392
Ислам армиясының жолдың қашықтығын місе тұтпай, сақадай
сайланып күшті Византия империясына қарсы шығуының өзі ерлік еді. Дүйім
дүниені дүр сілкіндірген румдықтардың мұсылмандарға қарсы тұрудан бас
тартуы - иман алдына тізе бүгудің нышаны.
Алланың ақ жолы - Ислам шұғыласы шартарапқа жайылғанның белгісі
еді бұл.
Зиянды мешіт
Пайғамбарымыз Тәбүк жорығына дайындалып жатқан тұста бір топ
мунафиқ келіп:
"Уа, Расулуллаһ! Біз қолайсыз ауа райында, түнде үйінен ұзап шыға
алмайтындарға, науқас бауырларымызға қайырым жасау ниетімен жақын
маңға мешіт салуды ойластырып, құрылысын бастадық.
Сенен сұрайтынымыз - осы ғибадатханамызға келіп жамағатқа намаз
қылдырсаң", - дейді.
Әрине, сырттай қарағанда қолдайтын-ақ шаруа, орынды тілек. Бірақ,
бұл да пасық пиғылдан туындаған еді. Біріншіден, мұсылмандарды жікке
айырып, өздеріне тарту, ал екіншіден Әбу Амир Рахип ибн Абди Амир есімді
мұсылмандардың қас жауы:
"Бір мешіт салыңдар да, ішін қару-жараққа толтырыңдар. Мен Рум
билеушісіне барамын, көмекке әскер сұраймын да, қалың қолмен баса-көктей
келіп, Мұхаммед пен оның жолындағыларды Мәдинадан қуып шығамыз", -
деп көсемсіген.
Расулуллаһ (с.а.у.) алғашқыда олардың түпкі ойын білмегендіктен, оң
шаруаны қолдайтынын, алайда Тәбүкке жорыққа аттанғалы тұрғанын айтып:
"Аллаһ жолымызды оңғарып, аман-есен оралар болсақ, қайтар жолда жаңа
мешітте намаз оқырмыз", - дейді.
Мунафиқтар пайғамбар мен сарбаздардың жолын тосып, екі көздері
төрт болады. Ақыры асыға күткен күн де жетті-ау. Пасық ниеттілер
мұсылман
сарбаздарды
қарсы
алып,
Пайғамбарымызға
қошамет
көрсеткенсіп, өздері тұрғызған жаңа мешітке шақырады.
Алайда Аллаһ сүйікті елшісін мунафиқтардың жәдігөй жоспарынан
хабардар етті. Тәубе сүресінің бірнеше аяты уахи болып, онда былай
делінеді:
(Мунафиқтардың бір тобы Құба мешітінің жамағатын ыдырату,
қарсылықты күшейту және үнемі Пайғамбарымызға қарсы жүрген Амырдың
Шамнан
келуін
қошеметтеп
тосу
мақсатымен
бір
мешіт
салып
Пайғамбарымызды намаз оқып беруге шақырады. Пайғамбар Тәбүктен
қайтқанда келмекші болады.) "Сондай зиян тигізу, қарсы келу,
Достарыңызбен бөлісу: