Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет223/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Соңғы шешім 

Мұхаммед  (с.а.у.)  көпшіліктің  жауды  қаланың  сыртынан  тосу  туралы 

тілегіне орай, ұрысты ашық алаңда өткізуге шешім қабылдады. 

"Сабыр мен төзім болса Аллаһ бұл жолы да көмегін аямас. 

Біздің міндетіміз - жігер мен қайратты ұштастыру ғана!"-деді Ол. 

Күн 


жұма. 

Пайғамбарымыз 

жұма 

намазын 


қылдырған 

соң 


мұсылмандарға  жиһад  жайында,  оның  маңызы,  оған  дайындық  туралы 

кеңінен әңгімелей келіп: 

"Жиһадта тартыншақтау, кешігу - әлсіздік. Сабыр сақтап алған бетінен 

қайтпаған жағдайда Аллаһтан жәрдем келер. 

Сабырлы,  шыдамды  болыңыздар!  Сабыр  мен  төзім  болса  Аллаһ 

көмегін аямайды",-деді. 

Мұнан  соң  Аллаһ  Елшісі  екінді  намазын  да  жамағатпен  бірге  оқып, 

Хазіреті  Әбу  Бәкір  мен  Хазіреті  Омарды  ертіп  үйіне  барды.  Екі  айнымас 

серік пайғамбарымыздың шайқасқа дайындығына көмектеседі. 

Пайғамбарымыз  сауыт-сайманын  сайлануға  кеткенде  сыртта  топ-топ 

болып жиналған мұсылман әскерлерінің назарын Саад ибн Муаз бен Үсәййід 

ибн Худайыр аударды: 

"Мәдинадан шығуды қаламаса да, сіздер қаладан шығуды ұсынып, тас-

табандап  тұрып  алдыңыздар.  Ал  Оған  әмір  көктен  келетінін  естен 

шығардыңыздар.  Әлі  де  болса  бұл  істі  Оның  қалауына  бергендерің  жөн. 

Соның айтқанымен жүрейік". 

Манағы  дұшпанмен  сырт  алаңда  кездесуге  асығып  тұрғандардың  көбі 

бұл сөздерден соң тосылып, тіпті өкінген сыңай танытты. 

Расулаллаһ  сауытын  сайлап,  қылышын  алып  үйден  шыққанда  бәрі 

бірауыздан: 




 

247


"Уа,  Расулаллаһ,    Сен  қаламағанға  біз  де  қарсымыз.    Егер  қаласаң, 

Мәдинада  қалып,  ішкі  қорғанысқа  көшейік",-деді.  Расулаллаһ  (с.а.у.)  былай 

деп жауап берді: "Пайғамбар   сауытын   киініп   сайланған   соң   дұшпанмен 

шайқаспастан,      Оның      жауымен      арасында      Аллаһтың      үкімі  шыққанға 

дейін сауытын шешінуі жөн емес. 

Шапшаң  бұйрықты  орындауға  кірісіңіздер.  Аллаһтың  атын  ауызға 

алып жолға шығыңдар. Шыдам мен сабыр көрсеткен сайын Аллакгың көмегі 

жететін болады". 

 

Ислам әскері 

Мұсылман  әскерінің  жалпы  саны  бір  мыңға  жуық  еді.  Яғни  небары 

құрайыш қолының үштен біріндей-ақ. Жүзі ғана сауыт киінген. 

Армияның  үш  байрағының  біреуін  -  Мусаб  ибн  Үмәйір,  әустердікін  - 

Усәййід ибн Худайыр, хазражтардікін - Хубаб ибн Мунзир ұстады. 

Мұсылман қолы сапарға дайын... 

Пайғамбарымыз  атына  мініп,  садағын  иығына  асып,  найзасын  қолына 

алды...  Мәдинада  орнына  Абдуллаһ  ибн  Үммү  Мәктумды  қалдырды.  Сауыт 

киінген екі сахаба- Саад ибн Муаз бен Саад ибн Убада алдында, мужаһидтер 

оңында, солында ілгері жылжыды. 

Ислам  әскері  Сәнийа  төбесіне  жеткен.  Пайғамбарымыз  арт  жақтан 

қалың нөпір әскердің келе жатқанын көрді. 

"Бұлар кім?"- деп сұрады Расулаллаһ. 

Мужаһид  сахабалар:  "Абдуллаһ  ибн  Үбәй  бастаған  яһудилер  мен 

олардың одақтастарынан құралған алты жүз адамдық әскер қолы",-деп жауап 

берді. 


"Олар мұсылмандықты мойындады ма?" 

"Жоқ",- деген жауапты ести сала Мұхаммед(с.а.у.): 

"Жылдам  барып,  кері  қайтарыңдар.  Олардың  көмегіне  зәру  емеспіз",-

деді. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет