"Олар Аллаһтың елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай
қалғандарына мәз болды. Олар Аллаһ жолында малдарымен,
жандарымен соғысуды жек көреді. Олар "мына ыстықта соғысқа
шықпаңдар" деді.
Оларға былай де: "Тозақ оты мұнан да ыстық, бірақ олар барар
жерін білсе етті". (Тәубе, 81)
Тәубе сүресінің 49-аяты да сол мезетте түскен:
"Олардың бәз біреулері "Маған соғысқа қатыспауға рұқсат бер,
мені бүлікке, босқа әуреге салма" дейді. Байқаңдар, олар онсыз да әуреге
батқандар. Әлбетте, тозақ кәпірлерді толық қамтиды".
Анау деп, мынау деп жоқты-барды сылтауратқан сексенге жуық
мунафиқтар жорыққа шықпауға рұқсат алды. Олардың пайғамбарға
айтқандары ылғи-шылғи өтірік. Ол да Алланың уахиымен аян болды:
389
Достарыңызбен бөлісу: |