Дамыта оқыту технологиясы


Дамыта оқытудың маңыздылығы: Жеке тұлғаның шығармашылықпен еркін айналысуына, ізденуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау



бет2/3
Дата16.06.2022
өлшемі40,63 Kb.
#36962
1   2   3
Байланысты:
дамыта окыту техн през

Дамыта оқытудың маңыздылығы: Жеке тұлғаның шығармашылықпен еркін айналысуына, ізденуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.


Дамыта оқытудың тиімділігі: Оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл- ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы ғана жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

Педагогикалық процесінің компоненттері

Дəстүрлі иллюстрациялық түсіндірме əдісі

Дамыту оқыту

Мақсаты

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық əрекетін дамыту

Бастапқы мазмұны

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дəлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс- əрекет

Оқыту əдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нəтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор:
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мəселені өз беттерінше шешуге талаптанады. Сөйтіп олар осы мəселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мəселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Əр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық əрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің əрекеті.
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту əдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мəселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нəтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дəстүрлі жүйедегі əміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет