оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш кластан басталуы тиіс;
мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады;
бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті.
Оқу әдістемелік құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады.