Дамыта оқыту технологиясы-жеке тұлғаны өз бетімен дамыту құралы.Ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Онда мұғалім жай ғана мұғалім емес, танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы, бала интеллектісінің көзін ашуға, шығармашылығын дамытуға, баланы ойлауға үйрететін ерекше күш болып табылады. Мұндай сабақтарды, яғни, баланы ойлауға үйрететін сабақтарды біз дамыта оқыту сабақтары дейміз.
Дамыта оқыту сабақтары арқылы біз оқушының
Сезімін, түйсігін;
Ынтасын, қабылдауын;
Зейінін, есте сақтау қабілетін;
Ой, логика, қиял, болжамын;
Ерік-жігерін;
Оқу іс-әрекетін, дағдысын
Өз бетінше ізденісін, т.б. жеке сапалық қабілеттерін дамыта аламыз.