Орлар қазылып бітті
Ор қазуға белсене кірісіп бар қажыр-қайратымен тер төккен сахабалар
тағы да Аллаһқа және оның Расулына деген шын берілгендіктерін бір рет
дәлелдеді. Жұмыс кезінде, ұлы сөзде ұяттық жоқ, әжет үшін де пайғамбардан
рұқсат сұрайтын. Бұл да сахаба жанқиярлығының бір үлгісі еді. Аллаһтан
түскен аяттарда да олардың нағыз мумин екендіктері баса көрсетіледі.
Мәселен, нұр сүресінің 62-аятында:
«Нағыз мұсылмандар Аллаһқа және оның Расулына иман
келтіріп, топ болып іске кіріскенде пайғамбардың рұқсатынсыз
жұмысты тастап кетпейді» делінеді.
Пайғамбарымыз бен мұсылмандардың бар ынтасымен берілген бұл
ісіне мунафиқтар жеңіл-желпі қарап ат үстінен қимылдағандай әсер
қалдырды. Тиіп-қашып қазған болып, істегісі келмесе жұмысты тастап кете
беретін. Онымен де шектеле қоймай мұсылмандарды қағытып, мазақ етіп
ойларына келгенді істейді.
Аллаһтан түскен аяттарда олардың орынсыз әрекеттері де сөз болады.
300
Нүр сүресінің 63-аятында осыған қатысты:
Достарыңызбен бөлісу: |