Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ СЫРҚАТТАНУЫ ЖӘНЕ ДҮНИЕДЕН ӨТУІ



Pdf көрінісі
бет361/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ СЫРҚАТТАНУЫ ЖӘНЕ ДҮНИЕДЕН ӨТУІ 

Хижреттің  он  бірінші  жылы,  сафар  айының  жиырма  алтысы.  Күн 

дүйсенбі. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзін жайсыз сезініп, жанына батқан бас ауруын 

елемеуге тырысқан. Соған қарамастан Ол ішкі-сыртқы жағдайларды реттеуге 

бас-көз  болған,  әсіресе,  румдардан  төнер  қауіптің  алдын  алу  қажеттігін 

түйсінген.  Сол  мақсатпен  асхабымен  кездесіп  византиялықтарға  қарсы 

жорыққа  шығуды  жөн  деп  шешкен.  Дүйсенбі  күнгі  кеңес  шешімі  бойынша 

сахабалар жан-жақты дайындыққа кіріседі. 

Ертесі күні Расулаллаһ Хазіреті Усама ибн Зәйдті шақырып: 

"Сені  осы  жорықта  қолбасшылыққа  тағайындаймын.  Ойланып  тұрарға 

уақыт тар, тез жинал, әкеңді шейіт қылғандарға қарсы шайқасқа шық. 

Аллаһ саған жеңісті нәсіп етсе, ол жерде алаңдамай, кері қайт!" 

Болмыс  Сұлтанының  (с.а.у.)  фәниден  көшер  уақыты  сәт  санап 

жақындай  түскен.  Түн  ортасында  шырт  ұйқыдан  ояна  салысымен  сыртқа 

шыққалы жатқан Пайғамбарымыздан Айша анамыз: 

"Қайда барасыз, уа, Расулаллаһ?" - деп сұрады. 

Аллаһ Расулы: 

"Бақи  зиратына  жерленген  бауырларым  үшін  Аллаһтан  ғафу  өтінуім 

қажеттігі білдірілді. Зиратқа барамын", - деді. 

Хазіреті  Расулаллаһпен  бірге  Әбу  Рафи'  мен  Әбу  Муәйхиб  те  ілесе 

шықты.  Пайғамбарымыз  қабірлерді  аралап,  әрбіреуінің  басында  ұзынсонар 

дұға оқып, бата қайырды. Сонан соң Әбу Муәйхибке қарап: 

"Уа,  Әбу  Муәйхиб!  Маған  дүниелік  қазына  мен  ақырет  нығметтерінен 

біреуін таңдауға рұқсат берілді. Мен ақыретті қаладым...", - деді. 

Мұны  естігенде  Әбу  Муәйхибтің  көзі  жасқа  толып,  көңілін  қайғы 

торлады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет