Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет287/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Саад ибн Муаздың үкімі 

Құрайзалар  жиырма  бес  күнге  созылған  қорғаныстан  соң  амалдары 

құрып,  мұсылмандарға  беріледі.  Соңғы  рет  өздеріне  қатысты  үкім  шығару 

үшін қазы тағайындалуын Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) өтінеді. 

Аллаһ Елшісі олардың өтініштеріне: 

"Асхабымнан 

өз 


қалауларың 

бойынша 


қазы 

болар 


адамды 

таңдаңыздар", - дейді. 

Құрайза  бір  ауыздан  Саад  ибн  Муаздың  үкіміне  разы  екендіктерін 

айтады.  Саад  ибн  Муаз  Хәндақта  ауыр  жараланып,  соны  емдету  үшін 

пайғамбар мешітіне барған-ды. Әустер оны пайғамбарға алып келеді. 

Хазіреті Расулаллаһ: 

"Уа,  Саад  мыналар  сенің  шешіміңе  бас  иетіндіктерін  білдірді.  Не 

айтасың?", - деді. 

Саад: 

"Уа,  Расулаллаһ!  Аллаһ  оларға  тиесілі  үкімді  саған  білдірген  болуы 



керек. Сен Аллаһтың әмірін орында!" - деп жауап берді. 

Хазіреті Расулаллаһ: 

"Солайы солай, дегенмен сенің үкіміңді естісек деп едік", - деді. 

Саад: 



 

311


"Уа, Расулаллаһ! Аллаһтың үкіміне сай болмай қалса деген қаупім бар", 

- деп ішкі күмәнін білдірді. 

Пайғамбарымыз сонда да: 

"Уа, Саад сен айтарыңды айт!" - деді нығарлап. Әустер құрайзалардың 

ескі одақтасы еді. Сол себепті Хазіреті Саад соларға қарап: 

"Құрайзалар  хақындағы  шешімімді  қабылдайтындықтарыңа  уәде 

бересіңдер ме?" - деді. 

Олар  бірауыздан  келісім  берді.  Хазіреті  Саад  ибн  Муаз  қазы 

болғандықтан,  Расул  Алланың  да  үкімге  ризалығын  алуға  тиіс  еді.  Аллаһ 

расулы сонадай жерде сахабалармен сұхбаттасып отырған. Пайғамбарымызға 

деген құрметінен оның атын атап сұрауға бата алмай: 

"Ана  жерде  отырған  кісі  де  менің  үкімімді  қабылдауға  Аллаһ  атымен 

уәде береді ме?" - деді. 

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) "иә" деген жауабынан соң Саад құрайзалардың 

қамалдан  түгел  шығуын  талап  етті.  Яһудилер  қару-жарақтарын  тастап 

берілген соң Саад ибн Муаз үкімін жария етті: 

«Мен  яһудилердің  балиғатқа  жеткен  адамдарының  өлтірілуіне,  дүние-

мүліктерін  мұсылмандарға  үлестіріліп  берілуіне,  әйелдер  мен  балалардың 

құлдыққа алынуына үкім шығардым». 

Пайғамбарымыз Саадтың үкіміне дән риза болып: "Сенің шешімің жеті 

қат көктегі Алланың үкіміне сай келді", - деді. 

Шындығында  да  Хазіреті  Саад  ибн  Муаздың  құрайзалар  туралы 

тоқтамы  Мұса  пайғамбардың  шариғатына  сайма-сай.  Тәураттағы  үкімнің 

баяндалуы былай: 

"Қандай  бір  қалаға  шайқасқалы  барсаң,  алдымен  ол  халықты  бейбіт 

келісімге  шақыр.  Егер  осыған  келісіп,  қақпаларын  ашып  бағынса,  салық 

төлеп, саған қызмет етсін. Алайда сенімен келіспей соғысар болса, қоршауға 

алғайсың.  Аллаһ  (Раббың)  оларды  саған  мойынсұндырған  сәтте  еркектерін 

қылышпен  өлтір.  Әйел,  бала-шағаны,  мал-мүлік,  олжаны  -Аллаһтың  саған 

берген дұшпандардың олжасын түгелдей пайдаға асырғайсың". 

Яһуди  құрайзалар  Тәураттағы  үкімге  амалсыз  бас  иіп,  берілген  жазаға 

келісті. Пайғамбарымыздың әмірімен балиғатқа жеткен еркектердің қолдары 

байланып,  Мәдинаға  әкелінді.  Мал-мүлік  түгелдей  жиналды.  Олжаның 

бестен  бірі  мемлекет  қазынасына  беріліп,  қалған  бөлігі  мұсылмандарға 

үлестірілді.  Еркектері  өлтірілді.    Шариғат  заңына  сәйкес  қоршау  кезінде 

жоғарыдан  тас  лақтырып  бір  сахабаны  шейіт  қылған  Нубата  атты  әйел  де 

өлім  жазасына  кесілді.  Бұрын  мұсылмандарға  жақсылық  жасаған  бірнеше 

құрайзалыққа сахабалар өтінішімен кешірім жасалды. Осылайша Мәдинаның 

айналасы зиянды әсерелерден тазартылды. Ұзақ уақытқа дейін мұсылмандар 

тыныш ұрыссыз күндер өткізді. 

 

 

 



 

 



 

312




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет