына  келген  ол  РасулАлланың  құзырына  кіріп,  болған 

жайды бастан аяқ баяндап береді. 

Сүйікті Пайғамбарымыз тыңдап болған соң: 

"Уа, 

Раббым! 


Залым 

Кисраны 


саған 

тапсырдым", 

дейді. 


Пайғамбарымыздың аузынан шыққан лебіз орындалмай қалған емес. 

Көп  ұзамай  Кисра  Пәруиздің  туған  ұлы  таққұмар  Ширауайх  әкесін 

қанжар сұғып өлтіреді... 

...Кейінірек  Хазіреті  Саад  ибн  Әби  Уаққас  бастаған  әскерлер  Иранды 

жермен-жексен етеді. Сасанидтер мемлекетінің күлі көкке ұшады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет