Қайғылы нәтиже
Мүшріктер шайқастың күшеймейтінін аңдаған соң, Ислам әскерлері
қайта жиналып, өздеріне келем дегенше, майдан шебін тастап кеткеннің
дұрыс боларын іштей есептеп, тәкаппарлана кейін шегінді.
Нәтиже шынында да қайғылы, ғибратты, ойландырарлық еді...
Соғыста мужаһидтерден 70 адам шейіт болды. Мәңгілік мәрттіктің
символындай болған қаһармандар Хазіреті Хамза, Хазіреті Мусаб ибн
Үмәйір сынды сахабалар орны толмас қазаға ұшырады. Әбу Дужана, Несібе
ханым Аллаһ Елшісін қорғау үшін жанқиярлықпен шайқасып, денелері
шұрық-тесік болған.
Шайқас басталғанда жеңіс мужаһидтер жағында секілді көрінгенмен
Ғаламның рақым нұры Расулалламың нұсқау-бұйрықтарын соңына дейін
орындамаған атқыш әскерлердің бір бөлігінің орындарын тастап кетуі
салдарынан мұсылмандар жеңіліске ұшыраған. Ухуд жері шейіт қанымен
жуылды. "Ол бізді, біз оны сүйеміз" деп пайғамбарымыз сипаттаған қасиетті
Ухуд тауы қайғы жамылды.
Пайғамбарымыз жарақаттанған, әбден шаршап-шалдыққан, жүруге әлі
қалмаған... Хазіреті Саад ибн Муаз бен Хазіреті Саад ибн Убаданың
қолтығынан демеуімен көптеп-көмектеп мұсылмандарға пана болған үңгірге
қарай жылжыды. Біраз жүрген соң тіпті дәрмені құрып, қозғалуға шамасы
келмей қалады. Үстіндегі екі қабат сауыттың ауырлығы да денесін
көтертпейді.
Пайғамбарымыздың мүшкіл халін аңдаған Талха ибн Убайдуллаһ
тізерлеп отыра қалды да:
"Уа, Расулаллаһ, мін арқама, Сені көтеріп жүруге менің күшім жетеді",-
деп пайғамбарымызды паналайтын жерге дейін көтеріп әкеледі.
Аллаһ Расулы жуынып-шайынып, сонда тынығады...
Достарыңызбен бөлісу: |