Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 10.47 Mb.

бет1/102
Дата30.12.2016
өлшемі10.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

 

 

 

 



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 

Қарағанды “Болашақ” маңызды білім беру колледжі 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Карагандинский колледж актуального образования “Болашақ” 

 

 



 

 

Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: 



тәжірибесі,  қазіргі жағдайы, мәселелері және 

даму бағыттары 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 

 

Современная система дошкольного 



образования: опыт, состояние, проблемы и 

векторы развития 

Материалы международной научно-практической конференции 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды 2015 

 

«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: тәжірибесі, қазіргі жағдайы, мәселелері 



және даму бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 

Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ» колледжі, Қарағанды 2014ж, 760 б. 

 

Материалы  Международной  научно-практической  конференции  «Современная  система 



дошкольного образования: опыт, состояние, проблемы и векторы развития», Карагандинский 

колледж актуального образования «Болашақ», г.Караганды - 2014г, стр. 760  

 

 

ISBN 978–601–273–270–2  



 

 

Жинаққа «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: тәжірибесі,  қазіргі жағдайы, 



мәселелері  және  даму  бағыттары»  атты  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияға 

қатысушылардың  мақалалары  енгізілген.    Мақалалар  білім  берудің  жаһандану  мен  ұлттық 

кеңістіктегі  мәселелеріне  арналған.  Жинақ  материалдары  білім  берудің  барлық  деңгейдегі 

қызметкерлер, педагогтар, ғалымдар, жас ізденушілердің назарына ұсынылған. 

 

Редакция алқасы ұсынылған ғылыми мақалалардың мазмұнына жауап бермейді. 



 

В  настоящем  сборнике  размещены  статьи  участников

 

Международной  научно-



практической  конференции  «Современная  система  дошкольного  образования:  опыт, 

состояние,  проблемы  и  векторы  развития».  Статьи  посвящены  проблемам  современного 

образования  в  глобальном  и  национальном  контекстах.  Материалы  сборника  представляют 

интерес  для  работников  всех  уровней  образования,  педагогов,  ученых,  начинающих 

исследователей. 

 

Редакционная  коллегия  не  несет  ответственности  за  содержание  представленных 



научных статей. 

 

 



 

Алқа мүшелері/Редакционная коллегия: 

Мамраева Г.Б., директор ККАО «Болашак», кандидат экономических наук 

Капанова И.Х, Тендікова А.Б., Әшен А.А., Ильяшова Б.Ф., Заверина Е.В., Тасбулатова М.А., 

Тусупбаева  А.К.,  Жексенова  Б.О.,  Казангапова  С.О.,  Мусина  Г.Г.,  Жамангарина  М.А., 

Абильдина Б.К. 

 

 



 

ISBN 978–601–273–270–2 

 

 

 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН – КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ 



СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НӘТИЖЕЛІ ҚҰРАЛЫ 

 

 

А.К.Абенова., Д.Е.Жакупова. 

КМҚК  «Ертөстік» балабақшасы 

 

 

Адамзат  баласы  өмірінде  маңыздылығы  жөнінен  ерекше,  ғажайып  кезеннің  бірі  – 

мектепке  дейінгі  кезең.  Осы  кезенде  баланың  танымдық  қабілеті  қалыптасып,  айналадағы 

дүниені,  әлемдегі  заттық  және  әлеуметтік  жүйені  ұғынады.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  қоршаған  ортаны  тануы  белгілердің  әр  түрлігінің  және  заттардың  қасиеттер 

арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін белсенді қызметті болжайды. Қазіргі таңда көру 

қабілеті  бұзылған  балалардың  саны  күннен  күнге  артып  жатқаны  белгілі,  бұл  балалардың 

әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, кеңістікті бағдарлау, көру арқылы қабылдау қабілеттерінің 

маңыздылығы зор. Бала дүниені сезім мүшелерінің көмегімен танып біледі, ал таным оның 

өмір  тәжірибесіндегі  таңдауларымен,  ақпараттар  туғызған  эмоциялық  сезімдермен  тығыз 

байланысты.  Көзді  –  «жан  дүниенің  айнасы»  дейді.  Жалпы  бала  қоршаған  ортаның  80 

пайызының көз арқылы қабылдайды. Көру қабілетінің бұзылуы алғашқы ақаулық түрі болып 

келіп, баланың танымдық дамуының қалыптасуына кемістіктің туындауына әкеп соғады. 

Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, педагогикалық маңызы зор 

қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге 

ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік 

маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның 

маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, қызметтің қандай манызы болса, нақ сондай маңызы 

бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да сондай болады». Сондықтан келешек 

қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.  

Ойын –баланың өмір танымының алғашқы қадамы. Ойынның басты ерекшелігі баланың 

ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойын – балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. 

Ойын барысында балалардың жеке басының қаситеттері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  көргендерін,  байқағандарын,  айналасынан  естігендерін  ойын  кезінде 

қолданатының байқау қиын емес. Балалар ойын барысында айналадағы болмысты бейнелейді. 

Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге 

мүмкіндік алады, достарымен араласуға үйренеді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қоршаған  ортаны  тануы  белгілердің  әр  түрлігінің 

және заттардың қасиеттері арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін белсенді қызметті 

болжайды. Көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық тәрбиенің нәтижелі құралдарының 

бірі  –  негізгі  іс-әрекетінің  бір  түрі  балаларды  тану  тәсілдеріне  оқыту  болып  табылатын 

дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындарды көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық 

даму процессіне әсер етуіне байланысты екі топқа бөлуге болады ( Л.И.Плаксина):  

1.

 



көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  сенсорлық  сфера  және  сенсорлық  қызметтің 

дамуына арналған дидактикалық ойындар; 

2.

 

логикалық  ойындар,  олардың  мақсаты  –  сенушілік  тәжірибені  мағыналық  жүйеге 



келтіруі. 

Бірінші топ ойындары балалардың айырып тану іскерліктері, салыстыру, заттық әлемін 

белгілеу, мінездемелі белгілерді атауды дамытады. 

Ойындардың  екінші  тобында  балалар  заттарды  жалпы  және  айырмалық  белгілері 

бойынша топтастыруға және жүйеге келтіруге үйренеді. Топтастыру кезінде балалар заттар 

аралық жалпылықты қондырады, жұптар құрайды, заттарды сенсорлық белгілері және кеңдік 

мінездемелерге байланысты топтарын құрастырады. Жүйеге келтіруге байланысты ойындарда 

балалар заттардың ара қатынасын айқын белгімен ғана белгілейді: бір түсті, бір мөлшерлі және 

т.б. 


 

Мазмұны  бойынша  дидактикалық  ойындардың  үш  түрін  ұсынуға  болады  (Удальцова 



Е.И., Михайлова З.А.): 

1.

 



заттармен ойын; 

2.

 



үстел-баспа ойыны; 

3.

 



ауызша ойындар. 

Көру  қабілеті  бұзылған  балалар  заттарды  көріп  толық  қабылдай  алмайтындықтан, 

олардың  қоршаған  ортадағы  заттар  туралы  түсініктері  аз  және  толық  емес.Заттармен  ойын 

заттық  ұсынулардың  және  заттармен  әрекетердің  құрылуына  жағдай  жасайды,  балаларды 

мінездемелі  белгілерді,  құбылыстардың  және  заттардың  қасиеттерін          талдауға  үйретеді. 

Ойындардың осы түрлері көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыста әсіресе маңызды, себебі 

олар маңызды дәрежеде заттық ұсынулардың баюына және анықтауына жағдай жасайды.  

Ойындар  мен  тапсырмалардың  нақты  үлгілерін  қарап  шығайық.  «Кім  таяқшаларды 

тезірек жинайды?» Балалар айқын түсті кішкене қораптарға бір түсті таяқшаларды жинауға 

ұсыныс жасалады. Ойын барысында олар түстерді диференциялайды, барлығы қанша таяқша 

жинағанын есептейді. Дәл осы таяқшалардан әр түрлі геометриялық пішіндер және қарапайым 

заттар бейнелеулерді (үй, жалауша, шырша, кішкене қашаны) жасайды.  «Дәл осындай тап» 

тапсырмасында  балалар  8-ден  10-ға  дейінгі  бір  түсті,  бірақ  әр  түрлі  реңді  дөңгелектерді 

диференциялайды.  Қараңғы  реңінен  жарығына  қарай  реңдерден  тұратын  қатар  жасайды. 

«Түстер бойынша жайып қой» ойынында балалар берілген үлгі бойынша түрлі түсті реңдер 

қатарын жасайды. Түрлі түсті реңдердің гаммасын тез жасаған бала ұтады. «Қай көбелектің 

қанаттары»  жаттығуында  балалар  көбелектің  әр  түрлі  мөлшерлі  қанаттарының  суреттерін 

қарайды  (5  жұп  қанат  беріледі).  Балалар  қанаттардың  мөлшерін,  түсін,  қанаттардағы 

өрнектерді  анықтап  қарайды,  бөлімдерден  тұтас  көбелекті  жинайды.    «Ою  жаса» 

дидактикалық  ойында  үлгі  бойынша  геометриялық  пішіндерден  ою  біріктіруге  ұсыныс 

беріледі. Осы кезде балалар олардың пішіндерін, түстерін, мөлшерін, кеңістіктегі орналасуын 

атайды.   «Шыныаяқтарға табақшаларды іріктеп ал» ойынында түрлі түсті шыныаяқтар мен 

табақшалар беріледі. Балалар әрбір шыныаяққа түсі лайықты табақша іріктеп алу керек. 

Көру қабілетін  белсендіруге жағдай жасаушы ойындарға  «Өрнекті лото», «Домино», 

«Кесінді  және  сюжетті  суреттерді»,  «Сиқырлы  қапшық»,  «Сиқырлы  дөңгелектер»,  «Айна», 

«Өрнекті кілем», «Тышқанды жасырі», «Сұрыптау»  жатқызуға  болады.  

Түс айыру қабілетін дамыту үшін «Шарларға түрлі түсті жіптер үйлестір», «Бөліктерден 

гүл біріктір», «Мозайка», «Кемпірқосақ түстері», «Бағдаршам», «Моншақтарды жіпке тізу». 

«Не 

алысырақ?», 



«Ұзын-қысқа», 

«Биік-аласа», 

«Жуан-жіңішке»,«Кең-тар» 

дидактикалық ойындары балалардың көз мөлшерін дамытады.  

Көрермен назарын және есте сақтау қабілеттерін дамытуға  «Не өзгерді?», «Тура сондай 

затты тап», «Не жоғалды?» т.б.   

Әлеуметтік-тұрмыстық  бейімделуге  «Отбасы»,  «Дүкен»,  «Шаштараз»,  «Емхана», 

«Хайуанаттар  бағы».  «Әрбір  балаға  өз  ойыншығын  тауып  бер»  ойынында  балалар 

ойыншықтарды теріп алады: ұл балаға-көлік, қыз балаға-құыршақ және т.б. Сонымен қатар 

ойыншықпен  ойнағанда  қандай  іс-әрекет  жасайтынын  атайды.  «Құыршақты  киіндір» 

ойынында балалар жыл мезгіліне сай, қуыршақтың мөлшеріне байланысты киім теріп алады. 

«Кім өз моншақтарын тезірек тізеді» ойыны көз мөлшері мен қол ұсақ моторикасын дамуына 

жағдай  жасайды.  Жылдамдылыққа  байланысты  ұтыс  эелементі  еңгізіледі.  Көрермен  кеңдік 

бағдар жасауына арналған   «Бөлмеде лайық  еңді, биік, ұзын заттарды  тап»,  «Кім  сенің қай 

жағында  тұр?»,  «Іздер»,  «Көрші»,  «Әрбір  ойыншықтың  өз  орны  бар»  ойынында  балалар 

ойыншықтарды мөлшері  сәйкесті қораптарға жинауға үйренеді.  «Кімнің телефоны?»  ойын 

шытырман  шешуге,  кім  кіммен  телефонмен  сөйлесіп  жатқанын  анықтау  үшін  көздермен 

телефон  бауының  бақылауға  үйретеді,  көру  арқылы  қабылдау,  кеңістікті  бағдарлау 

мақсатымен  ойнатылады.  Сабақтарда  және  ойындарда  алынған  барлық  іскерліктер  мен  

білімдер балалардың күнделікті өмірінде нықталып бекінеді.  

Серуен  уақытында  кеңдік  хабардар  болуды  және  көрермен  түйсіктерді  дамыту  үшін 

келесі  ойындар  мен  тапсырмаларды  қолдануға  болады:  «Екі  ағашты  салыстыр»,  «Ұқсас 



 

жапырақты  тап»,  «Қардағы  із»,  «Жолды  дыбысқа  жүріп  өт»,  «Ізбен  жүр»,  «Қайда 



жасырылды?», «Қар бүршіктерін салыстыр».   Серуенде табиғи құбылыстардың өзгеруі, жыл 

мезгілдерінің алмастырылуы, жануарлар мен өсімдіктер әлемін анықтап қарау және тексеруді 

келесі  ойындарда  байқауға  болады:  «Алғаш  түсіп  қалған  жапырақтардың  түсін  ата», 

«Жапырақ бойынша өсімдікті ата», «Құстарға жем бер», «Үлкен және кішкене мұзшаларды 

көрсет»,  «Гүлдерді  ата»  бұл  тапсырмаларда  балалардың  көру  функциялары  жаттығады. 

«Қоңырауды  қайдан  шалғанын  тап?»    ойынында  дыбыс  бағытын  кеңістікті  бағдарлауға 

жаттығу жүреді: алдымда, артымда, оң жағымда, сол жағымда, жоғарыда, төменде т.б. «Кім 

шақырғанын тап?» балаларды жолдастарының дауыстарын диференциялауға үйретеді.  

Көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  нақтылы  заттық  дүниемен  қатынасты  болатын 

ойындармен  қатар  балалар  ұсынулары  бекітілу  үшін  ауызша  дидактикалық  ойындар 

қолдануға болады. Мысалы:«Суреттеу бойынша тап» ойыны. Балаларға заттық бейнелермен 

суреттерді  ұсынады:  ойыншықтар,  ыдыс,  киім,  т.б.  Жұмбақ  жасыру,  затты  суреттеу. 

Жұмбақты шешкен карточканы алады. Карточканы көп жинаған бала ұтады. 

Дидактикалық жаттығулар: 

1.

 

берілген сөз нені білдіретінін бейнелеу



2.

 

сөзді оны бейнелейтін суретпен байланыстыру; 



3.

 

бірдей аяқталатын сөздерді құрастыру; 



4.

 

ұқсас сөздердің бұындарын атау. 



Сенсорлық  қимылдатқыш  ойындар  тану,  түрлерді,  түстерді,  мөлшерлерді  реңдерді 

топтастыруға арналған жаттығулар үшін қажет. Балаларға басқа заттарда таныс сапалар тап, 

тепе-теңдік  ұғымы,  салыстыру,  сұрыптау,  схемалардың  көмегімен  орналастыру  және  табу 

жаттығуларын көру арқылы қабылдау, кеңістікті бағдарлау қабілеттерін дамытады. 

Қарапайым ойындар көру қабілеті бұзылған балалардың бөлек затты заттардың тобына 

қоса санау қабілеттілігін дамытады. Келтірілген ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың 

жалпылауға  және  қоршаған  ақиқаттың  хабардар  болу  үшін  қабілеттіліктерін  жоғарлатады, 

сонымен қатар балалардың көру қабілетін дамытады және белсендіреді.  

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1

 

. Абрамович В.Л.,  Дьяченко О.М.,  Говорова Р.И.,  Цеханская Л.И.. 



«Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста.» 

Москва 1989 г. 

2

 

.  Вишневская  Т.А.  «Организация  и  содержание  коррекционно-подагогической  работы  в 



специальной дошкольной организации для детей с нарушением зрения». Караганда, 2009 г. 

3

 



. Касабуцкий Н.И.,  Скобелев Г.Н., Столяр А.А.,  Чеботаревская  Т.М. 

«Давайте поиграем»,  Москва 1991г. 

4

 

. Михайлова З.А. «Занимательный математический материал», Москва 1985 г. 



5

 

.  Плаксина  Л.И.  «Реабилитация  детей  страдающих  содружественным  косоглазием  и 



амблиопией», М. 1983 г. 

6

 



. Пилюгина Э.Г. «Занятия по сенсорному воспитанию» Москва 1986 г. 

7

 



. Удальцова Е.И. «Дидактичесские игры в воспитании и обучении дошкольников», Москва 

1976 г. 


 

 

 



БАЛАБАҚШАДА ДЕНСАУЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ 

 

 

Абдильдина М.К, Искакова А.С. 

№68 Мектеп-интернат-балабақша кешені 

 


 

 



Қазіргі  кездегі  елімізде  жүргізіліп  жатқан  білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен 

ықпалдасуға  бағдарланған.  Әлемдік  білім  кеңістігінен  жалпы  білім  берудің  басымдылық 

мақсаты  –  өзгермелі  өмір  жағдайына  тез  бейімделетін,  өз  жолын  дұрыс  таңдай  білетін,  оң 

шешім  қабылдай  алатын  тұлға  даярлау.  Қай  кезеңде  болмасын  білім  мен  тәрбие  егіз  ұғым 

екендігін  ескерсек,  отбасынан  бастау  алған  бала  тәрбиесі  мектепке  дейінгі  тәрбие 

ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі 

тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, 

бала  денсаулығын  сақтаудың  жолдарын  қарастыру  заман  талабынан  туындап  отырған 

жағдайлардың бірі. 

Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжіриебиесі  мол 

болғанымен, қазіргі заманда  баланың денсаулығының нашарлап бара жатқандығын көрсетіп, 

әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты 

меңзейді.  Ұлттық  денсаулық  сақтау  ұйымында  баланың  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу 

негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек 

психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап 

отыру қажет. 

Қазақстандағы  салауатты  өмір  салтын  дамытудың  бастамасы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 

жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. 

Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау 

болып саналады. 

Дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір адамның міндеті. Сондықтан, кез келген ата-ана, 

ұстаз сәбидің дене саулығына – дұрыс-өсіп дамуына, психикалық саулығына – ақыл-ойының 

дұрыс жетілуіне назар аударып, қадағалап отыру керек. Адамның денсаулығы бала күнінен 

қалыптасады.  Денсаулықты  қаншалықты  сақтап,  шынықтырса,  ол  соншалықты  мықты 

болады.  Балалар  ауруларын  төмендетуге  мүмкіндіктер  жасау    үшін  педагогтардың  кәсіби-

шеберліктерін өрлету  және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді 

ұйымдастыру.  Бұл  іс-шаралар  барлық  білім  салаларымен  байланыстырып,  әрекеттестіріп 

жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. 

Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды. 

Баланың  тұлғалық  ерекшелігін  ескере  күш-қайраттарын  қалыптастыру  және 

денсаулығын шынықтыруды жүзеге  асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын 

кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір 

күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп ас мәзірін  түрлендіріп, оны балаға жеткізу, 

қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді 

ұйымдастырылады. 

Баламен    шынықтыру    шараларын  ұйымдастыру  алдында  бірнеше  ережелерді  сақтау 

керек: 


Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, 

мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң 

қадағалауында болуы қажет. 

Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға 

көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, 

бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке 

дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.  

Балабақшада  оқу-тәрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жүргізу,  баланың 

денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық 

қызметкерлердің  бірлескен  нәтижелі  еңбектеріне  байланысты.  Осындай  мәселені  шешу 

барысында  біздің  анықтағанымыз,  баланың    денсаулығын  нығайтуда  және  аурудың  алдын-

алуда  тек  қана  баланың  қимыл  белсенділіктерін  көтеру  өте  аз,  сонымен  қатар  шынықтыру 



 

шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс 



түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. 

Мысалы,  жалаң  аяқ  жүру  табан  мен  буындарды  бекіту  әдісі  болып  табылғандықтан 

барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. 

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: 

 

Тыныс алу жаттығулары 



 

Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары 



 

Сымбатты түзету жаттығулары 



 

Созылу(стретчинг) жаттығулары 



 

Йога жаттығулары 



 

Көзге арналған жаттығулар 



Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен 

қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.   Баланың 

дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін 

күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға 

қарсы  тұруына  көмектеседі.  Себебі  ағзада  барлық  өмірлік  әрекеттер  белгілі  бір  тәртіппен 

жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды,  жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен 

-дем  шығару  кезектеседі,  асқазандағы  аста  белгілі  уақытта  қортылып  отырады.  Міне, 

сондықтан  мектепке  дейінгі  мекемелерде  күн  тәртібі  сақталуға  қатаң  көңіл  бөлінген. 

Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады. 

Баланың  денсаулығын  қалыптастыратын  бірнеше  факторлар  бар.  Солардың  ішіндегі 

бала  денсаулығын  қалыптастыруға  жол  ашатын  негізгі  шаралардың  бірі  –  бала  ағзасын 

шынықтыру.  

Шынығу  дегеніміз  ағзаның  қоршаған  орта  факторларына,  әсіресе,  метерологиялық 

факторларға  қарсы  тұру  мүмкіндігін  арттыратын  ем  шаралар  (процедуралар)  жүйесін 

айтамыз.Сонымен,  табиғаттың  өзінің  табиғи  факторларын  қолдана  отыра  (  ауа,  су,  күн  ), 

ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға, патогенді микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетін 

күшейтуге,  және  ағзаның  функционалды  жағдайының  жоғарлауына  жол  ашады:  жүрек-

қантамыр, тыныс алу жүйесінің қызметі жақсарып, терморегуляция үрдісі жетіліп, бұлшықет 

тонусы, негізгі алмасу күшейе түседі. 

Баланың  көңіл-күйінің  дұрыстығы,  яғни  шынығуды  бала  өз  еркімен  қалауы  қажет 

(баланы күштеуге болмайды, ондай іс-әрекет бала денсаулығына кері әсер бермесе, пайдасы 

болмайды).  Сондықтан  денсаулықты  нығайту  технологиялары  жауапкершілікпен  ойын 

әдістері  арқылы  кешенді  түрде  өтуі  керек.  Жас  ерекшеліктеріне  байланысты  жаттығу 

түрлерінің кешені ойластырылып және де күрделі түрде топтастырылады.  

Бала ағзасын шынықтыру мақсатында әр-түрлі терапияларды пайдалану өте пайдалы деп 

ойлаймыз.  Мысалы,  ароматерапия  балалардың  шаршағандығын  басады  және  жүйкелерін 

тыныштандырады.  

Музыкатерапия балалардың жүйке-жүйелерін бекітеді және балалардың қиялға беріліп, 

өз әсерлерін жеткізуге көмектеседі. Осы екі саланы қосқанда жақсы үйлесім табады.  

Суреттер  терапиясы  (арттерапия)  бұл  өте  әсерлі  бөлім.  Балалар  сурет  салу  арқылы 

шындықты, өзіне оң немесе теріс әсер еткен жайттарды жеткізе алады.  

Ертегітерапиясы 

 

балалардың 



жүрек 

түбіндегі 

арман-қиялын 

дамытады. 

Ертегітерапиясын  пайдалана  отырып,  балалардың  ішкі  дүниесіне  үңіліп,  олардың  танымын 

оятып, оның жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесуге болады.  

Құм терапиясын пайдалану баланың табиғи ортаға тез бейімделуіне көмектеседі.  

 


 

 



 

 

 

Құм терапиясы қиял-ойды ұштайды 

 

Балалар  ауруларын  төмендетуге  мүмкіндіктер  жасау    үшін  педагогтардың  кәсіби-



шеберліктерін өрлету  және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді 

ұйымдастыру.  

Қорытындылай  келе  біз  ұстаздар    қауымы    бүгінгі  заман  алдымызға  қойып  отырған 

күрделі  міндетті  абыроймен  атқарсақ,  болашақ  ұрпақтың  денсаулығын  нығайту  мен  сақтау 

біздің қолымызда болмақ. 

 

 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал