Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Оқы!  Сені жаратқан Раббыңның атымен!



Pdf көрінісі
бет70/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

"Оқы! 

Сені жаратқан Раббыңның атымен! 

Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. 

Оқы,  сенің  Раббың  -  қаламмен  жазуды  үйрететін,  адамға 

білмегендерін үйрететін асқан жомарттылық иесі" (Алақ сүресі, 1-5 аят). 

Толқу  мен  қорқудан  арылған  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  өзі  сөйлейтін 

тілде түсірілген аяттарды сөзбе сөз қайталап шықты. Ә дегеннен-ақ айтылған 

аяттарға Аллаһтың Расулының тілі төселіп, жүрегінің төрінен орын алды. 




 

81

Міндетін  орындаған  Жебірейіл  періште  сол  сәтте-ақ  көзден  ғайып 



болды. 

 

"Менің үстімді жабыңдар!" 

Иләһи  уахидың  әсерінен  айыға  алмай,  толқып,  дірілдеп  қалтыраған 

күйі Аллаһтың Расулы үңгірден шығып, Меккеге келді. 

Жолшыбай Ол небір қызықтың куәсі болды. Алға қадам аттаған сайын 

тау мен тас, ағаштар мен өсімдіктер: 

"Әссаламу а'лайка иа, Расулаллаһ!" деп бас иіп сәлем беріп, онымен де 

қоймай жаңа жүктелген ұлы міндетімен құттықтап жатты. 

Үйіне  жеткенде  үрей  мен  таңданысын  жеңе  алмаған  ол  сөйлеуге 

шамасы келмеді. 

Не болғанын түсінбей аңтарыла қараған әйеліне: 

"Менің үстімді жап, жамылғы бер", - деумен ғана шектелді. 

Хазіреті  Хадиша  күйеуінің  халінен  бір  нәрсе  болғанын  сезсе  де,  бір 

ауыз  сөзге  келместен  айтқанын  орындады.  Апыл-ғұпыл  төсегін  салып, 

жатқызды  да,  үстін  қымтай  жапты.  Мұхаммед  (с.а.у.)  санасын  шырмаған 

ойларымен арпалысып жатып көзі ілініп кетті. 

Көп ұйықтамағанмен, оянған сәтте аз да болса өзіне келгендей еді. Жан 

жары Хадишаға басынан өткергендерін әңгімелеп болып ең соңында: 

"Ей,  Хадиша!  Сенен  несін  жасырайын,  қорыққаным  рас.  Бірдеңеге 

ұрынам ба деп қорқамын", - деді. 

Аллаһ  Расулының  бұл  сөздері  өзіне  сеніп  тапсырылған  мәңгілік 

құрметті  міндетке  лайық  бола  алам  ба  деген  ішкі  қанағатсыздығынан 

туындаған еді. 

Алайда,  пайғамбарға,  оның  ішінде  де  соңғы  пайғамбарға  жар  болуға 

лайық деп таңдалған асқан көрегенділікке ие парасатты Хадиша бұл сәтте де 

жұбайына жұбаныш бола білді. 

"Қорқатын, үрейленетін ештеңе жоқ. Уайымдама, еш тайсалма. Жігерің 

мұқалмасын. 

Жаратушының 

сен 


тәрізді 

құлын 


ешқашан 

ұятқа 


қалдырмайтындығына кәміл сенемін. 

Сенің  тек  шындықты  айтатындығыңа  сенімім  мол.  Аманатты  иесіне 

табыстағанша  жаның  жай  таппайтындығын  да  білемін.  Туған-туыстарыңмен 

де  ара-қатынасың  жақсы.  Көрші-көлемге  ерекше  көңіл  бөліп,  мейірімділік 

танытасың.  Жарлы-жақыбайдың  досы  да  сенсің.  Шарасыз  қалғандарға 

үйіңнің төрінен орын беріп, күтесің. Қиын-қыстау  жағдайларда халқыңа қол 

ұшын беретін де - Сен. 

Ей, бауырым, шыдап бақ. Уаллаһи, мен сені осы үмметтің пайғамбары 

болар деп үміттенемін", - деді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет