ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ЖУАЙРИЯМЕН ҮЙЛЕНУІ
Хазіреті Жуайрия мусталық рубасы Харис ибн Әбу Дырардың
Мурайси жорығында тұтқынға алынған қызы. Күйеуі пайғамбарымыздың қас
жауы Мусафи ибн Сафуан шайқаста мерт болады. Жесір әйел Жуайрия
тұтқындар үлестірілгенде Сабит ибн Қайстың үлесіне тиеді.
Хазіреті Жуайрия Сабит ибн Қайсқа підия төлеп азаттыққа шығуды
армандайды. Бірақ қол қысқа. Ойланып-толғанып пайғамбарымыздан підия
өтеуге көмектесуін өтінеді. Расул Әкрам оған:
"Сен үшін мұнан да қайырымды жол жоқ па?"- деп сұрайды. Күтпеген
жерден қойылған сауалға не деп жауап берерін білмей қалған әйел біраз
күмілжіп тұрды да:
"Уа, Расулаллаһ! Мен үшін азаттықтан қайырлы не болуы мүмкін?"-
дейді.
Пайғамбарымыз: "Сенің підияңды өтеп, ақ некелілерім арасына қоссам
ше?"- дейді. Жуайрия мүлдем аң-таң. Күңдіктен құтылып қана қоймай кез
келгенге бұйырмайтын бақытқа кенелу! Үндемей ойға шомды. Осыдан біраз
бұрын көрген түсін еске алды: Ай Мәдинадан шығып дөңгеленген күйі
қойнына кірген-ді... Сонан соң пайғамбарымызға қарап:
"Уа, Расулаллаһ! Егер мені мұндай құрметке лайық деп білсеңіз, мен
үшін мұнан артық дәулет те, бақ та болмақ емес",- деді.
Достарыңызбен бөлісу: |