Используемая литература:
1.
«Инфологика» №10, 2012г.
2.
Дружинина Л.А. «Коррекционная работа в детских садах с нарушениями зрения»
Издательство «Экзамен», Москва 2006г.
3.
Назарова Т.С., Полат Е.С. «Средства обучения: технология создания и использования». –
Москва: Издательство УРАО, 1998г.
4.
«Справочник старшего воспитателя дошкольного учреждения». №4, 2012г.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ТЕАТР ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мусина Махаббат Шашубаевна
№33 «Алтын бесік» балабақшасы КМҚК
464
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақс
аттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер
сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сон
дықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің
бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш,
ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сеізінуге тырысады.
Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамыуын
театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындар
ды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан
тек желісі ғана емес, содай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні
айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде
балаларға арналған көркемдік шығармаларды саханалық қойылымдарға айналдырып,
оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы саханада кейіпкер ретінде
ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке,
мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер саханада шағын рөлдерде ойнау
арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де
балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге
жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді,
кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы
өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.
Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып,өз
сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге
араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді.
Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог
түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын.Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және
үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен
қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке
бөлінеді:дамытушылық, әсемділік, театрлық.
Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық,
музыкалық,
иілгіштік
ойындар
мен
жаттығулар
кіреді.
Дене
қозғалысының
нақтылығымен
еркіндігін
дамытуда,
өзінің
денесінің
сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық,
психологиялық қабілетін дамытады.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу
логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге,
сөйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен
айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту,
шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
тынысалу және артикуляциялық
дикциялық және интонациялық
сөздермен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін
меңгерту.
Бөлімнің
негізгі
тақырыптары:
театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы жә
не ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
465
Қойылыммен
жұмыс
–
жанама
бөлім,
авторлық
саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.
қойылыммен таныстыру
қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.
Дайындық
Қойылымды саханалау.
Театрландырылған ойынның жіктелуі
Драматизация Режиссерлық
Драматизациялық
ойында
бала
–
артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрек
ет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын –
драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз му
зыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері:
жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
шығармашылық көрсетілім;
бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.
Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді.
Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды.
Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Қуыршақ
бибабомен
ойын
–
драматизациясы.
Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтар
ды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және с
ахана қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады.
Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында
интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап,
оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы
адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді.
Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.
Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі
айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады.
Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей
болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді,
олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады.
Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір
бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың
саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргіз
ушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен,
ойынмен
көрсету
арқылы
шығармашылықтарын
дамытады.
Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
466
Саусақ
театрында–
саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын
саханалау
болып
табылады.
Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы арт
ады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала
лар
қоршаған
ортадағы
заттар
мен
құбылыстарды,
жан-
жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қим
ылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және
өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сон
ымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен
т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді
айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда
үстелде
құламай
тұратын
және
қозғалтқанда
еш
кедергісіз
жүретін
ойыншықтар
қолданылады.
Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан,
цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-
театр»;
магнит
театры;
«мачалка
театр»;
үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (
олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады);
ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Суреттер
театры
-Декорация
мен
кейіпкердің
–
суреттері.
Олардың
әрекеттері
шектелген.
Ойнаушының
дауыс
ырғағы
(интонация)
арқылы
кейіпкердің
мінез-
құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын
арттырады.
Кітапша театры - Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі.
Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді
(оқиғалар, кездесулер ).
Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі.
Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан,
журналдардан қиып алуға болады.
Трафарет
театры
-Трафарет
театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балала
р дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды
түрлі-
түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың
шығармашылық
ойлау
қабілеттері
дамиды.
Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-
тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар
және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі,
әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады.
Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі
мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады.
Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді.
Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды.
Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкер
лерді
көрсеткенде
қол
көрінбеу
керек.
Бұл
көріністер
балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.
Театрландырылған
іскерлік
арқылы шешілетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін.
467
Ертегіден
«сиқырлы
заттар»
арқылы
«ертегіге
ену».
Балалардың
елестетулерін
қалыптастыру.
Балаларға
көздерін
жұмғызып, демдерін ішке тартып оны қайта шығару арқылы көздерін ашу.
Одан кейін балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы; үстелге
(одан жұмыртқа жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақ пісірді ме? т.б.)
балалардан сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар.
Ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін.
Ондағы
кейіпкерлердің
эмоциясымен
және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез- құлықтары бар бейнелерді
бөліп алуға және олардың біреуінің орынына өздерін қоюы туралы айтамын.
Өздерін көрү үшін айна қолданылады.
Ертегіден үзіндіні ойнау- әр түрлі мінез- құлықтармен.
Режиссерлық ойын (құрлыс және дидактикалық материалдармен)
Ертегі балаларға ерекше айқын эмоционалді оқиғаны әңгімелейді.
Ертегідегі кейіпкерлердің суреттін салуға бояуға үйрету.
Үстел үстіндегі қозғалмалы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс -
әрекеттінен кейін ойнатуға болады. Онда балалардың өздерінің шығармашылықтары арт
тады.
Театрландырылған
ойынды
басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанд
а әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек.
Әр түрлі жастағы бала бақша топтарында жүргізілеттін театр –
ойын іскерліктерін дамыту жұмыстарының мазмұнының ерекшеліктері.
Балаларға арналған қөркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп
жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.
Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакелдер көрсетеді,
бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф),
саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына
көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін,
олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді өзім 2-3 рет оқимын. Рөлмен
ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға
дайындалуға көмектеседі.
Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ татрының
қойылымын көру көмектеседі. Оны өзім көрсетемін немесе
дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолдан
ылады.
Мен
біртіндеп
ойындарды
кеңейтемін,
драматтизация ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ой
ын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсемін.
-
Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізг
і эмоциясы (күн көрінді – балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады,
орындарында секіреді)
-Кейіпкердің
эмоциясын
біреу
арқылы
іс-
әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын- әрекеті.
-Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын - әрекеті.
-Музыкалық ойын- әрекеті.
-Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын - әрекеті.
-Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын
- әрекеті.
-Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог.
468
-Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау.
-Халық
ертегілеріндегі
бірнеше
кейіпкерлерді
драматизациялық
ойындармен әрекеттеу.
Ойнау дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.
Бірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену.(жақсылықпен қарайтын,
аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).
Екінші топ. «Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену.
(мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену.
Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас
жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рөлдер ойнау.
Балабақша балаларына арналған театрландырылған ойындар әртүрлі болады және жас
ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының
асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін,
қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды,
санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп
отырылды. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе
құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары
кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп
ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасалады.
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-
сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде
олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту
сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен
байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры
толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де
қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана,
құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық
ертегілерінен көріністер қойылды.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін
жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие
жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде
ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ
уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар
қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін,
шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы
мен
белсенділігін
арттырды.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-
өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. Алматы-2004ж
2.
«Отбасы және балабақша» журналы. 2012ж
3.
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі. Алматы-2009ж.
4.
«Мектепке дейінгі тәрбие» журналы. 2012, №2 басылым.
КЕМШІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ
469
Ә.А. Мухина; Г.З. Кенжебекова
№ 101 ҚМКК «Аяла» балабақшасы
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар күн санап артып келе жатқаны жаңалық емес.
Оның ішінде күрделі кемістігі бар балалар көбеюде. Кемістіктер себебі толып жатқан зиянды
факторлармен түсіндіріледі.
Кемшіліктері бар балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелердің барлық түрлері бар. Себебі
мүмкіндігі шектеулі балалар санының артуы арнайы мекемелер түрлерінің ашылу
қажеттіліктерін туғызады. Олар: арнайы балабақшалар, арнайы мектеп- интернаттар,
реабилитациялық
орталықтар,
педагогикалық-психологиялық
түзету
кабинеттері,
логопедиялық кабинеттер, түзету орталықтары, т.б. Барлық арнайы мекемелердің мақсаты
мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік
қолдау жасау, олардың кемістіктерін түзету, қоғамға бейімдеу және оңалту, кәсіби бағдар беру
жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады. Мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер
ететін факторлардың бірі оның отбасы. Отбасының мүгедек баласына жұмсалатын қосымша
шығында рына байланысты туындайтын материалдық мәселелерден басқа,мұндай
отбасыларында ажырау саны ӛте жоғары. Толық емес отбасыларында мүгедек балаларды
тәрбиелеу қиындыққа әкеліп соғады.
Медициналық әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік қызметкерлердің
араласуынсыз іске асыру мүмкін емес. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысының
негізгі функцияларына заңгерлік, медициналық, психологтік, педагогтік және басқа да
мамандықтар бойынша кеңес беру, материалдық кӛмектер ұйымдастыру жатады. Әлеуметтік
қызметкер мүгедек балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психокоррекциалық
қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді. Социумдағы әлеуметтік жағдайды
зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-
педагогикалық, психологиялық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
Жаңа қоғамдағы бала мүгедектігің мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырылуы
керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу, бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін
медициналық қызмет санасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық-
генетикалық мекемелер ашу арақылы іске асыру. Екіншіден – мүгедек баларды әлеуметтік
оңалту, бұл-әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу арқылы іске асыруда /1, с. 45/.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл
болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де
қарым-қатынас жасауын қиындатады.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауьпқуына әкеп
соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға
қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның
маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді.
Кез келген отбасында кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы
деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық
оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің
«Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың отбасында ерекше саналып, оның
айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындап отыратындықтары туралы жазады. Одан әрі дене
кемістігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметгік көзқарасты қажет
етеді.
Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін буынынан
сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр
жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай
жайттарды өздерінің үнсіз мойындауынан және олардың Табиғи кемістігін күнделікті бақылау
мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады. Осы уакытқа
470
дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың
жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәселе деп саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның
кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы
табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар
бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады
деген ұшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып тастаса, екінші
бүйрегі жүмыс істейді және ол екі бүйректің де жұмысын атқарады деп санады. Қысқасын
айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық мәселелерге ат үсті қарап,
оларға тек медициналық тұрғыдан ғана жауап берді: соқыр – көзі көрмеушілік, ал
саңырауқұлағы естімеущілік деп саналып, мәселенің түйіні соқыр итпен, саңырау қарсақ
жайында айтып отырғандай немқұрайды көзқараста болды. Бұл ретте ескерусіз қалған бір
жайт бар. Ол хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке басына тікелей қатысты деп саналмай,
оны әлеуметтік фактор ретінде қарастырған орынды. Өйткені дүниедегі болмыс пен адамның
тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене
мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады.
Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан сыртқы ортаға, онан
қайтып адамның өзіне оралады. Адамның қарым-қатынасы әлеумет ортасы болмаса жалаң
күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Көз бен құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет
атқаратын органдардың қатардан шығып, қоғаммен байланыстың үзілуі деп тусіну керек.
Мұндай кемістік адамның мінез- құлқының белгілі қалыпты жағдайдан ауытқуы болып та
саналады. Психология мен педагогикада балалардың кемтарлығы жайында мәселені
әлеуметгік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай,
адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды кажет етеді. Бұл мәселенін мән-жайын
жете бағалап, оны аса қажетті деп қараған әділетгі болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан
баланын дене кемістігін әлеуметтік сынық ден санайтын болсак, онда педагогикалық тұрғыдан
сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек. Мұндай ойдың шындығын растау
ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік. Ең алдымен біздер дене кемістігі
жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Мұндай түсінік бойынша та-биғаттын
өзі кеміс мүшенін қызметін организмнің өзге мүшелерінін жетілуіне орай қоса атқарады да,
адам бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бұл биологиялық тәсіл делінеді. Мысалы,
соқырдың көзі көрмесе де, ол тіршілік еткен ортасына икемделіп, нәрселердің түр-түсін
саусақтармен сипау арқылы танып біледі десе, ал мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да,
ол өзгелердің айтқан сөзін еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінеді дейді. Кемтар
адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда
арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың көру сезімінің
бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында
айтарлықтай айырмашылығы жоқ екендігін көрсетеді. Осы мәселеге мылқау мен
саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен кем емес, кейде ондай адамдар біздердің
көрмеген нәрселерімізді көре алады, ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда
төмен немесе олардан артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол
бара-бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский /2,
с. 21/.
Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың көру қабілеттілігі сол
сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың
тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты. Соқыр
адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы
ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп,
сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдардың
Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі.
Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр.
Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы
жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-
471
бірінің ешқандай айырмашылығы жок. Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-
шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте
мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне
байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына да байланысты.
Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты
ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес /3, с. 78/.
Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып «көзімен естуді» үйренеді. Мұңдай ерекшелік
көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-
қозғалысына қарап, оны әрбір затпен салыстыра отырып оқуына икемділігінде. Мұндай
процестердін барлығы И.П.Павлоп пен В.М.Бехтерев негіздеген шартты рефлекс пен оның
жасау механизмімен ұштасты. Бір мезгілде екі түрлі тітіркендіргіштің әсер етуінен белгілі
дыбыс пен нүктелердің өзара қисындасуы сан рет қайталану нәтижесінде сол нүктелерде
өздігінен уақыттың тоғысуына орай тітіркену тудырып отырады. Жаңадан пайда болатын
сипау сезімі бұрынғы дыбыс тітіркендіргіштеріне ұқсас түрде бір мезгілде қайталанып
отырады. Соған орай нүктелерді неғұрлым шапшаң ажырата білу тежелу заңдылығына сәйкес
шартты рефлекстің жасалуыи қамтамасыз етеді.
Жалпы психологаялық жағынан кемістік – әлеуметгік мінез-құлықты өзгертуге ықпал
етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер өмірмен байланысты болудың
нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың
қайта құрылуына және оның өзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың психологиялық
ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағаңда соқырлардың әлеуметгік ортадағы жағдайы түрліше
болады. Соқырлық америка фермерінің қызы мен украин помещигінің ұлы үшін, неміс
герцогінің әйелі меи орыс шаруасының және Швеция пролетариаты үшін әр қилы фактілер
сипатында болады. Олардың бұл жайында ұнымдары да түрліше болады.
Сондықтан кемтар балалардың тәрбие мәселесін әлеуметтік жағдай тұрғысынан қарау
керек. Кемтар баланың әлеуметтік тәрбиесінің негізі оның табиғи жетіспеушілігін –
әлеуметтік жолмен толықтыру әдісі -бірден-бір ең дұрыс жол. Арнаулы тәрбие әлеуметтік
талапқа бағынуы керек. Сөйтіп біртұтас мәселенің белгілі құрамды бөлігі ретінде қаралуға
тиіс. Кемтар балалаларға ерекше тәрбие беріп оқыту қажеттілік біз бекерлей алмаймыз,
керісінше соқырды оқьш үйренуге, саңырауды ауызша сөйлеуге үйренуге үшін арнаулы
педагогикалық техника, ерекше әдіс керек.
Ерте ме, кеш пе адамзат соқырлықты да, саныраулықты да, кемақылдықты да женуге
тиіс деген сенімдеміз. Бұл мәселеде медицина мен биологияға қарағанда, әлеуметтік және
педагогикалық жағынан жеңіске бұрынырақ жетуі мүмкін. «Кемістігі бар бала» деген ұғымнан
келешекте педагогика айтуға ұялатын шығар. Сөйлейтін саңырау, жұмыс істейтін соқыр –
өмірге тең араласқандар өздерін кемтармыз деп айтуға және олай деп айтқызуға жол бермейді.
Соқыр, саңырау, кемақыл, кемтар болмаудың сыры ет қолымызда. Келешекте кемтар деген
ұғымды біржолата ұмытатын боламыз. Адам нәсілінің жетілуіне сәйкес, әлеуметтік
құрылыстың өзгеруіне сәйкес адамзаттың өмір сүру ортасы жақсарады. Сокырлық
саңыраудың саны азаяды. Мүмкін олар тіптен болмас. Бірақ олардан да бұрын әлеуметтік
жеңіске жететіні ақиқат. Соқырлық пен саңыраулық дене кемшілігі ретінде жер бетінде көпке
дейін сақталуы мүмкін. Бірақ олар кемтар болмайды, себебі, кемтарлық әлеуметтік ұғым,
«қеміс» деген соқырға, саңырауға, кемақылға жабысқан қаспақ сияқты. Ол адам қатты
сілкінсе, бойынан түсіп қалады. Соқырлық өздігінен баланы кемтар жасамайды, оның кемтар
болуы өмір сүрген әлеуметтік ортасына байланысты /4, с. 167/.
Әлеуметтік тәрбие баланың кемтарлығын толықтырады. Бір кезде соқыр баланы кемтар
десек, біздің жанымыздағылар бұл ойымызды қостай қоймайтын сәтке жетеміз. Бірақ соқыр
деп, саңырауды саңырау деп атау ғана қалуы мүмкін. Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі
шектеулі балалар өзінің қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып
және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда өмір
сүруде.
472
Достарыңызбен бөлісу: |