Даму психологиясының теориялық негіздері жоспары



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі43,38 Kb.
#65064
  1   2   3
Байланысты:
1.docx


ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жоспары:
1.1. Даму психологиясының пəні мен міндеттері
1.2. Даму ұғымы
1.3. Даму психологиясының əдістері.
1.1. Даму психологиясына жалпы сипаттама

Адам іс-əрекетінің күрделенуінен жəне психология мен басқа да ғылымдар құрылымындағы ғылыми мəліметтердің жинақталуынан əртүрлі, ең алдымен əлеуметтік факторлармен міндеттелген өзгерістердің үздіксіз үдерісі жүруде. Бұл өзгерістер бір жағынан психологияның жеке салаларының тармақталуында, енді бір жағынан, əрі психологияның ішінде, əрі оның басқа да шектес ғылымдармен тоғысуында зерттеулердің əртүрлі салалары мен бағыттарының бірігуінде анықталады.


Даму психологиясы психология ғылымының азды-көпті оқшауланған саласы ретінде ХІХ ғасырдың соңында пайда болып, жеке тұлғаның өмір барысындағы психикалық даму үдерісінің жас ерекшеліктері мен динамикасын анықтауға бағытталған.
Даму психологиясының пəні адамның онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын жəне дамудың əрбір жас ерекшелік кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның жəне оның ісəрекетінің даму ерекшеліктерін зерттейді.
Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің жүктіліктен жəне жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге дейінгі дара даму ретінде анықталған ұғымға сəйкес келмейді. Мұндай айырмашылық кездейсоқтық емес. Психологиядағы тұжырымдамаға сəйкес психика жəне психикалық бейнелеу дүниеге келу дағдарысын білдіреді. Бейнелеудің психикалық формалары дүниеге келу мезетінде пайда болады. Пренатальды даму кезеңі (жүктілік мезетінен жаңа өмірдің пайда болуын дейін) бейнелеудің өзге формалары мен дамудың өзге түрлерімен сипат-талады, сондықтан адам дамуының жалпы жіктелуіне аталмыш кезең қосылмаған.
Курс негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: жас ерекшелік психологиясының пəні, міндеттері, əдістері; бала мен ересектің психикалық дамуының детерминанттары (қозғаушы күштері, себептері мен шарттары); жекелеген жас ерекшелік кезеңдерінің сипаттамалары.
Жас ерекшелік психологиясына деген қызығушылық дамудың ғажайып болып көрінетін оғаш пікірде анықталатын психиканың онтогенезде даму заңдылықтарын зерттеудің теориялық проблемаларымен, сондай-ақ қоғамды жас ерекшелік психологиясына жетелейтін жаңа ұрпақты оқыту мен тəрбиелеудің практикалық міндеттерімен де шартталады.
Ең алдымен, ғасырлар бойында зерттеушілерді, философтарды, қоғам қайраткерлерін толғандырған дамудың қарамақайшылықтарын қарастырып көрелік.
Бірінші қарама-қайшылық: онтогенездің басындағы қауқарсыздықтан есейген шақтағы зор қуаттылыққа дейін. Барлық дүниеге келген тірі организмдердің арасындағы ең қауқарсыз түрінен есейген шағында үйлесімді, интеллектілі қуатты тұлға қалай қалыптасады? Адамды ең мүлтіксіз ететін не нəрсе?
Екінші қарама-қайшылық: орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы жəне психикалық дамудың жетістіктері. Жануарлар психикасы мен мінез-құлықтарының дамуы орталық жүйке жүйесінің дамуына байланысты екендігі көпшілікпен мойындалған. Кроманьондықтар уақытынан бері адамның морфологиялық келбетінің мүлде өзгермегендігі белгілі. Түрдің тұрақтылығында адамзаттың тұтастай жетілуінің себебі неде?
Морфофизиологиялық қасиеттердің тұрақталығында адамның жаңапсихологиялық қабілеттері: логикалық ойлауы, мағыналы есі, қабылдауы, музыкалық қабілеттеріжəне т.с.с. қалай қалыптасады? Адамзаттың жаңа қабілеттерінің даму механизмдері қандай? Үшінші қарама-қайшылық: тұлға дамуының жеке-дара жолдарының əмбебаптығы, əртектілігі, тұрақтылығы жəне даралық ерекшеліктері. Түр, тек қасиеттері тұрақтылығының сақталуытүрді сақтаудың шарты болып табылады. Адамға нəсіліне, этникалық, əлеуметтік жағдайына қарамастан даму нұсқаларының шексіз əртектілігі орын алған дене ұйымдасуының тұрақты ортақ негізі (сенсорлы жəне перцептивті жүйелердің, танымдық қабілеттердің жəне т.б. қасиеттері) тəн.
Қазіргі заманғы психологияда даму жолдарын түсінудің екі парадигмасы, даму үдерісін түсіндіретін екі теңеу бар:
Баспалдақтар – қалыпты дамудың ықтималды жалғыз жолы;
Ұяшықтар. Біз жолымызды А пунктінен бастап, Б пунктіне əрқайсымыз өз жолымызбен келеміз, яғни бірыңғай нəтижені қамтамасыз ететін даму траекториясы əртүрлі болады. Дамудың дара траекториялардың кеңістігі шектеулі.
Даму қарама-қайшылығы дара нұсқауларға, тұрақтылық пен вариативтіліктің арақатынасына байланысты болады. Бізді бір-бірімізден ерекшелендіріп тұратын тектілік, тұрақтылық, өзгермейтін жəне даралықтың арақатынастары қандай?
Төртінші қарама-қайшылық: дамудың гетерохрондығы немесе біркелкі болмауы. Дамудың біркелкі болмауы, бұл – бірқатар көріністері бар дамудың ортақ заңы.
Адамтану мəселелерін жасау мен жүзеге асыру саласындағы маман, белгілі ресейлік психолог Б. Г. Ананьев адам өмірінің барлық фазалары мен кезеңдері жайлы мəліметтерді қамтитын жəне адамның дара дамуының бірлігін ашатын, адамның жас ерекшелік дамуының біртұтас жүйесін құру қажеттігіне нұсқаған.
Б. Г. Ананьев адамның дара дамуы кез келген басқа ағзаның дамуы сияқты филогенетикалық бағдарламаланған онтогенез деп есептеген. Өмірдің қалыпты мерзімі жəне дара даму кезеңдерінің немесе фазаларының бірізді алмасып отыруы қатаң түрде сол бағдарламамен анықталады.
Адамның онтогенезінде тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы, тіршілік əрекетінің əрқилы реттеушілерінің арасындағы, ағзаның біртұтас құрылымындағы əртүрлі жүйелер, органдар жəне ұлпалар, тканьдар арасындағы көптеген қарамақайшылықтар туындап, жүзеге асырылып отырады.
Сол тектес ішкі қайшылықтардың бір көрінісі – дамудың əркелкілігі, яғни əрқилы психикалық қызметтер, қасиеттер жəне құрылымдар біркелкі дамымай, əрқайсысы жетілуінің, тұрақталуының жəне төмендеуінің өз кезеңдері орын алатын жағдай.
Дамудың гетерохрондығы дегеніміз – жеке ағзалар мен қызметтердің даму фазаларының уақыт бойынша сəйкес келмеуі. Мəселен, қиялдың дамуы, ерік əрекеттері қызметтерінің дамуына сəйкес келмейді.
Алғашында ғалымдар даму фазаларының өзгерістері мен гетерохрондығының сəйкессіздігі – жетілу мен өсу үдерістеріне ғана тəн құбылыс деп есептеген. Алайда, бұл құбылыстардың инволюциялық үдерістердің гетерохрондығы жəне жеке жүйелердің қартаюының əркелкілігі сияқты қарттықта көрініс беретінін тəжірибе аңғартты. Дамудың жеке фазаларының ерекшеліктері тек биологиялық алғышарттармен ғана анықталмайтынын ескерген жөн. Тұқым қуалаушылықтың ұзақ өмір сүрудің маңызды дерегі екендігі белгілі, алайда ол жалғыз дəйек емес: ол тіршілік ету жағдайлары, тəрбиенің, іс-əрекеттің сипатын да қамтиды.
Демек, онтогенезді сөз еткенде, адамның өмір жолын да ескеру қажет, яғни тұғланың белгілі бір қоғамда қалыптасып, дамуының тарихын ескеру қажет. Өйткені əрбір адам нақты дəуірдің замандасы жəне белгілі бір ұрпақтың құрдасы.
Адамөмірінің алғашқыкезеңдерінен-ақ тіршілік пен тəрбиенің əлеуметтік жағдайларына тəуелді болады. Тұлғаның қалыптасуы – индивидтің адам өмірінің екінші-үшінші жылдарында қарқынды жүретін ерте əлеуметтенуінің ұзақ жəне көп фазалы үдерісі болып табылады. Осылайша, тұлғаның тарихы дүниеге келу мерзімімен белгіленсе де, кешірек басталады.
Адамның индивид (дене дамуы), тұлға (азаматтық даму), танымның (ақыл-ойдың дамуы) жəне еңбектің (еңбекке қабілеттілік) субъектісі ретінде ер жетуінің мерзімдері сəйкес келмейді. Дамудың осы бағыттарының жиынтығы адам даралығының қалыптасуы үшін негіз болып табылады.
Осылайша, адамның жас ерекшелік есебі хронологиялық жастың есебіне ғана сүйенбейді, сонымен бірге ол төмендегідей өлшемдерді де қамтиды:
1) Адамның жас ерекшелік, психологиялық, əлеуметтік өлшемдерін қамтитын өмір жолы.
2) Мəдениет пен қоғамның бала тəрбиесінің дəстүрлі əдістері, отбасының құрылымы, басым бағдарлар, ұлттық психологияның ерекшеліктері тəуелді болатын жалпы қасиеттер.
3) Адамның дамуы, сол буынының ерекшеліктері орын алған тарихи жағдаят (қазіргі заманғы оқушылар мен олардың 30-40 жылдардағы құрдастарының мінез-құлқы мен даму деңгейлерін акселерацияның ықпалынсыз салыстыруға болмайды).
4) Адамдардың даралық-типтік, атап айтқанда дифференциялық-психологиялық ерекшеліктері (жыныстық, дене ерекшеліктері, жүйке жүйелерінің түрлері, жетілу ырғақтары).
Осылайша, адамның жасы əрқашан биологиялық, тарихи жəне психологиялық уақыттың конвергенциясы болып табылады. Гетерохрондықтың бірінші көрінісі – адамның өмірінде тұрақтылықтың, кейде тіптен тұлғалық құрылымда ешбір күрделі өзгеріс орын алмайтын тоқырау кезеңдерінің, тұлға үшін тұтастай өмір мен оның мақсаттарының мəні ашылатын тағдырлы мезеттермен жəне қарқынды даму кезеңдерімен алмасып отыруы. Мұндағы гетерохрондық дамудың тұрақты кезеңдерінің дағдарыстармен орын ауыстыруымен сипатталады.
Гетерохрондықтың екінші көрінісі тұлғалық жəне танымдық аумақтар дамуының арақатынасына байланысты. Онтогенезде тұлғалық аумақтың тұрақтылығы мен өзгермеушілігі жағдайында интеллектінің қауырт даму кезеңдері жəне интеллектілі даму деңгейінің тұрақтылығында қайта құрылу кезеңдері алмасып отырады.
Гетерохрондық мотивациялық-тұлғалық жəне операциялықтехникалық аумақтар дамуының біркелкі болмауымен анықталады (Д. Б. Эльконин). Аталмыш заңдылықтың қайталануында нақты мəні бар даму механизмінің құпиясы бар. Жасөспірімдік кезеңде тұлғаның дамуы дамудың гетерохрондығының тамашы мысалы.
Психологтар адамның өмір жолын толықтай зерттеп болмайынша, маңызды өзгерістер жетілудің алғашқы сатыларында жəне қарттықта орын алатыны сияқты; есею ең жоғары дəрежедегі тұрақтылықтың сатысы ретінде есептелінген. Алайда, соңғы жылдардағы зерттеулер ересектің дамуының мақсаты жəне ақыр соңы болмайтынын көрсетті: даму үдерісі шексіз, өйткені даму тұлғаның тіршілік етуінің негізгі əдісі болып табылады.
Бесінші қарама-қайшылық: адам адамзат қоғамынан тыс ортаға түсетін болса, оның жағдайы қандай болмақ? Оның психикасы, ақыл-ой қабілеттері, тұлғасы дамуын тоқтатпай ма?
Маугли-балалар, яғни жануарлар ортасында тəрбиеленген балалардың психикасы, адамның адами қоғамнан тыс дамуының салдарын көрсететін айқын мысалдың бірі. Аталмыш жəйтке қатысты ғылыми дəлелденген деректер өте аз болғанымен, аңыз өте көп.
Мəселен, Амала мен Камала атты үш-төрт жəне тоғыз жас шамасындағы, үнді джунглилеріндегі қасқырлар тобырында табылған қыздардың тағдыры жоғарыда айтылған жайтқа ең дəлелді дерек. Олар қасқырлардың барлық қылықтарынмеңгерген, адамның тілін игермеген жəне тік жүруге дағдыланбаған. Оларды қайтадан тəрбиелеп, əлеуметтік ортаға бейімдеуге қаншалықты күш салынғанымен, өкінішке орай қыздардың біреуі араға көп уақыт салмай қайтыс болса, екіншісі өз жасына лайық дамудың біршама деңгейіне қол жеткізумен ғана шектелген.
Ғылыми əдебиетте авейрондық жабайының жағдайы тамаша баяндалған (Франция, 1799). Авейрон маңындағы тұрғындар адамныңтілін түсінбейтін, сөйлемейтін, төрт аяқтапжүретін, адамға тəн қарапайым дағдылар мен қолмен жасалынатын əрекеттерді меңгермеген он екі жас шамасындағы ұл баланы тауып алады. Баланы Виктор деп атайды. Оның тағдыры балалар психологиясы мен дефектологиясының дамуына қомақты үлес қосқан дəрігер, гуманист, педагог, психолог Ж. М. Итардтың қызығушылығын тудырады. Зерттеушінің ақыл-ойы кем балалардың тəрбиесіне арнап құрастырған əдістемелері əлі күнге дейін қолданылуда.
Баланың тағдыры Ж. М. Итард жəне сол кезеңнің жетекші қайраткерлері үшін 1789-1799 жж. Француз төңкерісінің барлық адамдардың бастапқы теңдігі жайлы негізгі ұранының пайдасына шешілді. Біздің əртүрлілігіміз қабілеттеріміздің əртүрлілігінен емес, əлеуметтік жағдайларымыздың əртүрлі болуында.
Ж. М. Итард Вик-тордың интеллектісі сақтаулы деп есептеген, өйткені ол орманда адамдардың қолдауы мен қорғауынсыз тірі қалмас еді. Бастапқы сабақтарда балада біршама алға жылжу байқалады, ол фразаларды түсіне бастайды, құралдармен қарапайым амалдарды жəне тұрмыстық əрекеттерді атқара бастайды. Алайда біраз уақыттан соң, оның дамуы тоқтап, жоғары психикалық қызметтер – жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру мүмкін болмады. Сонымен бірге жыныстық жетілу кезеңінде мінез-құлықтың агрессивтілігі мен оғаштығы орын алады.
Қырық жас шамасында Виктор қайтыс болады. Өмірдің өзі жасаған осындай еріксіз «эксперимент» адамның психикалық дамуының себептері мен шарттарына қатысты проблемаларға назар аударуға міндеттеді. Ол үшін əлеуметтік орта мен тəрбиенің мəні жайлы мəселе кеңінен талқыланып, кейінірек қоғамдық білім беру жүйесін құрудың əлеуметтік проблемасына алмасады. Тұрғындардың барлығына бірдей қолайлы мектептерді құру қажет пе əрі олар қандай болуы тиіс? Егер біз ерте балалық шақта адамзат қарым-қатынасының молшылығынан айырылатын болсақ, қандай күй кешер едік?
Аңызға сүйенсек германдық княздің ұлы Каспар Хаузердің оқиғасы тағы бір ерекше мысал бола алады. Тақтың мұрагерлігіне қатысты қастандықтардың салдарынан оны нəрестелік шағында басқа баламен алмастырып, төгілген қанның өзінен қорыққандықтан, баланы тірі қалдырғанымен қатаң түрде оқшаулап, тұтқында ұстайды. Жастық шағында ол күтпеген жерден еркіндікке шығады. Каспар Хаузер көшеден табылады, ол уақыт пен кеңістікте бағдарлана алмағанымен, сөйлей алатын болады. Тəрбиенің барысында Каспар Хаузер Викторға қарағанда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Алайда оның тағдыры қыршыннан қиылып, бірнеше жыл өткен соң ажал құшады.
Қарым-қатынастың жетіспеушілігінен психикалық дамудың бұзылуы депривация немесе госпитализм атауына ие болады. Депривация дегеніміз – қайсыбір қажеттіліктің шектеулілігі, аталмыш жағдайда баланың өзге адамдармен қарым-қатынастың жетіспеушілігі. Неліктен сепарация (баланы жақындарынан айыру) жəне депривация оған соншалықты жойқын əсер етті? Сонымен, баланың онтогенезде психикалық дамуының қозғаушы күштері мен себептері жайлы мəселе теориялық тұрғыда əрі əлеуметтік-практикалық жоспарда маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет