Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбардың ата-анасының иманы турасында



Pdf көрінісі
бет48/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Пайғамбардың ата-анасының иманы турасында 

Пайғамбардың ата-анасының иманы мәселесіне келер болсақ, 

1) Әкесі Абдуллаһ пен анасы Әмина пайғамбарға пайғамбарлық міндеті 

берілместен  көп  уақыт  бұрын  о  дүниелік  болған,  пайғамбарлық  келгенге 

дейінгі фәтрат кезеңінде өмір сүрген. 




 

53

Бір  күні  кемеңгер  ғұлама  Шарафуддин  Мұнауиден  біреу:  «Мұхаммед 



пайғамбардың ата-анасы жәһаннамда ма?» - деп сұрапты. 

Данышпан  Мұнауи  қатуланып:  "Ардақты  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) 

ардақты ата-анасы фәтрат кезеңінде өмірден өткен. Ал пайғамбар жіберілмес 

бұрын өмір кешкенге азап жоқ, кешірім бар", - деп жауап беріпті. 

Бір  пайғамбардың  үндеуін  естімеген  Аллаһтың  жолынан  мүлде 

бейхабар  адамның  ақыретте  азапталмайтыны  Құран  аяттарында,  хадистерде 

айтылады. 

Пайғамбарымыздың  ата-анасына  өздеріне  дейін  өмірден  өткен 

пайғамбарлардың  тура  жолға  шақыруы  жетпегенін  тарих  дәлелдейді.  Олай 

болса, сөз жоқ олар ақырет азабына душар болмайды. 

2)  Аллаһ  Елшісінің  аяулы  әке-шешесінің  Аллаһқа  ортақ  қосқандығы 

жайлы бірде бір мәлімет жоқ. Бәлкім, олар Зәйд ибн Амр ибн Нуфайл, Уарақа 

ибн  Нәуфал,  т.б.  сияқты  ұлы  бабалары  Ибраһим  (а.с.)  пайғамбардан  жеткен 

сенімді, ғұрыпты ұстанған ханифтер болар. 

3)  Сүйікті  пайғамбардың  ата-анасының  пәк  сенімдегі  жандар 

болғандығын  "Мен  пәк  бабалар  мен  аналардың  ұрпағы  боп  жаратылдым" 

деген хадис нақтылай түседі. 

Құран  Кәрімде  мүшріктер  үшін  нәжіс  сипаты  қолданылған.  Тазалық 

пен  нәжіс,  иман  мен  күпір,  мумин  мен  мүшрік  қайшы  ұғымдар  екенін 

ескерсек,  жоғарыдағы  хадиске  сүйене  отырып  Аллаһ  Расулының  ата-

бабасының руханияты таза болғандығына көз жеткізе түсеміз. 

Аллаһ  Хазіреті  Мұхаммедті  (с.а.у.)  бүкіл  жаһанға  рақым  етіп 

жібергенін  баяндайды.  Ал,  жарық  дүниеге  көзін  ашпас  бұрын  он  сегіз  мың 

ғаламға сәуле шашатын Оның нұры ата-бабасының бойында сақталған. Тұла 

бойында әлемнің нұрын тасып, құрсағында Аллаһ Тағаланың сүйікті елшісін 

көтерген ана мен әкенің иманына шүбә келтірудің өзі қисынсыз. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні,  ардақты  Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) ата-анасының жаны жәннатта, әрбір мұсылман бұл ақиқатты аксиома 

деп білгені жөн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет