Даму психологиясы



Дата25.04.2023
өлшемі42,28 Kb.
#86922
Байланысты:
1,032


1. Даму психологиясының зерттеу объектісі.
Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы – педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.


Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.


Қазіргі заманда даму психологиясының ғылыми-практикалық пәні статус алуда. Осыған орай оның міндеті теориялық және практкалық міндет екенін атап көрсету керек.


Даму психологиясында теориялық міндетке:


- Негізгі психологиялық критерияларды және баланың, жастық, жасөспірімдік, ересек, кәрілік кезіндегі мінез-құлықты зерттеу;


- Психологиялық процестің жастық динамикасын, жеке адамның тарихи-мәдени, этикалық, әлеуметтік-экономикалық міндетіне, әртүрлі білім беру мен тәрбиеге байланысты зерттеу;


- Дифференционалды – психологиялық түрліліктерді зерттеу;


Ғылыми-практикалық міндетке, тағы қатыстылары:


- Толық мазмұныменметодикалық база құру және психологиялық дамудың әртүрлі кезеңіндегі антогенезді зерттеу үшін;


- Жастық сәтсіздіктерге орай психологиялық көмек беретін ұйым құру.



2. Онтогенез ұғымына түсінік.
Онтогонез[1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.
3. Даму парадокстары туралы пікірлерге сипаттама жасап,
кесте түрінде көрсету, мысалдармен толықтыру.
Парадокс (гр. рara – қарсы, doxа – пікір) – әдеттен тыс, күтпеген, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір; қарапайым, дәстүрлі пікірмен келіспейтін, күтпеген жағдайдағы, үйреншікті емес талқылау; қабылданған көріністерге сәйкес келмейтін өзгеше құбылыс. Парадокс термині антикалық философияда ерекше тың жаңа пікірді сипаттау үшін пайдаланылған.
Парадокстердің кездесуінің екі жағы бар: біріншіден, парадокстер теория негізінің дұрыстығына күмән келтірсе, екіншіден, антиномиялардың шешімін іздеу теорияны толық жетілдіруге және логика мен математиканың негізін зерттеуде құнды жаңалықтар ашуға бағыттаса. Парадокс адамдардың қарым-қатынастарында, ойлау өмірінде үлкен орын алғанымен, әдетте екіұшты ой деп қабылданады.
Милеттік Эвбулидтің “Өтірікші” деген парадоксы бойынша: «егер өтірікші өзінің өтірігін мойындаса, онда шындықты айтқаны. Демек, өтірікші өтірікші емес» деген қорытынды шығады.
4. Дамудың гетерохрондығы ұғымына түсінік беріп, мысалдармен дəлелдеу.
Дамудың гетерохрондығы дегеніміз – жеке ағзалар мен қызметтердің даму фазаларының уақыт бойынша сəйкес келмеуі. Мəселен, қиялдың дамуы, ерік əрекеттері қызметтерінің дамуына сəйкес келмейді. Алғашында ғалымдар даму фазаларының өзгерістері мен гетерохрондығының сəйкессіздігі – жетілу мен өсу үдерістеріне ғана тəн құбылыс деп есептеген. Алайда, бұл құбылыстардың инволюциялық үдерістердің гетерохрондығы жəне жеке жүйелердің қартаюының əркелкілігі сияқты қарттықта көрініс беретінін тəжірибе аңғартты.
Адамның жасы əрқашан биологиялық, тарихи жəне психологиялық уақыттың конвергенциясы болып табылады. Гетерохрондықтың бірінші көрінісі – адамның өмірінде тұрақтылықтың, кейде тіптен тұлғалық құрылымда ешбір күрделі өзгеріс орын алмайтын тоқырау кезеңдерінің, тұлға үшін тұтастай өмір мен оның мақсаттарының мəні ашылатын тағдырлы мезеттермен жəне қарқынды даму кезеңдерімен алмасып отыруы. Мұндағы гетерохрондық дамудың тұрақты кезеңдерінің дағдарыстармен орын ауыстыруымен сипатталады. Гетерохрондықтың екінші көрінісі тұлғалық жəне танымдық аумақтар дамуының арақатынасына байланысты. Онтогенезде тұлғалық аумақтың тұрақтылығы мен өзгермеушілігі жағдайында интеллектінің қауырт даму кезеңдері жəне интеллектілі даму деңгейінің тұрақтылығында қайта құрылу кезеңдері алмасып отырады. Гетерохрондық мотивациялық-тұлғалық жəне операциялықтехникалық аумақтар дамуының біркелкі болмауымен анықталады (Д. Б. Эльконин). Аталмыш заңдылықтың қайталануында нақты 11 мəні бар даму механизмінің құпиясы бар. Жасөспірімдік кезеңде тұлғаның дамуы дамудың гетерохрондығының тамашы мысалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет