Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет53/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Ана орнына ана болған 

Әбу  Тәліптің  әйелі  Фатиманың  да  Мұхаммедке  (с.а.у.)  деген  аналық 

сүйіспеншілігі  шексіз.  Жетімдігін  сездірмеуге  тырысып  бағатын.  Өз 

балаларынан бұрын соның жағдайын жасап, барынша аянып қалмайтын. 

Ана  орнына  анасындай  болған  Фатиманы  пайғамбарымыз  да  аса 

құрметтеген.  Оның  жасаған  жақсылығын,  аналық  мейірімін  ешқашан  естен 

шығармаған. 

Мейірімді  Фатима  о  дүниелік  болғанда  Мұхаммед  (с.а.у.)  "Бүгін  анам 

өмірден өтті" деп қайғырған, үстіндегі көйлегін шешіп кебін қылып, мазарын 

қазысып,  көріне  кіріп  мәйітті  орналастырған  соң  қасына  бір  сәт  жатқан. 

Мұның себебін асхабы таңырқай сұрағанда ол: 




 

58

"Әбу  Тәліптен  кейінгі  жанашырым  еді.  Ақыретте  жәннаттың  жібегін 



жамылсын  деген  ниетпен  өз  жейдемді  жыртып  кебін  қылдым,  суық  қабірге 

тез үйренісіп кетсін деп жанына жаттым", - деп жауап береді. 

Өзіне  жасалған  зәредей  жақсылықты  екі  дүниеде  ұмытпайтын, 

жақсылыққа  жақсылықпен  жауап  беретін  мінезі  арқылы  көп  адамның 

жүрегіне жол тауып, ақиқатқа тартқан парасатты тұлғаның бір қыры еді бұл. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет