Антиципация– (латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді ) адам тексттің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.
Плато – « француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.
Автоматизм – (грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.
Доминанта – (латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыратын алапты айтамыз.
Адаптация – (латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.
Сенсибилизация– (латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.
Синестезия – (грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.
Спектр– (латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді ).
Пигмент – (латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді).
Диссонанс – (француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.
Консонанс– (француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.
Резонанс – (латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді).
Кинестезия– (грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.
Статика – (грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.