Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет211/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   377
Пітір садақасы - уәжіп 

Рамазанда  ораза  тұту  парыз  деп  бұйырылған  жылы  аталмыш  айдың 

соңында пітір садақасын беру уәжіп екендігі бекітілді. 

Пайғамбарымыз  үлкен-кіші,  ерікті  не  құл,  еркек,  әйел  деместен  әрбір 

шамасы  жеткен  мұсылманға  рамазандағы  айт  намазына  дейін  белгілі  бір 

мөлшерде пітір садақасын кедей-кепшікке үлестіру қажеттігін ескертті. 

 

Тарихтағы тұңғыш айт намазы 

Шәууал  айы  туып,  күн  төбеге  көтерілгенде  Пайғамбарымыз 

мұсылмандарға  оразаларын  ашып,  айт  намазға  жиналуға  әмір  берді. 

Жамағатпен бірге Өзі де шығып азансыз, қаматсыз айт намазын оқыды. 

Аллаһ  Расулы  Мәдинаға  көшіп  келгенде  жергілікті  халықтың  дәстүрлі 

екі  мерекесі  бар  еді.  Пайғамбарымыз  оларды:  "Аллаһ  Тағала  сіздерге  ол 

мейрамдардан  әлдеқайда  қайырлы,  құтты  екі  мереке  -  Рамазан  және  Құрбан 

айтын берді", - деп қуантты. 

Айт  намазын  Расулаллаһ  Мәдинаның  шығыс  жақ  қақпасы  тұсындағы 

намаз  оқу  үшін  арналған  арнайы  орында  оқитын.  Рамазан  айты  намазына 

дайындалып  үйден  шығарда  бірнеше  құрма  жейтін.  Айт  намазына  барған 

жолымен қайтарда жүрмейтін болған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет