Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет324/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Хайбардағы тыйым 

Пайғамбарлар  падишасы  Хазіреті  Мұхаммед  Хайбарды  алған  күні 

мұсылмандарға төрт нәрсеге тыйым салды: 

1) Тұтқын әйелдерге тиісуге; 

2) Есек тұқымдастарының етін жеуге; 

3) Жыртқыш хайуандардың етін жеуге; 

4)  Олжаланған  дүниені  бөліске  түспей  жатып  сатуға  немесе  сатып 

алуға. 


Хайбардағы  жеңістің  мұсылмандар  үшін  үлкен  маңызы  бар.  Хайбар 

яһудилердің айбары саналатын да, оған ешкімнің  тісі батпайтындай  көретін. 

Осы  айбарының  тізе  бүгуі  нәтижесінде  бүкіл  яһуди  қауымы  Ислам 

мемлекетіне  бас  иді.  Бұған  дейінгі  Худайбия  келісімі  арқылы  мүшріктерден 

төнетін  қатердің  алды  алынған-ды.  Мүшріктер  мен  яһудилер  бұрынғыдай 

ауыз жаласатын күн келмеске кетті. 

Хайбар қамалдарының мықтылығымен, қару-жарақ молдығымен, соғыс 

өнерін 


жақсы 

меңгерген 

жігіттердің 

көптігімен 

былайғы 

жұртты 


сескендіретін-ақ  еді.  Солай  бола  тұра  Ислам  әскерінен  жеңілуі,  мал-

мүліктерінен 

түгел 

айрылып 


мұсылмандарға 

бас 


июі 

атыраптағы 

тайпалардың  да  көзін  қорқытып,  сахаба  мужаһидтердің  мызғымас  күш 

екендігін мойындатты... 

Хайбар  жеңісінен  соң  Арабстанды  мекендеген  өзге  ру-тайпалар  өз 

еріктерімен  Ислам  үстемдігін  қабылдай  бастады.  Саралай  келгенде 

айтарымыз, Хайбарды алу - Ислам тарихының маңызды оқиғасы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет